Бейорганикалық химия практикумы


Тотықсыздандырғыштар-орталық атомы төменгі бір тотығу дәрежесінде болатын қышқылдар мен сәйкес тұздар



бет83/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

4.Тотықсыздандырғыштар-орталық атомы төменгі бір тотығу дәрежесінде болатын қышқылдар мен сәйкес тұздар. K2Cr2O7 ерітіндісінің 2-3 тамшысына 4-5 тамшы (NH4)2S қосып, қыздырыңдар. Хром (ІІІ) гидроксиді мен күкірттен тұратын тұнбаның түсін анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
5.Диспропорциялану реакциясы. Сілтілік ортада йодтың диспропорциялануы. Сынауыққа 1-2 түйір йод кристалын салып, 3-5 тамшы NaOH немесе KOH ерітіндісін қосып қыздырыңдар. Ерітіндінің түсі қалай өзгереді? Сілтілік ортада йодтың тотығу өнімі натрий немесе калий иодаты болатынын ескере отырып, реакция теңдеуін жазыңдар.
Суыған ерітіндіге әлсіз қышқылдық орта түзілгенше сұйытылған H2SO4 немесе HCl қосыңдар. Сонда не байқалады? Кері процесті диспропорциялану деп атауға бола ма?
6.Молекулаішіндік тотығу-тотықсыздану реакциялары. Аммонийдің молекулаішіндік тотығу-тотықсыздануы. Құрғақ сынауыққа 2-3 микроқалақша аммоний дихроматын салып, реакция басталғанша қыздырыңдар. Реакцияның ерекшелігіне көңіл аударыңдар. Мұнда қандай өнімдер түзіледі? Реакция теңдеуін жазып, ондағы тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.

10. КОМПЛЕКСТІ ҚОСЫЛЫСТАР


Бұл бөлімде комплексті қосылыстардың алынуы мен қасиеттері қарастырылады. Жұмысты орындау үшін алдымен комплексті қосылыстар туралы, олардың құрылысы, тұрақтылығы және тотығу - тотықсыздану қасиеттері туралы түсінік болуы керек. Жай қосылыстарды, иондарды және молекулалық топтарды жолымен алынған қосылыстар комплексті немесе координациялық қосылыстарға жатады. Комплексті қосылыстарда орталық орынды комплекс түзуші алады, ол әдетте атом және зарядталған ион (олар көбінесе металдар) болады. Комплексті қосылыстарды көбінесе Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі d-элементтер түзеді. Осы элементтердің катиондарының 8 ден 18 дейін электрондары болады, олар комплексті иондар түзе аниондар мен полюсті молекулаларды поляризациялайды. Бұлар Ag+, Au+, Cu2+, Hg2+, Cd2+, Zn2+, Fe2+, Fe3+, Co3+, Nі2+, Cr3+, Pt4+ және басқалары. Дегенмен, басқа элементтердің де катиондары белгілі бір жағдайларда комплекс түзуге бейім.


Комплекс түзушінің айналасындағы бөлшектер (иондар немесе молекулалар) лигандтар деп аталады Әдетте лигандтардың ролін аниондар және полюсті молекулалар атқарады. Кез-келген жағдайда олардың ең кемінде бір бөлінбеген валентті электрон жұбы болады. Мысалы, H2O, NH3, NO, CO, Cl-, Br-, І-, OH-, CO32-, S2O32-, CN- және т.б. Комплекс түзуші және лигандтар комплексті қосылыстардың ішкі сферасын құрайды. Ішкі сфераға кірмей қалған және комплекс түзушіден алшақ орналасқан иондар комплексті қосылыстың сыртқы сферасын құрайды. Сыртқы сферада көбінесе сілтілік және сілтілік жер металдардың, аммонийдің және т.б. иондары болады. Кейбір комплексті қосылыстардың сыртқы сферасы болмайды. Олардағы ішкі сфераға кіретін иондардың теріс заряды комплекс түзушінің оң зарядына тең. Комплексті қосылыстардың формуласын жазарда комплекс түзуші мен лиганд, яғни ішкі сфераны тік жақшаға алып жазады. Бұл ерітінділерде комплексті ион оны құрайтын иондарға және молекулаларға диссоциацияланбайтынын көрсетеді. Комплексті ион заряды комплекс түзуші мен лигандтардың алгебралық қосындысына тең.
Комплексті қосылыстар диссоциацияланғанда комплексті иондар түзеді, мысалы: (Ag(NH3)2(Cl((Ag(NH3)2(++Cl-.
Мұндай диссоцация әдетте толығымен жүреді. Комплексті иондар өз кезегінде екіншілікті диссоциацияға ұшырайды:
(Ag(NH3)2(+(Ag++2NH3-.
Бұл диссоциациялану әдетте, аз мөлшерде жүреді. Әрекеттесуші массалар заңын пайдаланып, комплексті иондардың тұрақсыздық константасының мәнін табуға болады:

Комплексті ионның тұрақсыздық константасы ішкі сферадағы комплексті қосылыстардың тұрақтылығын көрсетеді. Кейбір комплексті иондардың тұрақсыздық константасының мәні қосымшадағы кестеде берілген.
Комплексті ионның диссоциациясы қайтымды процесс болғандықтан, сферағы ионды байланыстырып, комплексті бұзуға болады. Мысал ретінде НNO3-тің (Ag(NH3)2(Cl әрекеттесуін қарастырамыз.
(Ag(NH3)2(Cl+HNO3 =AgCl(+2NH4NO3.
Комплекстің бұзылуы, тұрақсыздық константасының мәні кіші кейбір тұрақты комплекс түзілгенде де іске асады.
Комплексті қосылыстардың қосылыс бөліктерінің кеңістікте орналасуы құрамындағы молекула түгелімен өзгермей бұзылуы жиі кездеседі. Мысалы, CrCl3(6H2O қосылысына үш түрлі зат сәйкес келеді. Күлгін тұздың молекуласындағы, барлық алты су молекуласы ішкі сферада болады (Cr(H2O)6 (Cl3. Қыздырғанда су молекуласының бір бөлігі ішкі сферадан шығып кетеді де, орнына хлорид иондары келе бастайды, сөйтіп (Cr(H2O)5 Cl(Cl2(H2O - ашық-жасыл түсті, (Cr(H2O)4 Cl(Cl(2H2O-қою-жасыл түсті изомерлер түзіледі.
CrCl3(6H2O қосылысындағы изомерия гидраттық изомерия деп аталады. Комплексті қосылыстарда, жоғарыда көрсетілгендей басқа да изомерия түрлері байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет