Бейорганикалық химия практикумы



бет90/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

1. Йодтың алынуы
0,5 г калий йодиді мен марганец диоксидін өлшеп, отбақырашқа салып, шыны таяқшамен араластырыңдар. Қоспасы бар отбақырашты кәрлен үшбұрышына қойып, 3-4 тамшы концентрлі күкірт қышқылын тамызып, суық су толтырылған кішкентай құтымен отбақырашты жабыңдар. Құтыны тұрғы бекіткішіне бекітіңдер де, бірнеше минут бойы отбақырашты жаймен қыздырыңдар. Сонда не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
2. Йодтың қасиеттерін зерттеу.
а) Құрғақ сынауыққа 1-2 йод кристалын салып, оны жайлап қыздырыңдар. Йод буының түсіне көңіл аударыңдар, оған суық таяқша салып көріп, ондағы йод кристалдарын байқаңдар; сынауық қабырғасындағы ұсақ кристалдарға көңіл аударыңдар.
б) Йоды бар сынауық суығанда, оған кішкене су құйып, араластырыңдар. Йод суда жақсы ери ме?
в) Ерімеген йоды бар сол сынауыққа калий йодидінің ұсақ кристалдарын немесе ерітіндісін қосып, сілкілеңдер. Калий йодидінің қатысында йодтың еру себебін түсіндіріңдер.
г) Басқа сынауықта кішкене йод кристалына аздап спирт құйып, араластырыңдар. Ерітіндінің түсіне көңіл аударыңдар.
д) Ерімеген йодтан түзілген қоңыр тұндырманы құйып алып, аздап бензол қосып, сынауықты сілкіңдер. Әр түрлі еріткіштерде йодтың ерігіштігі қандай?
е) Сынауыққа 2-3 тамшы йод суын құйып, оны сумен сұйылтып, 1-2 тамшы крахмал ерітіндісін тамызып, араластырыңдар. Егер түсі өте қою болып кетсе, онда тағы сумен сұйылту керек. Бос йод крахмалмен осылайша анықталады.
3. Йодтың металдармен әрекеттесуі (тәжірибені мұғалім көрсетеді).
Берілген тәжірибеде өршіткі ролін атқаратын судың қатысында йодтың алюминий немесе мырышпен әрекеттесуін байқайсыңдар.


ғ 40 жұмыс. Галогендердің белсенділігін салыстыру (бір галогеннің екіншісімен ығыстырылуы)


Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті.

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, натрий немесе калий бромиді, хлор суы, бензол, бром суы.



1. Калий немесе натрий бромидінің түссіз ерітіндісіне кішкене хлор суын құясыңдар. Сары түс – бос бромның түзілгендігінің белгісі. (Химиялық реакция теңдеуін жазыңдар). Көз жеткізу үшін сол сынауыққа аздап бензол құйып, бос ерітіндіден бромды экстракциялау қажет. Сілкілеп, жоғарыда түзілетін бензол сақинасының түсін байқаңдар. Сумен салыстырғанда бромның бензолда жақсы ерігіштігі немен түсіндіріледі? Бромид ион осылайша анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет