Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Бейсенова М.С.
Білімгердің қолы: Бейсенова Б.Ж.
Практикалық қызметте пайдаланылған диагностикалық әдістемелер мен диагностикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша сипаттамалар
Білім алушы Бейсенова Бекзада Жомартқызы 30.01.2023 – 12.05.2023ж аралығында Түркістан қаласындағы Химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде психологиялық – педагогикалық практикадан өтті. Практика 15 аптаға созылды. Ол өзін осы уақыт аралығында мектеп қабырғасындағы іс – шараларға белсене қатысуымен, білімділігімен көрсете білді. Оқушылармен сыныптан тысты қарым – қатыаста болып, оларға әрдайым пәнаралық қолдау көрсете алды. Практика барысында сынып оқушыларымен тіл табысып, ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында 27.04.2022ж 7«L» сыныбымен "Ұлы даланың жеті қыры - ұрпаққа аманат" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті , тақырып оқушылардың назарын аударды, оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Сабақ барысында оқушылармен топтық жұмыс жасады. Әр түрлі ойындармен тақырыпты аша білді.
Білім алушының қолы ________________
20_____ж. «_____» ___________________
_____Сарбаева Гульнара Турсынбаевна___ Қолы ___________
(психологиялық-педагогикалық практиканың жетекшісі)
20_____ж. «_____» _________________________
Білім алушы практиканттың мадақтамалары мен жазалары
Білім алушы Бейсенова Бекзада Жомартқызы практика кезінде өзіне жүктелген тапсырмаларды жауапкершілікпен, ұқыптылықпен тиянақты орындай алды. Бақылау сұрақтарын ағылшын тілінен қазақ және орыс тілдеріне аударды. Химия апталығында квест ойынын ұйымдастыра отырып, оқушыларды химиялық ғажайыптарға сендірді және лабораториялық жұмыстың заттарын дайындауға көмектесті. Аз уақыттың ішінде студенттің кәсіби педагогикалық бағыттылық деңгейі, жаңа инновациялық әрекет жағдайында міндеттерді шешуге бағытталуы, әлеуметтік белсенділігі, педагогикалық мамандыққа деген қызығушылығы, балаларды жақсы көруі, педагогикаға деген қатынасы арта түсті. Практика барысында Бейсенова Бекзада психологиялық-педагогикалық практиканы өте жақсы атқарды.
(Ұйымнан, кәсіпорыннан, мекемеден) психологиялық-педагогикалық практика жетекшісінің қорытындылары
Білім алушы Бейсенова Бекзада Жомартқызы психологиялық – педагогикалық практика жоспарымен сабақтарға қатысып, білгірлігін көрсетті. Студент өз мамандығы бойынша теориялық білім деңгейінің өте жақсы екенін көрсете отырып, практикамен ұштастыра білді. Практикадан өту барысында деңгейлеп оқыту технологиясы, тесттік жүйе, мультимедиа мүмкіндіктерін қолданып оқытуды, ойын техгологияларын жеке, топтық, ұжымдықпен біріктіре оқытуды меңгере алды. Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, мектептің барлық мұғалім – қызметкерлерімен тез тіл табыса алды. Әр оқушының мінез-құлықтарына қарай қарым-қатынас жасай білуі педагогикалық іскерліктің қалыптасып келе жатқандығын білдіреді. Яғни оқушының жеке тұлғасын зерттеу әдістерін қолдана білуді үйренді деуге болады.
Оқу –тәрбие жұмысы бойынша баға _________
_
(ұйымнан, кәсіпорыннан, мекемеден) психологиялық-педагогикалық практика жетекшісінің Абжалиева Надыра Киргизбаевна қолы _____
20_____ж. «______»_______________
Достарыңызбен бөлісу: |