Бейсенова Бекзада Жомартқызы 6В01512 Химия білім беру бағдарламасы



бет8/22
Дата10.10.2023
өлшемі1 Mb.
#480263
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Психолог пед практика

29.03.2023ж
Бұл күні 7 «L» сыныбының физика пәніне сынып соңында бақылаушы болдым. Сабаққа 22 оқушы қатысты. Пән мұғалімі оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа дайындығын тексерді және позитивті атмосфера қалыптастырды. Сынып реттілігін қадағалады. Сабақ және мақсаттарын оқушыларға таныстырды. «Миға шабуыл» әдісімен өткен тарауларға сұрақтар қойылды, пікірлер тыңдалынды. Пәнге қатысты лексика және терминологиямен тереңінен танысты. Сабақтың соңында оқушыларға бүгінгі белсенді қатысқаны үшін рақмет айтылып, олардан «Синквейн» құрастыру сұралынды. Бағаланды. Талқылау жүргізілді. Үйге тапсырмалар берілді.
Физика сабағының өтілуі барысында оқушыларға сыныптағы тұлғааралық қатынастарды социометриялық зеттердім. Сыныптаға топқа бөліну, өзара сыйластықтары, сабақ барысында және мұғалімге деген қарым – қатынастарына талдау жасадым.
30.03.2023ж
Өзіме берілген сыныптың математика сабағына қатыстым. Алдымен оқушылар түгелденді. Бұл күні сабаққа сынып толығымен қатыстып отырды. Үй жұмысы сұралды. Оқушылар сабаққа актив қатысты. Жаңа тақырып түсіндірілді. Алгебралық бөлшек және оның негізгі қасиеті. Сабақ барысында алгебралық бөлшектерді танып білді, алгебралық бөлшектегі айнымалылардың мүмкін мәндер жиынын тапты, алгебралық бөлшектің негізгі қасиетін қолданды. Тақырыпқа байланысты қосымша мәліметтер берілді. Кітапта тақырып бойынша берілген тапсырмалар орындалды. Әр оқушы жеке жұмыс жасай отырып логикалық ойлау деңгейлерін жетілдірді. Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалады. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланды.
Оқушылардың өзара қарым-қатынасын зерттедім. Сынып ұжымының есеп шығару деңгейлеріне талдау жүргіздім. Сабаққа белсене қатысуын бақыладым. Сыныптағы тұлғааралық қатынастарды социометриялық зеттердім.
03.04.2023ж
Бұл күні өзіме жүктелген сынып ұжымымен «Адалдық адамдық белгісі» тақырыбында тәрбие сағат өттім. Мақсаты: адамдарға жақсылық ойлау, ондағы адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алатын орны, олардың адамдар үшін маңызы жайлы, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлауды үйрету. Күтілетін нәтиже: оқушы ізденіске ұмтылады, оқығанын талдап, мәнін аша біледі, ой қорытады, аз сөзбен түйіндеуге дағдыланады. Адами қасиеттерді, адалдық, шыншылдық, әділдікті бойына сіңіреді.
Оқушылармен сәлемдестім. Сыныпта кімнің жоқ екендігі анықталды. Сыныпта ындымақтастық атмосферасын және қалыпты оқу ортасын қалыптастырдым. Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырдым. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді.
Оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен көңіл күйлерін көтеру және олардың мақсат-міндеттерін ұғындыру мақсатында С.Сейітовтің «Шындық шырайы» өлеңін бірге оқып түсіндірдім. Сынып ұжымымен жақынырақ тану мақсатынды, әңгімелесу арқылы жеке оқушыларға талдама жасадым.

  1. Сіздің адалдыққа деген сеніміңіз қандай?

  2. «Адалдық-адамдық белгісі» дегенді қалай түсінесіздер?

  3. Неліктен адалдық «кеңпейілділік,ақкөңілділік,шыншылдық»ұғымдарымен қатар жүреді?

  4. Адалдық қандай әрекеттен қандай жағдайда көрінеді? Сабақ ортасында оқушыларға шағын эссе жазуды тапсырдым. Адалдқ біз үшін қаншалықты маңызыд екенің сіздер қалай түсінесіздер? Берілген уақыт 15 минут. «Бес саусақ» әдісі арқылы сынып ұжымымен ері байланыс жүргіздім. Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады: «Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды? «Балалы үйрек»— бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым? «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым? «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақмаған ұнадыма? Неліктен? «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет