Бейсенова Бекзада Жомартқызы 6В01512 Химия білім беру бағдарламасы



бет18/22
Дата10.10.2023
өлшемі1 Mb.
#480263
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Психолог пед практика

Оқу –тәрбие жұмысы бойынша баға _______


Мектеп директоры: Касимов Б.М.
Директор орынбасары: Чултуков Н.С.
Химия пәні мұғалімі: Абжалиева Н.К.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы


Халықаралық қазақ түрік университетінің
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
6В01512- Химия білім беру бағдарламасының
2-курс студенті Бейсенова Бекзада Жомартқызының
психологиялық-педагогикалық практиканың оқу – тәрбие
жұмысына байланысты сынып жетекшісі
Қасымхан Нұрай Қанатқызы


Мінездеме
6В01512- Химия білім беру бағдарламасы 2-курс студенті Бейсенова Бекзада 2023 жылдың 30 қаңтарда Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне психологиялық-педагогикалық практикаға келді. Практика барысында Бейсенова Бекзадаға Қасымхан Нұрай тәрбие жетекшілігін жасады.
Бейсенова Бекзада практиканың алғашқы күндерден бастап мектеп мұғалімдерімен, оқушылармен тез тіл табысып кетті. Практика кезінде Бейсенова Бекзада оқушылардың сабақ үлгерімдерін, мінез-құлықтарын бақылап жүрді.
Бекзада оқушылармен тез тіл табыса білу, әр оқушының мінез-құлықтарына қарай қарым-қатынас жасай білуі педагогикалық іскерліктің қалыптасып келе жатқандығын білдіреді. Яғни оқушының жеке тұлғасын зерттеу әдістерін қолдана білуді үйренді деуге болады. Өзінің тиянақтылығымен, ұқыптылығымен, жан-жақтылығымен, біліктілігімен көзге түсті. Өзіне жүктелген міндеттерді өз уақытында орындап, сабақтарына жауапкершілікпен қарады.
Сынып жетекшілік міндетін атқару үшін Бекзадаға 7«L» сыныбы берілді. Практика барысында сынып оқушыларымен тіл табысып, ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында 27.04.2022ж 7«L» сыныбымен "Ұлы даланың жеті қыры - ұрпаққа аманат" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті , тақырып оқушылардың назарын аударды, оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Сабақ барысында оқушылармен топтық жұмыс жасады. Әр түрлі ойындармен тақырыпты аша білді. Жаңа инновациялық технологияларды пайдаланып, тәрбие сабақты жоғары деңгейде алып шықты. Практиканы толығымен жауапкершілікпен,жүйелілікпен, мектептегі өзге де іс-шараларға атсалысуы арқылы жоғары деңгейде өткізді. Болашақта Бекзададан жоғары деңгейде мұғалім болуына сенімдемін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет