Бейорганикалық химия практикумы


Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер



бет88/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: тұз қышқылы (сұйыт., конц.), калий перманганатының кристалдары, натрий хлориді, металдық сүрме, боялған сұйықтық, марганец диоксиді, қызыл фосфор, мысты фольга, скипидар, май шам, күкірт қышқылы (конц.), екі құрғақ сынауық, газшығатын түтік, калий дихроматы.

Хлордың алынуы
1. Калий перманганатының тұз қышқылымен әрекеттесуі.
Сынауыққа калий перманганатының 2-3 кристалын салып, тұрғыға орнатыңдар да, оған концентрлі тұз қышқылын қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Хлорды көп мөлшерде алу үшін реакцияны Вюрц құтысында жүргізу керек. Жұмысты тартқыш шкафта жасаңдар.
2. Марганец диоксидінің тұз қышқылымен әрекеттесуі.
Марганец диоксидінің аз мөлшерін сынауыққа салып, оған концентрлі тұз қышқылын құйыңдар.
Қолмен желпіп, хлор иісін абайлап иіскеп көріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.


3. Калий дихроматының тұз қышқылымен әрекеттесуі.
Сынауыққа ұнтақталған калий дихроматын аздап салып, концентрлі тұз қышқылын құйыңдар. Қоспаны жаймен қыздырып, не байқалғанын көріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.


4. Марганец диоксидінің және натрий хлоридінің күкірт қышқылымен әрекеттесуі.
Сынауыққа марганец диоксиді мен натрий хлоридінің аздаған қоспасын салып, тамшуырмен бірнеше тамшы концентрлі күкірт қышқылын қосыңдар. Қоспаны жаймен қыздырып, не байқалатынын қараңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Хлорды алудың барлық жоғарыда көрсетілген әдістердегі жалпы ұқсастықтарын көрсетіңдер. Осындай жолмен бром, йод алуға бола ма? Егер болса, реакция теңдеулерін жазыңдар.
Бос хлордың қасиеттерін зерттеу.


5. Хлордың металдар және бейметалдармен әрекеттесуі.
а) 40-суреттегідей құрылғы жинап, реакцияны жүргізіп,





бөлінген хлорды бірнеше ыдысқа толтырып алыңдар. Ақ қағазға кішкене сүрме ұнтағын алып, хлоры бар шыны ыдыстың біреуіне солыңдар. Не байқалды? Реакция теңдеуін жазыңдар. б) Қызыл фосфордың аздаған мөлшерін қасыққа салып, жағып, хлоры бар ыдысқа салыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Фосфордың (сүрменің) жануы кезінде

40-сурет. Хлор алуға арналған құрылғы

қандай жағдайда үшхлорлы және бесхлорлы фосфор (сүрме) түзілуі мүмкін.

Үш және бес валентті фосфордың хлоридтерін қалай ажыратуға болады? Бұл қосылыстардың гидролизі қалай жүреді? Реакция теңдеуін жазыңдар.
в) Қысқышпен мыс фольгасының жолағын немесе мыс сымының бір уысын алып от жалынында қыздырып, тез хлоры бар ыдысқа салыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет