«Бекітемін» Қазақстан Республикасы



бет10/13
Дата18.01.2024
өлшемі51.88 Kb.
#489313
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
АРАЛЫҚ АТТЕСТАТТАУ (1)

7-сынып бойынша:


Тыңдалым және айтылым. Тыңдалған мәтіннен ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі.
Оқылым. Білім алушы өзі жазған эссе мәтінінен проблемалық сұрақтар құрастырады.
Жазылым. Дискуссивті эссе жазады. Дискуссивті эсседе тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолданады.


Балл қою кестесі



Балл

Сипаттамасы

5

Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдарын барынша (ғылыми терминдер, тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) жанрға сәйкес орынды қолданады. Ойын еркін, логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры мол. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, жазылу сипатына қарай бірізділікті бастан-аяқ сақтайды. Грамматикалық, пунктуациялық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Мәтіннің мазмұны мен негізгі ақпараттарға қатысты жоғары ойлау деңгейіндегі проблемалық сұрақтарды өте жақсы құрастырады. Қателері жоқ

4

Тақырыптың мазмұнын ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдарын (ғылыми терминдер, тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) жанрға сәйкес қолданауға тырысатыны байқалады. Ойын логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры жеткілікті. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, жазылу сипатына қарай бірізділікті сақтайды. Грамматикалық, пунктуациялық , стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі. Мәтіннің мамзұны мен негізгі ақпараттарға қатысты проблемалық сұрақтарды жақсы құрастырады.

3

Тақырыптың мазмұнын ашуы жеткіліксіз. Жанрға сәйкес тіл құралдарын (ғылыми термин, тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек болғанымен, орынды қолданады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі аракідік байланыспайды. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін сақтайды, бірақ жазылу сипатында бірізділіктен ауытқу бар.Грамматикалық, пунктуациялық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі. Мәтіннің мамзұны мен кейбір негізгі ақпараттарға қатысты жабық сұрақтар құрастырады.

2

Тақырыптың мазмұнын ашуы шектеулі. Жанрға сәйкес тіл құралдарын (ғылыми термин, тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек қолданады, орынсыздық байқалады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі байланыспайды. Сөздік қоры шектеулі. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін сақтайды, бірақ жазылу сипатында бірізділік жоқ.
Грамматикалық, пунктуациялық,стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі. Мәтіннің жалпы мазмұнына қатысты, қатыссыз жабық сұрақтар құрастырады.

1

Тақырыптың мазмұнын ашпайды. Жанрға сәйкес тіл құралдарын қолданбайды. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі жоқ. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін сақтамайды. Грамматикалық, пунктуациялық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қателер кездеседі. Мәтіннің жалпы мазмұнына қатыссыз жабық сұрақтар құрастырады.Сұрақтары жоқ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет