Бекітемін Қазақстан Республикасы іім шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанайакадемиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Нурушев 2018 ж. Оқу жұмыс бағдарламасы


Ортағасырлық Үнді және Қытайдағы тәрбиелеу мен оқыту



бет25/49
Дата24.01.2024
өлшемі178.93 Kb.
#489613
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   49
399017333 (1)

2. Ортағасырлық Үнді және Қытайдағы тәрбиелеу мен оқыту.
Үндістанда ортағасырлық мәдениет пен бiлiм беру Гуптi империясы (V ғ.) құлағаннан кейiн қайтадан жандана бастады. Бiрақ, қоғамдағы касталық жүйе сақталып, халықтың кейбiр жоғары касталық топтары ғана бiлiм алуға мүмкiндiк алды. Брахман балалары дiни қызметкер лауазымына дайындалса, кшатр (әскерилер) мен вайшы (саудагер, дихандар) балаларын практикалық iс-әрекеттерге оқытуға бағытталды. Мысалы, вайшы балалары егiн егу, жердiң құнарлығын, көлемiн анықтау, суландыру, т.б. әрекеттерге үйретiлуімен қатар, мектептерде жағрапия, шетел тiлдерiн бiлу, сауда-саттық операцияларын үйренумен шұғылданды.
Буддистiк бiлiм беру жүйесi демократиялық негiзде болғандықтан касталық бөлiнудi мойындамады. Буддистер үйде оқытудан бас тартып, бiлiм берудi монахтарға тапсырғандықтан, монастрларда балалар мен жеткiншектер 10-12 жыл оқыды. Оқыту дiни-философиялық негiзде жүргiзiлiп, оқыту бағдарламаларына грамматика, лексика, медицина, философия, логика пәндерi енгiзiлдi.
Бiртiндеп брахман және буддистiк педагогикалық дәстүрлер жақындап, бiркелкi мәдени бiлiм беру жүйесi қалыптасты. Бұл жүйе ХI-ХII ғ.ғ. Үндістанды мұсылмандар жаулап алғаннан кейiн төмендеп кеттi. Мұсылмандарды оқыту мен тәрбиелеудiң басты шарты – араб тiлiнде Құранды оқу. XVI-XVII ғ.ғ. көптеген мектептерде оқыту парсы тiлiнде жүргiзiлiп, мемлекеттiк шенеунiктер мен ғалымдар осы тiлді жұмыстарында пайдаланады. Мұсылмандардың бiлiм беру жүйесi орта ғасырдағы Үндістанда бүкiл мұсылман дүниесiндегi оқыту жүйесiмен ұқсас болған.
Оқушылар бiлiмдi үй мұғалiмдерiнен және мектептерден алған, ал мектептер болса мешiттердің қарамағында болды. Оқытуды көп жағдайларда жеке оқу орындары мен жалданған мұғалiмдер жүргiздi.
Мұсылмандар мектептерiнiң төрт түрi: бастауыш және жоғарылау бастауыш бiлiм, Құран мектебi (Қасиеттi кiтапты оқу, жазу және есептеу); парсы мектебi (есеп, парсы тiлiндегi Саади, Хафиз поэзия үлгiлерiн оқу және жазу); парсы тiлi және Құран мектебi (алдыңғы екi мектептер бағдарламасы бойынша); ересектерге арналған араб мектептерi (Құранды талдау және оқу, парсы дәстүрiндегi әдеби бiлiм оқушыларға жүйелi исламдық бiлiмдер берген).
Мұсылмандар жоғары бiлiмдi медреседе және монастырлық оқу орындарында - даргабахта алатын. Ең iрi даргаб Делиде, медреселер Хайрабадта, Жампурада, Фирозабадта болып, XVI-XVII ғ.ғ. бұл оқу мекемелер ағарту орталықтарына айналып, атақтары көршiлес мемлекеттерге кең тараған. Медреселерде оқу парсы тiлiнде жүргiзiлiп, мұсылман-студенттер араб тiлiн оқыды. Оқу бағдарламаларына грамматика, риторика, логика, дiнтану, метафизика, әдебиет, заң негiздерi кiредi.
Оқыту көпшiлiгiнде ауызша жүргiзiлгенiмен, кейiн келе оқу әдебиеттерiнiң көбеюiне байланысты студенттер өздiгiнен бiлiмдерін толықтырып отырды.
Үндістандағы ортағасырлық мұсылмандардың бiлiм берудi реформалауы XVI ғасырға жатады. Оның басы-қасында ұлы Могол әулетiн құрған Бабыр (1483-1530 ж.ж.) мектептерінің алдына қойған басты мақсаты – мемлекетке шын берiлген қызметкерлер даярлау едi. Бұл ұстанымды император Акбар (1542-1605 ж.ж.) және оның сенiмдi кеңесшiсi Абдул Фазл Аллами (1551-1602 ж.ж.) бiлiм беруде және тәрбие жүйесiнде одан әрi жетiлдiрiп отырды.
Император Акбар зайырлы ғылым оқу жоспарларына арифметика, алгебра, геометрия, медицина, агрономия, басқару негiздерi, астрономия пәндерiн енгізіп, мiндеттi түрде оқытуға тапсырма берген.
Хань патшалығы (б.з.д. II ғасырдан ж. з. II ғасыр аралығы) кезеңiнде қағаз шығып, оқу құралдарының дайындалуы оқу сапасын көтердi. Бұл кезеңде үш сатыдан тұратын бiлiм беру жүйесi – бастауыш, орта және жоғары мектептердiң бет-бейнесi айқындалып, оқытуда үлкен жетiстiктерге жеткен. Iрi қалаларда бiрiншi жоғары оқу орны мемлекеттiк мекеме деп есептелiп, ауқатты отбасылардың балалары оқып, осындай мектептерде 300-ге жуық студенттер бiлiм алды.
Хань дәуiрiндегi тәрбие мен бiлiм берудiң идеологиясы – Конфуцийдiң саяси-әлеуметтiк iлiмi болды. Мектептерде классикалық Конфуций трактаттары басты пәндер ретiнде жүргiзiлдi. Бұл пәндердің толық оқу курсы Конфуций қағидаларын ұғынып, түсiнуді қамтамасыз етті. Курсты бiтiргеннен кейiн білім алушылар емтихан тапсырып оларға ғылыми дәрежелер берiлетiн. Бұл мектептi бiтiрген жастар мемлекет аппаратына қызметке қабылданатын.
Біздің дәуіріміздің III-Х ғ.ғ. ортағасырлық Қытайда мәдениет пен бiлiм беру деңгейi көтерiлiп, “алтын ғасыры” аталып, онда оқу мекемелерiнiң саны өстi. Университет типтес алғашқы оқу орны ашылып, мемлекеттiк емтиханға әлеуметтiк жағдайларына қарамай тiлек бiлдiрген әрбiр адамдар жiберiлдi.
Жоғары оқу орындарында ғылыми атақтар Конфуцийдiң бес классикалық трактаттары бойынша: “Өзгерiс кiтабы”, “Этикет”, “Көктем және күз”, “Поэзия кiтабы”, “Тарих кiтабы” берiлдi.
“Алтын ғасырдың” аяғында бiлiм беру жүйесi практикалық қажеттiлiктi өтей алмайтын күй кештi. Конфуций идеологиясы догмаға, схоластикаға айналды, сондықтан бiлiм берудегi дағдарыстарды жою қажеттiлiгi туды.
Қытайдағы тәрбие мен бiлiм берудегi дағдарысты шешуде философ және педагог Чжу Си (1130-1200 ж.ж.) Конфуций идеясын жетілдіруді көздеді.
Монғол әулетi Юань (1279-1368 ж.ж.) кезiнде дәстүрлi қытайлық тәрбие және оқыту жүйесiмен қатар моңғол мектептерi мен жазулары жаппай тарай бастады. Жаратылыс және математикалық ғылымдардың дамуы арқасында математикалық, медициналық, астрономиялық және басқа арнайы мектептер ашылды.
Қытайдың ортағасырлық бiлiм беру тарихында, әсiресе, Мин әулетi (1368-1644 ж.ж.) басқару кезеңiнде жалпыға бiрдей бастауыш бiлiм беру мәселесi көтерiлiп, элементарлық оқу орындарының саны өстi. Пекин мен Нанкинде жоғары әкiмшiлiкке кадрларды даярлау мақсатында жоғары оқу орындары жұмыс жасай бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет