Бейсенова Бекзада Жомартқызы 6В01512 Химия білім беру бағдарламасы


,4 – сурет. 7 «Б» сынып химия сабағы



бет4/22
Дата10.10.2023
өлшемі1 Mb.
#480263
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Психолог пед практика

3,4 – сурет. 7 «Б» сынып химия сабағы.

16.02.2023ж
Қасымхан Нұрай Қанатқызының рұқсатымен 7 «L» сыныбының сағат 8:10 – 8:35 аралығында таңғы жиынға қатыстым. Алдымен оқушыларға өзімді таныстырдым. Сыныпта кім жоқ екенін анықтадым. Бүгінгі сабақ кестесімен таныстырдым. Оқушылар бүгін қандай іс – шаралар болатынымен хабардар болды. Ары қарай сағат 8:40 сынып таңғы асқа шықты. Сағат 9:05 II – топқа математика сабағында артта оқушыларға бақылау жүргіздім. Оқушылар бір-бірлерін ойларын тыңдай отырып, мұғалім ұсынған күрделі есепті шешті. Осылай алғашқы 10 минут өткен сабаққа шолу жасай отырып, жаңа сабақ тақырыбын бастады. Сабақ барысында сыныптың ұйымшылдығын байқадым.


22.02.2023ж
Мектептің психологымен танысып, 7 «L» сыныбының психологиялық тест жұмыстарымен танысып шықтым. 7 «L» сыныбының сабақтарына қатыстым. Сынып жетекшім тәрбие сағат өту барысындағы әдіс-тәсілдерімен таныстырды. Әр сабаққа қысқа мерзімді жоспарды қалай жазу керектігін түсіндірді, сондай-ақ, ұзақ мерзімді жоспармен таныстырды. Физика және информатика пәндеріне қатыстым. Бұл күні 22 оқушы сабаққа қатысты. Оқушылардың физика пәнінен есеп шығару деңгейлеріне талдау жасадым. Қайталау сабағы болғандықтан оқытушы екі нұсқалы 3 деңгейлі тапсырма берді. Берілген уақыт 15 минут. Екінші сабақта информатика пәнінен оқушылар «Excel» программасымен жұмыс жасауды үйренді. Excel арқылы сынып тізімдерін құжат ретінде дайындап, мұғалімге тапсырды. Сынып сабаққа белсенділік танытып отырды. Сабақ соңында кері байланыс жүргізіліп, үйге тапсырма берілді.
23.02.2023ж
Өзіме жүктелген 7 «L» сыныбының метематика және қазақ тілі пәндеріне бақылаушы болдым. Бұл күні сынып оқушылары түгел келді. Алдымен оқушылар түгелденді. Үй жұмысы сұралды. Оқушылар сабаққа актив қатысты. Математика сабағында жаңа тақырып түсіндірілді. Алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу. Алгебралық өрнектерді көбейткіштерге жіктеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану жолы, алгебралық өрнектерді көбейткіштерге жіктеу үшін ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару жайлы білімдерін қалыптастырды..Түсініксіз болған оқушылармен мұғалім жеке жұмыс жасады. Екінші сабақ қазақ тілінде жаңа тақырып жіктік жалғауларымен танысты. Жаңа тақырыпты байланыстыра отырып оқушылар эссе жазды. Берілген уақыт 15 минут. Оқушылармен сұрақ-жауап, пікірталас ретінде кері байланыс жүргізіліп отырылды. Тақырыпқа байланысты қосымша мәліметтер берілді. Кітапта тақырып бойынша берілген тапсырмалар орындалды. Мұғалім мен сынып оқушылары арасында кері байланыс жүргізілді. Сыныптағы оқушылардың өзара қарым- қатынастарын бақыладым. Мұғалімге деген қарым-қатынасын талдадым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет