Бейсенова Бекзада Жомартқызы 6В01512 Химия білім беру бағдарламасы



бет5/22
Дата10.10.2023
өлшемі1 Mb.
#480263
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Психолог пед практика

28.02.2023ж
Сынып жетекшінің рұқсатымен сыныптан тыс ұйымдастырылған тәрбие сағатына қатыстым. Бұл күні жетекші «Ұлттық құндылықтар» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Алдымен оқушылармен амандасты. Сыныпта кімнің жоқ екендігі анықталды. Сыныпта ындымақтастық атмосферасын және қалыпты оқу ортасын қалыптастырды.
Тәрбие сағатының мақсаттарын оқушылармен бірге айқындады. Мақсаты: оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар - біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру. Оқушыларды - елжандылыққа, терең ойлауға, өнер сүюге, ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты білімін дамыту арқылы нығайту. Топтық жұмыс отырып, сыныптың ұйымшылдығы артты. Оқушылар тақырып жөнінде өз ойларын еркін жеткізе алды. Елбасы жолдамасы, жаңа ақпараттармен танысты. Мұғалімнің кіріспе сөзі айтылды. Әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Бір ұлтты ерекшелендіріп тұратыны оның: тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері, лиро-эпостық және батырлар жырлары, әдет- ғұрпы, салт-санасы, менталитеті, мәдениеті, өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Осылардың бәрі – ұлттық құндылықтарға жатады. Ұлттық құндылықтарды әр ұлттың ата-бабалары өздерінің өмір сүру салтына байланысты шығарып, пайдаланып, дамытып ұрпақтарына мұра етіп қалдырып отырған. Сондықтан ұлттық құндылықтар сол ұлттың меншігі болып есептеледі. Сабақ жоспар бойынша жоғары деңгейде өтті. Қорытынды айтылып, сыныппен кері байланыс жасалынды. Қорытынды: ХХІ ғасырдағы қазақ ұрпағының міндеті – экономикамызды дамыта отырып, ұлттық құндылығымызды қорғап, дамытып, сақтай отырып әлемдік қауымдастыққа кірігу. Егер ұлттық құндылығымызды сақтай алмасақ жаһандануға жұтылып кетеміз. Жаһандануға жұтылып кетпей, президентіміздің алдыға қойған мақсаты «Мәңгілік Ел» болып қалу үшін ұлттық құндылықтарымызды сақтап, қорғай білуіміз керек. Себебі, ұлттық құндылық – ұлттың тірегі !
Сыныптың сынып жетекшімен арасындағы қарыс-қатынастары қатты ұнады. Сабақ уақыттарында оқушыларды жаңа қырынан байқадым. Мінездеріне талдау жасадым
03.03.2023ж
Бұл күні химия апталығына орай ұйымдастырылған квест ойынына өзіме жүктелген 7 «L» сыныбымен қатыстым. Топтық ойынға 4 оқушы Адия, Нұртөре, Балсулу, Кәусар және мен. Саған 16:30 яғни, тыс уақытта ұйымдастырылған топтық жұмысқа қатыстым. Алдымен, ұйымдастырушылар бізге ойын ережелерімен таныстырды. Ең алдымен үш топ кіргізілді, бізге 10 минут уақыт берілді. Ең алдымен квесттен өтетін кабинетке кірдік. Кіре сала интерактивті тақтадағы пазл ойынын ойнадық. Яғни пазл суретін жинадық, ол суретте бір қораптың суреті болатын. Қорыпты тауып лабораториялық жұмыстың барысын таптық. Біз КОН ерітіндісіне фенолфталейн қосып, таңқурай түсін шығардық. Енді сол түс арқылы келесі тапсырманы іздедік. Таңқурай түсімен стикер тауып «шар» сөзі арқылы шарларды жарып, кілт таптық. Шкафтың ішінен ребусты тауып, терезе сөзін шығарды. Терезеде жабысып тұрған кілтті алып, шкафтағы телефон нөмеріне хабарласып, сұрақтарға жауап беріп, есіктің кілтін алдық. Біз 15:20 минутта шықтық. Солай 9 команда қатысты. Ұтқан командаға сыйлық ретінде 5 адамға киноға билет берді. Және қатысқандарды, яғни бәрімізді марапаттады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет