Қарап зерттеу. Дененің өлшемдері мен температурасын анықтау.
Науқас адамды қарап зерттейтін бөлме жылы әрі жарық болуы тиісті. Науқас толық шешінгеннен кейін, белгілі бір қалыптасқан жүйеге сүйене отырып зерттеледі. Бұл тәсіл екі түрге бөлінеді: жалпы шолу және дененің жеке бөлімдерін қарау. Қарап зерттеу, әдетте, жалпы шолудан басталады. Онда науқастың жалпы сырт пішінінің оның жас шамасына сәйкестігіне зер салынады. Өйткені кейбір сырқаттардың әсерінен науқастың тым қартайғандығы немесе басқа өзгерістер байқалуы мүмкін.
Жалпы шолудың реті.
Науқастың жалпы хал-жайын анықтау. Ол қанағаттанарлық, орташа, ауыр және өте ауыр болуы мүмкін.
Науқастың ес-санасының күйін анықтағанда байқалатын өзгерістердің түрлері:
А Дұрыс ес. Мысалы, қойылған сұраққа анық жауап беріп, төңірегіндегі құбыластарды толық аңғарса, науқастың санасының дұрыс болғаны.
Б Абыржу (помрачение). Оған науқастың өз жағдайын дұрыс бағаламай, немқұрайдылықпен қарап, тыныштығы кетіп, мазасыздануы, сұраққа кешеуілдеп селқос жауап беруі сияқты белгілер тән.
В Мелшию (ступор)- қойылған сұраққа қолмен сілкілегенде ғана, онда да дұрыс жауап бермей, ұйқылы-ояу жағдайда қатып қалу.
Г Топастану (сопор). Науқас адам есінен танғанымен, жүйке талшықтарын тітіркендіргенде жауап беру қабілеті сақталады.
Д Естен тану (кома)-тыныс алу мен қанайналым ағзаларының қызметі сақталған науқас адамның тітіркендіргіштердің әсеріне жауап бермей, терең ұйқыда болуы.
Ес-сананың осы аталған өзгерістері қансырағанда, қандағы қанттың мөлшері артып немесе кемігенде, миға қан құйғанда, бүйрек немесе бауыр қызметінің жеткіліксіздігінен, арақпен уланғанда, т.б. себептерден байқалады. Ауыр ағымды инфекциялық аурулармен сырқат адамдардың денесі 40-410С-ға дейін қызса, олар сандырақтап, тым қозып, галлюцинациялық жағдайына ұшырауы мүмкін.
Науқастың төсектегі күй-қалпының түрлері
Жеңіл күй-қалып науқастың өзін-өзі күту жуынып- тарануға, төсегін жинап, өз бетімен тамақтануға, т.б. іс-әрекетті еркін орындауға мүмкіндігінің сақталуы.
2. Амалсыз күй-қалып сырқаты меңдеп, халі нашарлаған науқастың денесін белгілі бір қалыпта үнемі бір қырына, яғни сау жағына жатуға, басын биіктетіп ұйқтауға, ұйқы безі зақымдалған адамның етбетінен жатуға, т.с.с күйде ұстауға мәжбүр болуы.
3.Енжар күй-қалып, әдетте, арықтап әлсіреген немесе ессіз халдегі науқастарда байқалады, оларға медицина қызметкерлерінің немесе туыстарының күтімі қажет, яғни жатқан, отырған қалпын өзгерту, жуындыру, тамақтандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |