«Бекітемін» Қазақстан Республикасы



бет11/13
Дата18.01.2024
өлшемі51.88 Kb.
#489313
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
АРАЛЫҚ АТТЕСТАТТАУ (1)

8-сынып бойынша:
Тыңдалым және айтылым. Білім алушы тыңдалған мәтіннен (ақпараттан) астарлы ойды анықтайды.
Оқылым. Білім алушы өзі жазған эсседен проблемалық сұрақтар құрастырады.
Жазылым. Білім алушы өз ойын дәлелдеп, аргументативті эссе жазады. Жазылым барысында эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырады. Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолданады.


Балл қою кестесі



Балл

Сипаттамасы

5

Ұсынылған тезистердің сауатты дәлеледемелермен дәйектелуі,түрлі көзқарастардың берілуі,мәселеге қатысты дәйексөз,сандық деректер,ғылыми мәліметтерді қолдану мен дереккөздерді рәсімдеу талаптары сақталады. Оқылым мәтіндеріндегі негізгі ақпараттарды пайдаланады. Оқылым стратегияларын қолданады,комментарий жасап алады, іріктеп,талдап оқу арқылы эссе тақырыбын ашады. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырады. Мәтінде қазақ тілінің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормалары, орфография мен пунктуация ережелерін сақтайды, сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолданады. Бір қате жібереді.

4

Оқылым мәтіндеріндегі салыстыру мен жинақтау тәсілдерін қолдана алу қабілеті,ойлау ерекшелігі,күтпеген пікір мен сауал туындауына ықпал ету,пікірдің шынайылығын орынды қолдану арқылы эссе тақырыбын ашады. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырады. Мәтінде қазақ тілінің лексикалық,грамматикалық және стилистикалық нормалары,орфография мен пунктуация ережелерін сақтайды, , сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдануда бір-екі қате жібереді.

3

Мәселені берілген тақырып аясында нақты дәлелдемелермен шешу,өзіндік тұжырымдардың берілуі арқылы оқылым мәтіндеріндегі негізгі ақпараттарды пайдаланады. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыруға тырысады. Мәтінде қазақ тілінің лексикалық,грамматикалық және стилистикалық нормалары, орфография мен пунктуация ережелерін сақтауға тырысады, сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдануда үш-төрт тыныс белгілері қателеріне жол береді. Жіберілген емлелік қателіктері жауапты түсінуге аздап кедергі келтіреді.

2

Оқылым мәтіндеріндегі ақпараттарды жалпылама пайдаланады. Эссе тақырыбынан ауытқу байқалады. Ұсынылған тезистердің сауатты дәлеледемелер,түрлі көзқарастар мен көтерілген мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыруды жалпылама жазады. Сөздік қорды қолдануда өрескел қателер жібереді, осы деңгейде күтілетін лексикалық және грамматикалық формалардың қолдануда қиналатыны байқалады. Жіберілген қателіктері жауапты түсінуде қиындық тудырады. Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдануда қиналады, төрттен астам тыныс белгілерін немесе емле қателерін жібереді.

1

Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша аргументативті ойларын келтіре алмайды. Оқылым мәтіндеріндегі ақпараттарды жалпылама пайдаланады. Эссе тақырыбынан ауытқу байқалады. Мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыра алмайды. Тіл нормалары туралы қарапайым білім жоқ, сөздік қоры өте жұтаң. Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдануда бестен аса қате жібереді, грамматикалық, пунктуациялық, орфографиялық қателердің көп болуы жауапты түсінуді қиындатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет