5.Комплексті қосылыстардың тотығу-тотықсыздануы
Керекті құрал-жабдықтар мен реактивтер: стақандар, электр плитасы, калий гексацианоферратының (ІІ) ерітіндісі, калий гексацианоферратының (ІІІ) ерітіндісі, темір (ІІІ) хлоридінің ерітіндісі, сутек пероксиді, калий гидроксиді, темір (ІІ) сульфатының кристалдары, хлор суы.
|
а) 2-3 мл хлор суына 2-3 тамшы K4(Fe(CN)6( ерітіндісін құйыңдар. Реакцияға түспей қалған хлор ұшып кеткенше ерітіндіні қайнатыңдар. Хлор түгел ұшып кеткеннен кейін ерітіндіге FeSO4 кристалын (немесе Мор тұзын) қосыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
б) 1-2 мл K3(Fe(CN)6( ерітіндісіне бірнеше тамшы темір (ІІІ) хлоридін тамызыңдар. Ерітіндінің түсін байқап, 1-2 мл сутек пероксидін және калий гидроксидін қосыңдар. Ерітіндінің түсінің өзгеруін бақылаңдар. Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. Бірінші және екінші комплексті қосылыстың гибридтену түрі мен электрондық құрылымын ВБ әдісі тұрғысынан түсіндіріңдер. Комплексті қосылыстың электрондық құрылымы негізінде олардың тұрақтылығының әртүрлілігін түсіндіріңдер. Олар комплекстердің қай түріне (жұптасқан спинді немесе бос спинді) жатады?
6. Хром (ІІІ) хлоридінің гидраттық изомериясы
Керекті құрал-жабдықтар мен реактивтер: Сынауықтар, қалайы (ІІ) хлоридінің ерітіндісі, хром (ІІІ) хлориді гексагидратының кристалдары.
|
CrCl3(6H2O бірнеше кристалын 1-2 тамшы SnCl2 қатысында суда ерітіңдер. Ерітіндіні қыздырып, оның түсінің күлгіннен жасылға дейін өзгеруін бақылаңдар. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер. Хром (ІІІ) хлоридінің изомерлерінің диссоциациялану теңдеуін жазыңдар. Изомерлердің қайсысының электрөткізгіштігі басымдау болады? Изомерияның қандай түрлерін білесіңдер? Мысалдар келтіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |