Бейсенбекова Гүлмира Бекінқызы Молдабаева Роза Аппакбайқызы Нұрғалиева Сәуле Мұқанқызы



Pdf көрінісі
бет33/63
Дата01.05.2024
өлшемі0.6 Mb.
#500233
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63
Beisenbekova

Оқытудың құрылымы: оқу ситуациялары, оқу әрекеті, бақылау, бағалау. 
Оқу ситуациялары- оқушылар ұғымдардың қасиеттерін бөліп алудың немесе нақтылы 
практикалық міндеттердің кейбір кластарын шешудің жалпы тәсілдерін игереді. 
Оқу әрекеті- оқушы міндеттерді шешудің қолданудың және қайта жағырта алу 
тәсілдерін игереді. Бұл әрекеттер пәндікте, ақыл ой шеңберінде орындалады. 
Бақылаудың негізі екі формасы бар.

орындалған іс-әрекеттердің дайын нәтижесін талдау 

ойлау бойынша орындалған әрекеттердің дайын нәтижелерін көздеу. 
Бағалау- жақсы-жаман, баға 1-5 дейін және синтездік сипатта болады. 
Танымдық процестерінің дамуы. Қабылдау. – мектепке дейінгі балаларға 
қарағанда ( көзінің көргіштігі , естуі) әжептәуір дамыған. Бірақ әлі де болса қабылдау 
дами қоймаған. Мысалы . орыс тіліндегі ф.в. фонемаларын дұрыс ажырата алмайды. 
Себебі талдау қызметі қалыптаспаған. Сонымен бірге олардың қабылдауында анализ 


40 
бен синтездің жеткіліксіздігі жиі байқалады. Бала байқағыш келеді. Бірақта ,ол анализ, 
синтездеудеге білімі жеткіліксіз. 
Баланың қабылдауы эмоцияға да байланысты, көп нәрсе оны қуанышқа немесе ренжуге 
бөлейді. Ол көбіне өзі қызықтырыатын, сезімін туғызатын нәрсеге көп көңіл бөледі. 
Бұл кезд е сезімінің дәл болмауын көруге болады. Мысалы: шымшықты- қарға деуі т.б. 
ұқсас заттарды бір тектес қабылдайды. Бастауыш сынып оқушылары кеңістікті 
қабылдауы және уақытты қабылдауы жеткіліксіз дамиды. Баланың қабылдау 
ерекшеліктерінің қалыптасуында мұғалім негізгі роль атқарады. 
-
сөзді және затты қабылдау арасында айырмашылық. Затты қабылдау – бірінші сигнал 
жүйесі. Сөзді қабылдау екініші сигнал жүйесі (тыңдау) 
-
тәжірібиесі жинақталады. (санасы дамиды). 
Ес, елестер. Балалардың образды есі ( көру,есту) жақсы дамып, сөз логикалық есі 
нашарлау дамиды. Оқыту процесінде мағыналы ( сөз логикалық ( дами түседі. Бала тек 
нақтылы емес, кейде абстрактылы ұғымдарды игере бастайды. Бұл кезде бала өз 
сөзімен емес, жатқа айқанды жақсы көреді яғни берілген тапсырманы бірақ 
тапсырманың мақсатын білген жөн. Мұғалім мұндай тапсырманы нақтылап, әдістерін 
белгілеп бергенде , бала тапсырманы орындайды. Есте қалдыру үшін бөлшектерге 
бөліп, өз сөзімен айтып үйренеді. 
Ойлау. Л.С. Выготскийдің айтуынша , бала оқуға келген соң , оның ойы мен 
интеллектісі үлкен өзгешіліктерге ұшырайды. Бала қарапайым ойдан, ұғым арқылы 
ойлауға көшеді. Ж.Пиаже 7-11 жастағы балаларда тек қарапайым, нақтылы ой 
операциясы кезеседі деді. Бұл кезде бала пікір, ой қортындысын туындай алады. Оның 
абстрактылы ұғымдық ойлауы қалыптасады. Сонымен бірге Неге? Неліктен? 
Сұраққа жауап талап еткенде, мұғалім, балаларды өз пікірін, дәлелдеп беруін, 
мойындауға үйреткен жөн. 
Қиял. Педагогтың міндеті – мұғалімнің айтқанын дәлме-дәл, айқын елестетуі үшін , 
оқушының репродуктивтік қайта жасау қиялын дамыту. Ол үшін көрнекі құралдар, 
әңгімесі әсерлі т.б. қажет. Бастауыш сыныш оқушысының қиялы көбінесе еліктегіштік 
сипатта болады. Бұл кезде , баланың қайта жасау ( репродуктивтік) сипаты басымрақ 
болады. Оларға тән ерекшіліктері,олар жасаған бейненің көрнекілігі мен 
нақтылығында. Баланың творчестволық қиялық қалыптастыруда әсер етеін «еркін 
тақырыпқа шығарма жазу». 
Эмоция, сезім. Бұл кезде, баланың эмоциясы өзгереді. Оқу іс-әрекеті біріккен іс-
әрекеттерге қатаң талаптар жүйесімен, саналы тәртіппен, ырықты зейінмен және ерікті 
есте сақтаумен байланысты.мұның бәрі баланың эмоциясына әсер етеді.бұл кезде 
ұстамдылық, түсінгіштік,қуаныш пен реніш жайдайларындағы табандылықтың артуы 
байқалады. өз көңіл –күйлерін басқара алады, кей кездері жасыра да алады. Жасқа тән 
белгі- психологиялық процестің еркіндігі –осыдан байқалады. Бұл кезде оқушылардың, 
өзінің мұғалімге деген қарым-қатынасынан туатын сезім, моральдық, интеллект сезімі 
қалыптасады. Сондай-ақ достық сезімі жедел дамиды.
Ерік. Адамның өмір процесі мен іс-әркетінде дамып отырады. ( ойын,оқу,еңбек) 3 
сынып оқушысында еріктің ең маңызды қасиеті болып саналатын өзіне өзі сын көзбен 
қарау жағы әлде қайда дами түседі. Ерікті тәрбиелеудің ең маңызыд шарты- қиын, 
бірақ шамасы келетін тапсырмалар беру. 
Зейін. Зейінді дамытудың жалпы бағыты баланың мұғалім қойған мақсатқа детуден 
өздері қойған міндеттің шешімін тексеруге өту болып табылады. Зейінді дамытуда
оқушының оған нені оқытып отырғанын түсінудің маңызы зор. Ырықты зейін әсіресе 
баланың міне-құлқымен еркіне байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет