4) Иллюстративті мәлімет берілген.
5) Әдебиет:
Негізгі әдебиет:
Қосымша әдебиет:
6) Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
1. Жүрек-қантамыр жүйесі аурулары кезінде қандай негізгі шағымдарды білесіздер? ның ішіндегі жиі кездесетіні?
2. Ревматизмге түсінік беріңіз?
3. Артериялық гипертония кезіндегі мейірбикелік үдеріс.
4. Атеросклероз кезіндегі мейірбикелік үдеріс.
5. Жүректің ишемиялық ауруы кезіндегі мейірбикелік үдеріс.
1) Тақырып:№13. Асқорыту жүйесі ауруларында мейірбикелік үдеріс.
2) Мақсаты: Эзофагит, гастрит, жара ауруы, холецистит -өте жиі кездесетін аурулар.Сондықтан мейірбикелік істі профессиональды ұйымдастыру,осы аурулардың емдеуінде маңызы зор.
3) Лекция тезистері:
Эзофагит.
Эзофагит- өңештің кілегей кабатының. Рефлюкс–эзофагит - асқазан ішіндегі заттың кері өтіп, ұзақ тітіркендіруінен болатын өңештің қабыну - дегенерациялы ауруы.
Клиникалық көрінісі.
1.Өңештік симптомдар .
Қыжылдау – пептикалық эзофагиттің және асқазан - өңештік рефлюкстың басты белгісі. Бұл семсерше өскеншектен жоғары қарай таралатын, төс артының ашып күйдіру сезімі. Қыжылдау сезімі өңеш қуысында рН 4-тен аса төмендесе пайда болады, бірақ кейде асқазанның анацидтің сөлінің кері ыршуынан да бола береді. Әдетте қыжылдау кейбір тағамдардан, тамаққа аса тоюдан, уңкейгенде және бас жағы аласа төсекте жатқанда, ішімдік ішкеннен немесе темекі тартқаннан кейін пайда болады.
Кекіру- асқазан ішіндегі заттың өңештен өтіп ауызға түсуі.Кекіргенде ауызда ащы немесе қышқыл дәм сезінеді.Әдетте, адам ішкен тағаммен кекіреді. Кекіру көбіне еңкейгенде немесе жатқанда пайда болады. Өңештің төменгі сфинктерінің ауыр шамасыздығында горизантальдық қалыпта асқазан ішіндегі зат кейде ауыз қуысына еріксіз құйылады.
Дисфагия- жұтқан тамақтың өңештен өтуінің қиналуы. Рефлюкс эзофагитте болатын дисфагияның себептері: өңештің дискинезиясы немесе өңеш кілкгей қабығының құрғақтығы, мәселен склеродермияда, Шегрен синдромында, темір тапшылықты анемияда.
Ауызда сілекейдің көбеюі (ауыздың сілекейге толуы). Бұл белгі оншалықты жиі кездеспейді, көбіне қыжылдау кезінде байқалады; ол өңеш – сілікей рефлюксінен болады. «Алқымның түйілу сезімі » -өңештің жоғарғы бөлігінде қысымның биіктеуінен болатын шағым. Бұл сезім үнемі мазалайтын болса, оны « glomus hystericus » белгісінен айыру қажет.
Одинофагия - өңештің тағам өткен кезде ауруы. Бұл белгі өңештің кілегей қабығының едәуір қабынуынан болады. Одинофагия анықталғанда ең алдымен өңеш рагының күдіктенген жөн .
Эпигастрий аймағының және өңештің ашып ауруы. Рефлюкс –эзофагитте бұл белгі тамақ ішуге тәуелді немесе тәуелсіз сезіледі.
Мұндай ауырсынуда әрдайым ЖИА- нан айыру қажет.
Ықылық және құсу. Ықылық диафрагмалық нерфтың тітіркенуінен және содан диагфрагманың еріксіз жиырылуынан болады. Рефлюкс – эзофагитте ықылық көбіне диафрагманың өңештік тесігінің жарығында байқалады. Ықылық үнемі мазаласа, ең алдымен өңештің немесе асқазанның кардиальді бөлігінен рагынан күдіктену қажет. Құсу сирек байқалады, көбіне ішектің жарасы қосарланғанда кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |