Бекітемін «Білім» факультетінің деканы А. С.Құрманбекова 2016 ж. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні 5В010200 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білімгерлерге арналған жұмыс оқу бағдарламасы


Білім мен іскерлікке қойылатын талаптар



бет2/6
Дата07.02.2024
өлшемі199.5 Kb.
#491255
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Силлабус КТОА

2.Білім мен іскерлікке қойылатын талаптар:
2.1. Студент білуі керек: мектепте білім берудің әр кезеңінде қазақ тілін оқытудың мақсат-міндеттерін анықтай алу іскерлігі;

  • әрбір сынып оқушыларының қазақ тілін өз ана тілінің теориялық болмысы ретінде игеру психологиясы мен жас ерекшелігі психологиясын, физиологиялық, жеке бас ерекшелігін баланың қабілетімен байланыстыра алу қабілеті іскерлігі;

  • әрбір қазақ тілі сабағының, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық потенциялын мүмкіндігінше толыққанды жүзеге асыру жолдарын тану іскерлігі.

2.2. Студент істей алуы керек: оқушының қазақ тілін оқуға деген мотивтерін анықтап, оны дамыта білу іскерлігі;

  • сабақтағы оқу материалының сабақтан тыс жұмыспен байланыстылығын сабақтай білу іскерлігі;

  • жаңашыл әдістерді сабақтарда қолдана білу іскерлігі т.б.

  • оқу-танымдық процестің заңдылықтарын негізге ала отырып, оқушының танымын кеңейтіп, ойлауын дамытатын, тілін дамытатын танымдық, лингвистикалық, дидактикалық, пән мен оның ішіндегі жекелеген тақырыптардың өз ерекшеліктерінен туындайтын әдістер мен тәсілдер жүйесін тиімді қолдана білу іскерлігі;

  • қазақ тілін жалпы тілдер жүйесіндегі, түркі тілдер жүйесіндегі өзіндік орны мен ерекшеліктерін байланыстыра оқыту іскерлігі;

  • қазақ тілінен берілетін ғылыми материалдың эмпирикалық деңгейде қалып қоймай, оның теориялық деңгейге қарай ұласу жолдарын меңгерту.

2.3. Студенттің құзыреттілігі – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Құзыреттіліктің мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасуы. Оқытудағы құзыреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етуі, кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, мектептегі оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етуі.
Пән бойынша пререквизиттері: Қазіргі қазақ тілінің негіздері, Әдебиеттік оқыту әдістемесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет