2 – сурет. Сынып құжаттары.
09.02.2023ж
Тәрбие ісі жөнінде жетекшім Қасымхан Нұрай Қанатқызымен таныстым. Сынып жетекші 7 «L» сыныбының сабақ кестесімен таныстырды. Бірге оқушылардың жеке іс – қағаздарымен талдау жүргіздік. Сыныпта қанша оқушы, сынып белсенділері кім, оқушылар қандай үйірмеге қатысады және тағы басқа сынып бойынша сұрақтар қойылды. Нұрай Қанатқызы алдағы өтілетін тәрбие сағаттарының қысқа мерзімді жоспарпен таныстырды.
15.02.2023ж
Химия пәнінің мұғалімі Абжалиев Надыра Киргизбаевнаның сабағына бақылаушы ретінде сынып артында сабаққа қатыстым. Оқушылардың сабаққа қатысуы, сабақты қалай меңгеретінін бақыладым. Мұғалім мені сыныппен таныстырды. 7 «А» - 7 «Б» сыныптарына «Минералдарды өндірудегі экологиялық аспектілер (қоршаған ортаға әсері)» жаңа тақырыпты өтті. Алдымен оқушылармен амандасты. Сыныпта кімнің жоқ екендігі анықталды. Сыныпта ындымақтастық атмосферасын және қалыпты оқу ортасын қалыптастырды. Оқушылармен сабақ тақырыбын анықтап, бірге оқу мақсаттарын айқындады. Сабақтың мақсаты:
1. Табиғи ресурстарды өңдірудің қоршаған ортаға әсерін талқылайды.
2. Табиғи ресурстарды өңдірудің зиянын азайту әдістерімен танысады.
Мұғалім қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын берді және керекті оқу материалдарын ұсынды. Сабақ ортасында практикалық жұмысқа «Малахиттен мыс алу» көшті. Ең алдымен оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстырылды. Оқушылар металл алу үшін керекті қосылыстар мен химиялық реакцияларды талқылады. Сынып үш топқа бөліну арқылы «Қазақстанның пайдалы қазбалары» туралы пікір алмасты. Оқушылар басқа топты тексеру үшін тақырып бойынша сұрақтар қойды. Сабақ соңында рефлексия жүргізілді, нені үйренді, не нәрсе түсініксіз болды, немен қайта жұмыс жасау керек. Сыныптың екінші сабағында мұғалім «Геологиялық химиялық қосылыстар» тарауы бойынша бөлімдік жиынтық бақылау алды. Сол кезде оқушыларға қарап, тексеріп отырдым. Сонымен қатар пән мұғалімімен қысқа мерзімді жоспарды құруды үйрендім.
Достарыңызбен бөлісу: |