Бекітемін Қазақстан Республикасы іім шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанайакадемиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Нурушев 2018 ж. Оқу жұмыс бағдарламасы


Көрнекті неміс педагогы Адольф Дистервег



бет29/49
Дата24.01.2024
өлшемі178.93 Kb.
#489613
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49
399017333 (1)

Көрнекті неміс педагогы Адольф Дистервег ХІХ ғасырдың орта шеніндегі Герман буржуазиялық-демократиялық педагогикасының прогрессивті өкілі болып табылады. Ол университетті бітірген соң 1813 жылдан бастап физика, математикадан орта мектепте сабақ береді. Кейін мұғалімдер семинариясының директоры болып қызмет істеді. Өз тәжірибесіне сүйене отырып Дистервег Песталоццидің дидактикалық пікірлерін насихаттады. Ол Берлинде «Педагогтық қоғам» құрып неміс мұғалімдерін біріктірді.
Дистервег 1835 жылы өзінің бай тәжірибесіне сүйене отырып «Неміс мұғалімдерінің білімін жетілдіруге басшылық» атты үлкен еңбегін жариялады. Бұл еңбектің бірінші бөлімі педагогика мен дидактиканың жалпы мәселелеріне, ал екінші бөлімі әр пәндерді оқытудың методикасына арналды. Бұл еңбектің көптеген жылдар бойы алдыңғы қатарлы неміс мұғалімдерін жастарға білім беру үшін күресуге жұмылдырды. Дистервег бұл еңбегінде алдымен өзінше ойлайтын, белсенді азаматтар тәрбиелеуді қажет деп санады. Оның басқа еңбектері, методикалық нұсқаулары, халық мектебі үшін шығарған оқулықтары да осы бағытта жазылды.
Дистервег математикадан, неміс тілінен, географиядан, астрономиядан 20-дан аса оқулық және оқу құралдарын жазды. Олар Германияда және басқа елдерде кең пайдаланылды.
3 тарау: Ресей тарихындағы тәрбие, мектеп және педагогика
6-тақырып. Х-ХYII ғасырлардағы Ресейдегі тәрбие мен білім беру.

1.Ресейде христиандықты қабылдап және мектептер дамуының басталуы. 


2.Баланың жанұядағы тәрбиесі. 
3.Оқытудың типтері. Туысқандық мектептер және академиялар. 


1.Ресейде христиандықты қабылдап және мектептер дамуының басталуы. 
Ежелгі Русьте білім беру және тәрбиелеу мәдениеті қалыптаса бастады. Прокопий Кесарийскийдің (VI ғ.) шығармаларында славяндарға тән тұлғалық мынадай сапалар аталады: көпшілдік және әділдік, жоғары құдыретті күштің бар екендігін мойындау, сиқырлыққа сену, қайырымды болу, жауынгерлік, еркіндікті сүйетін, батыр, денесі шымыр, күшті болу.
Ежелгі славяндардың тыныс-тіршілігінде алғашқы қауымдық құрылыстағы білім беру мен тәрбиелеу дәстүрлері сақталды, олар: 
балаларды балалық шақтан бастап түрлі істерге араластыру көзделді; 
ер және қыз балаларды тәрбиелеудің өзіндік ерекшеліктерінің болуы; 
түрлі ғұрыптарды сақтауды ұстану. 
Алғашқы қауымдағы экономикалық үдерістердің дамуынан шаруашылықтың түр-түрі пайда болды. Ол отбасының жіктелуіне, сөйтіп, түрлі әлеуметтік топтардың, яғни жер иеленушілер, қолөнершілер, ақсүйектер, дін иелері, т.б. пайда болуына ықпал етті. Осыған орай әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүддесіне қажетті тәрбие ерекшеліктері қалыптасты.
Бала тәрбиесі қашанда отбасынан басталады. Онда әсіресе ана тәрбиесі басым еді. Балаларды жас ерекшеліктеріне қарай былайша бөлген: “ сәби”- емшек еметіндер; “балдырған”- 3-6 жастағы ана тәрбиесіндегілер; “жеткіншек”- 7-12 жас аралықтарындағылар (сауат ашуға тартылғандар); “бозбала” –12-15 жасар балалар отбасының түрлі кәсіби шаруашылық дағдыларын меңгеріп, тайпадағы ересектер қатарына қосылғандар.
Экономикалық жағынан дамыған қауым “бозбалалардан” дайындықтан өткен жауынгерлер жасақтарын құрды.
Қауымдағы алуан түрлі кәсіптердің дамуына байланысты, кәсіби дайындықты меңгеру үрдісі біртіндеп күрделене түсті. Соған байланысты VI – IX ғ. ғ. шығыс славяндар арасында шәкірттік - оқыту формасы пайда болды. Қолөнерші шәкіртіне нақты кәсіби дағдыларды меңгертумен бірге, шеберліктің құпия сырын түсінуге және оның түрлі рәсімдерін орындауға да баулыды. Шығыс славяндар арасында шеберлер ерекше киелі қасиетке ие деген ұғым қалыптасты.
Ежелгі славяндардың тәрбиесі көптәңірлі дүниетанымға байланысты болды. Тәңірлердің дәрежесі әр түрлі еді. Мәселен, жер, найзағай, жануарлар, байлық, т.б. тәңірлер көптеп саналды. Сонымен қатар, олар жоғары құдыретті күшке де сыйынды.
Түйіндей келе, ежелгі славяндар табиғаттың тылсым сырын қайырымды және жауыз күштермен байланыстырды. Қауымдағы көптәңірлі дүниетаным бала тәрбиесіне жан-жақты ықпал жасады. Осы күнге дейін орыс деревняларында сақталған тұрмыстық салттар (нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, адамды жерлеу, жыл мезгіліндегі түрлі мерекелер - масленица, Иван Купала, т.б.) сол дүниетанымның нышаны болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет