Бейсенова Бекзада Жомартқызы 6В01512 Химия білім беру бағдарламасы


– сурет. Квест ойыны ойнатылған кабинет



бет6/22
Дата10.10.2023
өлшемі1 Mb.
#480263
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Психолог пед практика

5 – сурет. Квест ойыны ойнатылған кабинет.
06.03.2023ж
Өзіме жүктелген сыныптың сабақтарына қатыстым. Бірінші химия сабағы болды. Мұғалім оқушыларды түгелдеп, сабақты бастады. Алдымен оқушылардан ерітінді туралы не білетіндерін сұрап алды. Ерітінділер туралы ережені түсіндіріп, мысалдар келтіргеннен соң есепке қажетті формулаларды жазып көрсетті. Тақтаға бір есепті шығарып, түсіндіріп берді, және осы секілді ұқсайтын есептерді шығаруға тапсырма берді. “Джигсо” әдісі арқылы оқушылар есептерді оқып, талдады. “Джигсо” әдісімен жұмыс ақпарат алу мен пысықтауға, ойлауға ықпал етеді. Бұл әдісті түсіндіре кететін болсам, алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұлар — бастапқы жеке жұмыс топтары. Берілгелі тұрған жұмыс мәтіні төртке бөлінеді. Енді топ мүшелері төртке дейінгі реттік жүйеде тағы бөлінеді. Тіпті тақырыпқа қатысты сұрақ қойып, айтылған сөздерді шартты атау ретінде бөліп беруге де болады. Бұл жолы әр сан иелері немесе атау иелері өз алдына «жұмыс тобын» құрады. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді топта талқылап, түсіну қажет екендігі ескертілді. Логикалық түрде төрт бөлікке бөлінген мәтін бөліктері әр топқа таратылды. Топтар тұтас мәтінмен емес, тек белгілі бөлікпен ғана жұмыс істеп, бүге-шігесіне дейін талдайды, пікір алмасады, ойын нақтылады. Жұмысты бастамас бұрын екінші құрылған шағын топқа бара жатқан оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті болты жақсы меңгеру қажеттігі айтылады, өйткені сол бөлімді «бастапқы топ» мүшелеріне түсіндіруге жауапты болатыны, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының жұмыс істеуі мен зейін қоя түсінуіне байланысты екені түсіндіріліп, жауапкершілік жүктелді. Бұл стратегия мазмұнды жан-жақты меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін ұмтылу, жауапкершілік дағдысына баулу мақсаттарында аса тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасты, саналы тәртіп орнады. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар беріп, оқушылардың білім деңгейін анықтады, және соған қарай жұптық тапсырмалар берді.
Сабақ соңында “Рефлексия” әдісін қолданып, оқушылардың жаңа тақырыпты қалай түсінгендіктерін анықтады. 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет