Бейорганикалық химия практикумы



бет63/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

Кесте. 200С температурадағы кейбір тұздардың ерітінділерінің пайыздық мөлшері және тығыздықтары



%

NaCl

Na23

BaCl2

%

NaCl

Na2СO3

BaCl2

1

1,005

1,009

-

12

1,086

1,124

1,113

2

1,013

1,019

1,016

14

1,101

1,146

1,134

3

1,027

1,040

1,034

16

1,116

-

1,156

4

1,041

1,061

1,058

18

1,132

-

1,179

5

1,056

1,082

1,072

20

1,148

-

1,203

6

1,071

1,103

1,092

22

1,164

-

1,228



2. Концентрлі ерітіндіден. Концентрлі ерітіндіден және судан тығыздығы 1,050 г/мл 200 мл натрий гидроксиді ерітіндісін дайындаңдар. Ареометрмен концентрлі ерітіндінің тығыздығын анықтаңдар. Анықтамалық кітаптан натрий гидроксидінің пайыздық мөлшерін анықтаңдар. Дайындалған ерітіндінің массасын есептеңдер. Өлшендіні есептеңдер, содан соң берілген ерітіндіні дайындау үшін концентрлі ерітіндінің көлемін және судың көлемін есептеңдер. Өлшегіш өлшеуірмен концентрлі ерітіндінің және судың есептелген көлемдерін өлшеп алыңдар да біріне-бірін құйыңдар, жақсылап араластырыңдар, суыған соң алынған ерітіндінің тығыздығын ареометрмен анықтаңдар. Анықталған тығыздық пен берілген тығыздықты салыстырыңдар. Алынған ерітіндінің молярлық концентрациясын және эквивалентінің молярлық концентрациясын есептеңдер.
3. Әртүрлі концентрациядағы екі ерітіндіні араластыру. 5% және 20% ерітінділерден 250 г 8% натрий хлориді ерітіндісін дайындаңдар. Араластыру ережесін пайдалана отырып, бастапқы компоненттердің қажетті массалық қатынастарын табыңдар. Ерітінділердің көлемдерін есептеп, олардың тығыздықтарын ареометрмен анықтаңдар. Ерітінділердің есептелген көлемдерін өлшеуірмен өлшеп, оларды бірін-біріне құйып, араластырыңдар. Алынған ерітіндінің тығыздығын ареометрмен анықтаңдар және ондағы натрий хлоридінің пайыздық мөлшерін есептеңдер. Алынған тығыздық пен берілген тығыздықтың айырмашылығын табыңдар. Алынған ерітіндідегі натрий хлоридінің молярлық концентрациясын және эквивалентінің молярлық концентрациясын есептеңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет