10-сынып ҚГБ бойынша:
Тыңдалым және айтылым. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра біледі.
Оқылым. Білім алушы өзі жазған эссе мәтінін қолданып, ашық, жабық сұрақтар құрастырады.
Жазылым. Өз ойын дискуссивті эссе түрінде жазады. Жазылым барысында қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады.
Балл қою кестесі
Балл
|
Сипаттамасы
|
5
|
Оқылым мәтіндеріндегі негізгі ақпараттарды пайдаланады. Пікір бойынша өзіндік көзқарасын білдіреді, нақты дәлелдер келтіреді. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп жазады. Лексика мен грамматикалық формалардың кең ауқымын қатесіз, еркін және тиімді пайдаланады. Тілдің тыныс белгілері мен орфографиялық нормаларын сақтайды. Бір қате жібереді.
|
4
|
Оқылым мәтіндеріндегі негізгі ақпараттарды пайдаланады. . Пікір бойынша өз пікірін білдіреді, нақты дәлелдер келтіреді. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп жазады. Осы деңгейде күтілетін лексика мен грамматикалық формаларды жеткілікті түрде қолданатынын көрсетеді. Жіберілген қателіктері жауапты түсінуге кедергі келтірмейді. Тілдің тыныс белгілері мен орфографиялық нормаларын сақтайды. Бір-екі қате жібереді.
|
3
|
Оқылым мәтіндеріндегі негізгі ақпараттарды пайдаланады. Пікір бойынша өзіндік көзқарасын білдіреді, дәлел келтіреді. Эссе тақырыбын ашады. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын жазады. Осы деңгейде күтілетін лексика мен грамматикалық формалардың шектеулі көлемін қолданатынын көрсетеді. Жіберілген қателіктері жауапты түсінуге аздап кедергі келтіреді. Үш-төрт тыныс белгілері немесе емле қателеріне жол береді.
|
2
|
Оқылым мәтіндеріндегі ақпараттарды жалпылама пайдаланады. Пікір бойынша өзіндік көзқарасын білдіреді. Эссе тақырыбынан ауытқу байқалады. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды орынды қолдана алмайды, көтерілген мәселе бойынша жалпылама жазады. Сөздік қорды қолдануда өрескел қателер жібереді, осы деңгейде күтілетін лексикалық және грамматикалық формалардың қолдануда қиналатыны байқалады. Жіберілген қателіктері жауапты түсінуде қиындық тудырады. Төрттен астам тыныс белгілерін немесе емле қателерін жібереді.
|
1
|
Оқылым мәтіндеріндегі ақпараттарды жалпылама пайдаланады. Пікір бойынша өзіндік көзқарасын білдіреді. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды орынды қолдана алмайды, көтерілген мәселе бойынша өз пікірін жазбайды. Тіл нормалары туралы қарапайым білім жоқ, сөздік қоры өте жұтаң. Грамматикалық, пунктуациялық, орфографиялық қателердің көп болуы жауапты түсінуді қиындатады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |