Түсінік хат 1,2,3,4 – сыныптарға арналған күнтізбелік – тақырыптық жоспар «Көркем еңбек» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқу мақсаттары жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
. «Көркем еңбек» пəнінің маңыздылығы. Шынайы болмысты эстетикалық қабылдауды жəне еңбекқорлыққа тəрбиелеуді, адамның қоршаған əлеммен өзара байланысы жайлы білімді қалыптастырудың бірден – бір құралы болып табылады.
Оқу бағдарламасының мазмұны көркемдік – шығармашылық іс-әрекеттің алуан түрін қарастырады. Сабақта іске асырылатын қөркемдік іс-әрекеттің түрлерін
«Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі анықтайды. Сонымен бірге міндетті түрде қөркемдік іс-әрекеттің үш түрі жүзеге асырылады: конструктивті, бейнелеу, сәндік.
«Көркем еңбек» пəні елестету мен бақылау қабілетің, кеңістікте тану жəне көзбен көріп қабылдау қабілетін қамтамасыз ететін, əр түрлі шығармашылық əрекет барысында,көркемдік-технологиялық білімдерді, қабілеттер жəне дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Түрлі материалдармен жұмыс істеу оқушылардың технологиялық ойлауын, көркем – эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, фантазиясы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіруге себептеседі.
Пәндерді, бөлімдерді, тақырыптарды кіріктіру, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру құралы – ортақ тақырыптар – жаңартылған бағдарламалардың бірден бір ерекшелігі болып табылады. Олар барлық пәндердің мазмұнымен, ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлау жүйесімен байланысқан. Ортақ тақырыптар әр тоқсанға екі-екіден тең бөлінген. Мұғалім әрбір ортақ тақырыпқа бөлінетін сағат санын білім алушылардың дайындық ерекшеліктеріне байланысты өзі өзгертеді.
«Көркем еңбек» пәні оқу бағдарламасының мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани – адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістік – образдық ойлаудың, көркемдік – технологиялық білімнің негізін қалыптастыру.