Бейсенбекова Гүлмира Бекінқызы Молдабаева Роза Аппакбайқызы Нұрғалиева Сәуле Мұқанқызы


Кіші мектеп оқушысы жасындағылардың жеке басының дамуы



Pdf көрінісі
бет34/63
Дата01.05.2024
өлшемі0.6 Mb.
#500233
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63
Beisenbekova

Кіші мектеп оқушысы жасындағылардың жеке басының дамуы. «Жеке бас » 
деген ұғымға »Мен» деген мәнді кіргізеді. Бала өзін білген соң құрбыларына қарағанда 
бәлендей тізімде қандай орын алатынын ойлап, қайткенде жақсы орынға ие болсам деп 
арман етеді. Бұл жағдайда баланың өзінің қандай орын алғысы келетіні туралы бағасы 


41 
мен құрбыларының, не үлкендердің ол жөніндегі бағасы арасында үлкен алшақтық 
болмағаны жақсы. Егер кіші оқушының өзі жөніндегі бағасы өзгелердің 
/құрбыларының/ бағасынан асып кетсе, мұндай баланы мақтаншақ деп атайды. 
Керісінше , оның өзі жөніндегі бағасы өзгелердің оған беретін бағасынан төмен келсе, 
осындай баланы кішіпейіл дейді. Кіші оқушы өзінің ісіне, не мінезіне әлі сын көзбен 
қарай алмайтын болғандықтан, оның өзі жөніндегі бағасы,әдетте , өзгелердің бағасынан 
жоғары дәрежеде келеді. 
Кіші оқушының жеке басы деген түсінікке оның сыпайлығы, керісінше, осыған 
қарама-қарсы әдепсіздік сапалары да жатады. 7-11 жастағылар көбінесе ақкөңіл 
келетіндіктен, бұлардың көбі сыпайы келеді. 
Кіші оқушының жеке басына тән қасиеттері тек «мен »деген сапа тұрғысынан ғана 
бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай , 
ашланғыш, не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен 
қатынасы қандай – осы жөнінен де алып қарауға болады. 
Кіші мектеп оқушыларына мінез-құлық нормалары мен ережелерінің аса кең 
жиынтығы үйретіледі, оларды оқушылар мұғаліммен және үлкендермен өзара қарым-
қатынас жасаудың әр түрлі жағдайларында, сабақтарда, үзілісте жолдастарымен 
араласқанда, қоғамдық орындарда және көшеде болғанда басшылыққа алуы тиіс. 7-8 
жастағы балалар бұл нормалар мен ережелердің мәнін айқын түсінуге және оны 
күнделікті оындауға психологиялық жағынан даяр. Бірақта бұны дер кезінде мұғалімде, 
үлкендерде пайдаланбайды. Балаларда мінез-құлық нормалары мен ережелерін сақтау 
көбінесе үлкендердің көңіл күйіне, қалыптасқан жағдайға және өз қалауларына 
байланысты деген сезім пайда болады. Баланың моральдық өрісінің дұрыс 
қалыптасуының ең қауіпті жауы – мінез- құлық нормалары мен ережелері жалған 
сипатта және ішкі қажеттер үшін емес, қандай да бір сыртқы жағдайлардың әсерімен, 
соның ішінде жазаланамын деп қорыққандықтан орындалуы керек деген ұғым пайда 
болады. Балада осы жаста қалыптасқан осындай моральдық қасиеттер жеке дамның 
ішкі және табиғи жетітігі болады.
Сонымен бірге кіші оқшылардың өзара және мұғаліммен арақатынасының негізінде 
оның дара ерекшеліктері айқын көрініс береді. 
Кіші оқушылардың өзара қарым-қатынасына тән белгі олардың достығы, әдетте, 
өмірдің сыртқы мақсаттары мен кездейсоқ мүдделер ортақтастығында негізделеді.( бір 
партада отыуы т.б.). Кіші мектеп оқушысының санасы әзірше құрдастарының пікірі 
өзін -өзі шын бағалаудың критерийі болатындай деңгейге жетпейді. Әрине 9-10 
жастағы балалар оларға бірге оқыитын балалары ептілігі, зеректілігі, батылдығы үшін 
берген баға өте ынталы және егер бұл баға өзі қалағанынан басқаша болса, қатты 
қынжылады. Ол қаты ұзаққа бармайды. Олар үшін әіресе мұғалімнің берген бағасы 
қатты әсер қалдырады. Алайда, А.И.Ликина, Н.А. Жулидова,В.И.Вашуркова т.б. 
жүргізген нашар оқушылар тобына арнайы зерттеулер , біріншіден , балалардың өзін 
өзі бағалауы әдетте оларға деген мұғалімнің және сыныптың бағасымен бірдей 
болатынын көрсетті.Алайда бір қатар жағдайларда мұғалім кейбір балалардың жалпы 
дамуы мен мүмкіндіктерін олардың өздері ойлағаннан гөрі, жоғарырақ бағалайды. 
Нашар оқушылардың өзін өзі төмен бағалауы- олардың сабақ үлгермеушілігінің өте кең 
тараған себебі. Балалар тұыйққа тіреледі:олардың нашар табыстары мұғалімнің және 
сыныптың бұл оқушының болашақ мүмкіндіктері жайлы теріс пікірін қалыптасытрады; 
осылайша өз күшіне сенімсіздік, бағаларға селқостық келіп туады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет