Бейорганикалық химия практикумы


Суықтай сілті ерітіндісі мен хлордың әрекеттесуі. "Жавель суының" алынуы



бет93/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

1. Суықтай сілті ерітіндісі мен хлордың әрекеттесуі. "Жавель суының" алынуы.
Мұзбен араластырылған және салқындатқыш қоспасы бар стақанға салынып салқындатылған 5-7 мл 10% күйдіргіш калий ерітіндісі арқылы сутек хлоридінен мұқият тазартылған хлор ағынын өткізіңдер Қоспа температурасының – 100С-тан асып кетпеуін қадағалаңдар. Реакцияның аяқталғанын қалай дәлелдеуге болады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Алынған ерітіндінің индиго мен боялған матаға әсерін тексеріңдер. Калий гипохлоритінің ерітіндісі тұрақты ма? Көмір қышқылы хлорлылау қышқылын оның тұздарының ерітіндісінен ығыстырып шығара ала ма? Көмір және хлорлылау қышқылдарының диссоциациялану константаларының өлшемдерін салыстырыңдар.


2. Ағартқыш әктің алынуы және қасиеттері.
2 г таза сөндірілген әкке (Са(ОН)2) 10-15 мл су қосып, жақсылап араластырыңдар. Суық сумен салқындату үшін кішкене стақанға алынған қоспаны салып, 10-20 минут ішінде сутек хлоридінен тазартылған хлор ағынын жіберіңдер.
Ағартқыш әкті алу кезінде неліктен салқындату қажет? Егер бөлініп жатқан жылуды шығармаса, ерітіндіде не түзіледі? Са(ОН)2 ерітіндісіне хлор жібергенде қай реакция есебінен жылу бөлінеді?
Ағартқыш әктің қаныққан ерітіндісін дайындау керек. Ол үшін алынған препараттың бір бөлігін 10 мл сумен шайып, сүзіңдер. Алынған ерітіндінің бір бөлігін алып, оның әсерін индиго мен боялған матаға тексеріңдер. Қандай заттың есебінен ағартқыш әк ерітіндісі ағартқыш қасиет көрсетеді.
Ағартқыш әктің алынған ерітіндісінің бөлігіне қышқыл реакцияға дейін 1 н күкірт қышқылын құйып, иісі бойынша (абайлап!) не түзілгенін анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.


3. Бром және йодтың сілті ерітіндісімен әрекеттесуі
а) Бром суына аздап сілті ерітіндісін қосыңдар. Неліктен бромның бояуы мен иісі жойылып кетеді?
б) Осындай тәжірибені йод суымен жүргізіңдер. Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.


4. Қыздырғанда хлордың сілтілермен әрекеттесуі. Хлораттар және олардың қасиеттері.
а) Стақанға 5 мл КОН қаныққан ерітіндісін (50%) құйып, оны қыздырып, хлор ағынын (HCl-дан мұқият тазартылған) жіберіңдер. Бұл тәжірибені жасағанда өте абай болыңдар!!! Калий хлоратының түзілген кристалдарымен хлор өтетін түтіктің бітеліп қалмауына және түтікке ерітіндінің сорылуына, онда тұздардың кристалдануына жол бермеу керек. Реакция аяқталғанын қалай көруге болады? Бөлінген кристалдарды Шотта құйғысымен сүзіп алып, салқын судың аз мөлшерімен жуыңдар. Алынған тұзды келесі тәжірибелер үшін сақтап қойыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
б) Алдыңғы тәжірибеде алынған калий хлоратын кәрлен ыдыста концентрлі тұз қышқылының бірнеше тамшысымен ылғалдаңдар. Не бөлінеді? Реакция теңдеуін жазыңдар.
в) Осындай тәжірибені концентрлі H2SO4-мен жүргізіңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
г) Құрғақ КClО3 алып, қыздырыңдар. Ыдырау өнімдерін байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
д) КClО3 аз мөлшерімен (0,3 г) қант ұұнтағының бірдей мөлшерін араластырыңдар да (ысқыламау керек!), тартқыш шкаф астында темір пластинкаға қойыңдар. 1-2 тамшы концентрлі H2SO4 тамызыңдар. Байқалған құбылысты түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңдар.
е) MnO2 қатысында және MnO2-сіз КСІО3 ыдырау реакциясының теңдеуін жазыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет