«Бекітемін» Қазақстан Республикасы



бет9/13
Дата18.01.2024
өлшемі51.88 Kb.
#489313
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
АРАЛЫҚ АТТЕСТАТТАУ (1)

Балл қою кестесі



Балл

Сипаттамасы

5

Эссе мәтіндеріндегі негізгі және қосымша ақпаратты пайдаланып, мәселені анықтауға бағытталған 5 нақтылау сұрағын құрастырады. Эссенің тақырыбы мен мазмұндық желісі өзара байланыстырып, эссе тақырыбын ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған.
Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады,
техникалық қателерді жібермейді. Көтерілген мәселе бойынша тақырыптан ауытқымай, өз пікірі мен көзқарасын растайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдер келтіріп, «келісу, келіспеу» эссесін жазады. Жазылым барысында тыныс белгілерді түрлері мен қызметіне сай дұрыс қолданады.

4

Эссе мәтіндеріндегі негізгі және қосымша ақпаратты пайдаланып, мәселені анықтауға бағытталған 4 нақтылау сұрағын құрастырады. Эссе тақырыбын ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.
Көтерілген мәселе бойынша тақырыптан ауытқымай, өз пікірі мен көзқарасын растайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдер келтіріп, «келісу, келіспеу» эссесін жазады. Жазылым барысында тыныс белгілерді түрлері мен қызметіне сай дұрыс қолданады. Бір-екі қате жібереді.

3

Эссе мәтіндеріндегі негізгі және қосымша ақпаратты пайдаланып, мәселені анықтауға бағытталған 3 нақтылау сұрағын құрастырады. Эссе тақырыбын ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған. Көтерілген мәселе бойынша тақырыптан ауытқымай, өз пікірі мен көзқарасын растайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдер келтіріп, «келісу, келіспеу» эссесін жазады. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, қажет ететін жанрлық және стильдік түрлерін жүйеленбеуі)
жалпы әсерді бұзады. Жіберілген қателіктері жауапты түсінуге аздап кедергі келтіреді. Үш-төрт тыныс белгілері немесе емле қателеріне жол береді.

2

Эссе мәтіндеріндегі негізгі және қосымша ақпаратты пайдаланып, мәселені анықтауға бағытталған 2 нақтылау сұрағын құрастырады. Эссе тақырыбынан ауытқу байқалады. Көтерілген мәселе бойынша тақырыптан ауытқып, өз пікірі мен көзқарасын растайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдер келтіруі жалпылама жазылады. Сөздік қорды қолдануда өрескел қателер жібереді, осы деңгейде күтілетін лексикалық және грамматикалық формалардың қолдануда қиналатыны байқалады. Жіберілген қателіктері жауапты түсінуде қиындық тудырады. Төрттен астам тыныс белгілерін немесе емле қателерін жібереді.

1

Эссе мәтіндеріндегі негізгі және қосымша ақпаратты пайдаланып, мәселені анықтауға бағытталған 1 нақтылау сұрағын құрастырады. Эссе тақырыбынан ауытқу байқалады. Көтерілген мәселе бойынша өз пікірі мен көзқарасын растайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдер келтіруді орынды қолдана алмайды, өз пікірін жазбайды. Тіл нормалары туралы қарапайым білім жоқ, сөздік қоры өте жұтаң. Грамматикалық, пунктуациялық, орфографиялық қателердің көп болуы жауапты түсінуді қиындатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет