Бекітемін Қазақстан Республикасы іім шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанайакадемиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Нурушев 2018 ж. Оқу жұмыс бағдарламасы


тақырып. ХYIII ғасырлардағы Ресейдегі ағарту, мектеп және педагогика



бет32/49
Дата24.01.2024
өлшемі178.93 Kb.
#489613
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49
399017333 (1)

7 тақырып. ХYIII ғасырлардағы Ресейдегі ағарту, мектеп және педагогика.



    1. ХVIII ғасырдағы Россиядағы мектеп және педагогика

    2. Халықтық педагогика құралдары. Білім беру және тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесі.

    3. Тұңғыш мемлекеттік тәрбие-білім мекемелері. Халықтық тәрбие және халықтық мектеп.




      1. ХVIII ғасырдағы Россиядағы мектеп және педагогика

XVIIІ ғасырда Россия экономикалық дамуда елеулі табыстарға ие болды. Өнеркәсіпте әсіресе металлургия өндірісі дамыды. Әйткенмен батыс Еуропа елдерінен әлде болса артта болды. Елдің экономикасын және отан қорғау қабілетін күшейту мақсатында дворян үкіметі бірнеше шараларды жүзеге асырды. Солардың ішінде мәдениет және ағарту саласындағы реформалар да болды.
Мектептің және педагогиканың дамуында ағарту ісі жөніндегі реформалардың мәні өте зор болды, ғылыми әдебиеттің пайда болуы, басқа тілден ғылыми еңбектердің аударылуы, ғылымдар Академичсының құрылуы.
Россия мәдениетінің дамуында алғашқы мемлекеттік мектептердің ашылуының мәні өте зор болды. Алғашқы жаңа типті оқу орны 1701 жылы І Петр Москвада ашқан математика және навигация ғылымдарының мектебі болды. Бұл Европадағы өмірге қажетті білім беретін алғашқы реалдық училище еді. Мемлекет қаржысына ашылған алғашқы бұл мектеп XVIII ғасырдың бірінші жартысында жыл сайын 200-ге тарта бала оқытты.Кейбір жылдарда баланың саны 500-ге жетті.
Бұл мектепте математика (арифметика, алгеьра, геометрия, тригонометрия), астрономия, географиялық мәліметтер және арнаулы ғылымдар (геодезия, теңізде жүзу) оқытылды. Кең профильді арнаулы білім беретін бұл мектеп әр мамандықтан кадрлар даярлады.
Бұл мектепте «төменгі сословияның» балалары да оқыды.
Бұл мектептің теңіз мамандарын даярлайтын кластары 1715 жылы Петербург қаласына көшіріліп, соның негізінде теңіз академиясы ашылды.
Математика және навигация ғылымдарының мектебін бітіргендер өнеркәсіптің әр салаларына қызметке жіберілді. Олардың ішінде шет аймақтағы мектептерге мұғалімдік қызметке жіберілгендері де болды.
І Петр Петербург, Москва және басқа ірі қалаларда артиллерия мектептерін, порттық қалаларда – навигация мектептерін, Москвада хирургиялық, инженерлік мектептерін ұйымдастырды.
1721 жылы Оралда алғашқы тау-кен мектебі ашылды, кейін Оралдағы ірі заводтардың жанынан арифметикалық мектептер, кейбір заводтар жанынан тау-кен мектептері ашылды. Бұл мектептер жалпы дәрежелі білім берумен қатар. Оқушыларға белгілі мамандықтан арнаулы даярлық берді.
XVIII ғасырдың бас кезінде жалпы дәрежелі білім беретін мемлекеттік мектептер ашу ісі қолға алынды. 1718 жылы 42 есеп мектептері ашылды. Бұл мектептерде оқу, жазуға үйретумен қатар, арифметика оқытылды, алгебра, геометрия және тригонометриядан алғашқы мәліметтер берілді. Бұл мектептерге де крепостной шаруадан бақа сословиның балалары оқуға алынды. Діни мектептерде де өзгерістер де болды, архиерей мектептері мен діни семинарияда едәуір жалпы дәрежелі білім берілетін болды. І Петрдің оқу-ағарту жөніндегі жаңалықтары үстем тап өкілдеріне арналса да, жалпы оқу-ағарту ісінің дамуына үлкен әсер етті.





      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет