Бейорганикалық химия практикумы


Иономерді жұмысқа дайындау



бет76/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

Иономерді жұмысқа дайындау.
Жұмысқа кіріспес бұрын қондырғыдағы нұсқау бойынша басқару жүйелерімен және тетіктерімен, сонымен бірге қондырғыны қосу ережесімен және ерітіндінің рН-ын өлшеумен танысу қажет.
Жұмыстың алдында қондырғыны ток көзіне қосып және 30 минут бойы қыздыру керек. Ерітіндінің рН мәнін өлшеу кезінде сутектік функциялы электродты таңдау керек. Жұмыстың алдында электродтың паспортында көрсетілген нұсқауларға сәйкес электродтарды дайындау қажет. Сутекті функциялы электродтарды бір тәулік уақыт 0,1М тұз қышқылы ерітіндісінде ұстау керек.
Өлшеу алдында бақылау ерітінділерінің көмегімен иономер калибровкасын жасау қажет. рН бақылау ерітінділері ретінде рН өлшеу үшін ГОСТ 8.В5-74 бойынша стандарт титрден даярланған стандартты буферлі ерітінділер пайдаланылады, олар әлі күнге дейін Қазақстанда бар. Буферлі ерітінділердің рН мәні кестеде берілген.



Т0 С

ғ1
ерітінді

ғ2
ерітінді

ғ3
ерітінді

ғ4
ерітінді

ғ5
ерітінді

20

1,675

-

4,002

6,881

9,225

25

1,688

3,557

4,008

6,865

9,180

ғ1 ерітінді - калий тетраоксалатының 0,05М ерітіндісі;


ғ2 ерітінді - 200С температурада калий гидротартратының қаныққан ерітіндісі;
ғ3 ерітінді - 0,05 М қышқылды гидрофталат ерітіндісі;
ғ4 ерітінді - 0,025 М калий гидрофосфат ерітіндісі және
0,25 М натрий дигидрофосфат ерітіндісі;
ғ5 ерітінді - 0,01 М натрий тетроборат (бура) ерітіндісі.
Электродтарды ерітінділерге батырмас бұрын дистилденген сумен шайып, қалдықтарын сүзгі қағазбен құрғату керек. Дәл өлшеу үшін электродтарды тәжірибе жасайтын ерітіндімен шаю керек.
Әдетте рН мәндерін анықтау уақыты 3 минуттан аспайды. Бірақ сұйытылған ерітінділердің рН-ын өлшеу кезінде, сонымен қатар 00С температурада күшті қышқылды және күшті негізді ерітінділердің рН өлшеу кезінде көрсеткіштің тұрақтау уақыты 10 минутқа дейін өсуі мүмкін.
Қондырғыны қалпына келтіру екі бақылау ерітінділерімен жүргізіледі, олардың рН мәндері қолданылатын электродты жүйенің өлшеу диапазонында жатуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет