Бейорганикалық химия практикумы


ғ 24 жұмыс. Қатты заттың сұйықтағы ерігіштігін анықтау



бет65/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

ғ 24 жұмыс. Қатты заттың сұйықтағы ерігіштігін анықтау



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сулы жылытқыш немесе термостат, 500С термометр, технохимиялық таразы, 100 мл конус тәрізді құты, құрғатуға арналған ыдыс, ылғалсорғыш, өлшеуір, әмбебап индикатор ерітіндісі, 10 немесе 20 мл тамшуыр, қымыздық қышқылы, калий дихроматы, натрий тиосульфатының 0,001 н ерітіндісі, калий иодидінің 5 % ерітіндісі, крахмал ерітіндісі.

1. Берілген жұмыста калий дихроматының, никель сульфатының немесе кобальт хлоридінің ерігіштігін анықтау қажет (мұғалімнің тапсырмасы бойынша белгілі температурада – 25, 30, 35, 40, 45, 500С). Алынған мәліметтерді пайызбен немесе моль/л-мен есептеп миллиметрлік қағазда ерігіштіктің бір жалпы политермасын тұрғызыңдар.
Жұмыстың орындалуы. Ерігіштік кестесін пайдалана отырып, берілген температурада 50 мл суда қаныққан ерітіндіні дайындауға қажет тұздың мөлшерін есептеңдер. Тұзды 5-10% артық алу керек. Технохимиялық таразыда есептелген тұзды өлшеп алыңдар, оны 100 мл құтыға салыңдар, үстіне 50 мл су құйыңдар және 30-40 минуттай сулы жылытқышта немесе термостатта (белгілі температурада) араластырыңдар. Одан соң ерітіндінің температурасын өлшеңдер және осы температурада қаныққан ерітіндіні 10 минут қойып қойыңдар. Алдын ала өлшенген құрғатуға арналған ыдысқа 20-30 мл кристалсыз ерітіндіні құйып, алып өлшеңдер де, оны сулы жылытқышқа қойып буландырыңдар, одан кейін ішінде тұзы бар ыдысты ылғалсорғышқа қойып, суыған соң өлшеңдер. Ерітіндінің қалдығын лаборантқа өткізіңдер. Алынған нәтижені пайыз бойынша есептеңдер.
2. Қымыздық қышқылының ерігіштігін көлемдік әдіспен анықтау
Көлемдік анализдің жүйелі курсы әдетте аналитикалық химия курсында беріледі. Бұл жұмыста біз әдістің мәнін қысқаша қарастырамыз. Осы әдіс арқылы тұздың ерігіштігін анықтауға болады. Бұл жұмыста калий дихроматы және қымыздық қышқылының ерігіштігі анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет