Бейорганикалық химия практикумы


Тура осылай калий иодидінің ерітіндісімен де жасаңдар. (Химиялық реакция теңдеуін жазыңдар). Йодид ионы осылайша анықталады. 3



бет91/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

2. Тура осылай калий иодидінің ерітіндісімен де жасаңдар. (Химиялық реакция теңдеуін жазыңдар). Йодид ионы осылайша анықталады.


3. Осылайша калий йодидінің ерітіндісімен жасаңдар, бірақ хлор суының орнына бром суын алыңдар. Химиялық реакция теңдеуін жазыңдар. Берілген тәжірибе негізінде галогендерді белсенділігінің төмендеу ретімен орналастырыңдар.
ғ 41 жұмыс. Галогендердің сумен әрекеттесуі


Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті.

Қажетті құрал-жабдықтар және реактивтер: сынауықтар, хлор ағыны, бром суы, йодтың ұсақ кристалдары, бензол, индиго ерітіндісі, сілті ерітіндісі, күкірт қышқылы (сұйыт.), крахмал.



1. Хлор суын алу және оның қасиеттері.
Дистилденген суы (6-8 мл) бар сынауыққа хлор ағынын жіберіңдер. Алынған ерітіндінің түсі мен иісіне көңіл аударып, реакция теңдеуін жазыңдар. Хлор суында еріген хлор және су, HCl, HClО болатынын қалай дәлелдеуге болады?
Алынған хлор суын екіге бөліңдер де, оның біреуіне 0,2-0,3 мл бензол құйып, тығындап, қатты сілкілеңдер. Бензол бетіне қалқып шыққанда, оның түсіне назар аударыңдар.
Хлор суының әсерін индиго ерітіндісі мен боялған матаға сынаңдар. Қандай зат ағартқыш әсер көрсетеді? Сынауыққа хлор суының екінші бөлігін құйып, сілті ерітіндісін тамшылатып қосыңдар. Алынған ерітіндіні иіскеп көріңдер. Сілті қосқан кезде хлор суында қандай процестер жүреді? Хлор мен су арасындағы реакцияның тепе-теңдігіне сілті қандай әсер етеді? Сынауыққа қышқыл реакцияға дейін сұйытылған күкірт қышқылын қосып, қайта иіскеп көріңдер. Жүретін процестерді түсіндіріңдер.


2. Бром суының алынуы.
Жоғарыдағы әдіспен алынған бромды суда еріту керек. Алынған ерітіндінің (абайлап!) түсі мен иісіне көңіл аударыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. 1 мл бром суына 4-5 тамшы бензол қосыңдар. Сынауық ішіндегіні сілкіңдер. Бензол сақинасының боялған түсін байқаңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет