Түсінік хат
«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың бойында гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу; ұлттық әдеби туындылармен қатар әлем әдебиеті туындыларымен таныстыру; көркем шығарманы тануда қажетті біліммен қаруландыра отырып, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде көркемдік тұтастық пен көркемдік бейнені талдау, жинақтай білу, шығарма идеясын, жазушы ұстанымын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру.
«Қазақ әдебиеті» пәні әдебиетті өнердің басқа салаларымен (кескін, театр, кино, музыка) салыстыра қарастырып, өз ойын еркін, дәлелді, сараптай, салыстыра отырып жеткізе білетін тұлғаның қалыптасуына үлес қосады. Сонымен қатар әдебиетті «Қазақ тілі», «Тарих», «Орыс әдебиеті», «География» пәндері, мәдени, қоғамдық және тәрбиелік шаралармен байланыстыра отырып, жүзеге асыру көзделеді. Осыған байланысты «Туған ел» бағдарламасы бойынша бір-бір сағаттан тақырып енгізілді.
Негізгі орта білімберудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі:
7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 72 сағат.
«Қазақ әдебиеті» пәні бағдарламасы үш негізгі дағдыны басшылыққа алынды:
1) түсіну және жауап беру;
2) анализ және интерпретация;
3) бағалау және салыстыру.
1) түсіну және жауап беру дағдысы шеңберінде оқушы ұсынылған әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды, кейіпкерлер портреті мен образын ашады; шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды, жатқа айтады; әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын түсініп, пікір алысады;
2) анализ және интерпретация дағдысын игеру арқылы білім алушы салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табады; шығармадағы тілдік бейнелеу: теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер мен қайталауларды табады, өлең құрылысын талдап үйренеді; эпикалық шығармадағы автор бейнесін табады; көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазады;
3) бағалау және салыстыру дағдысы арқылы шығарманың тарихи құндылығын бағалайды; кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды; шығармадағы мәселеге өз ойын қосып әдеби эссе; сыни хабарлама жазып үйренеді.
7-сыныпта оқытылатын көркем шығармалар тізімі: Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»; Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры; «Қыз Жібек» жыры; Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»; Ш.Қанайұлы «Зар заман»; С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»; Жамбыл Жабаев «Июнь жарлығы»; М.Жұмабаев «Батыр Баян»; М.Әуезов «Көксерек»; Қ.Қайсенов «Жау тылында»; С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»; М.Шаханов «Нарынқұм зауалы»; Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі; Т.Әбдіков «Қонақтар»; А.С.Пушкин «Ескерткіш».
Қазақ әдебиетінің әр кезеңінде жазылып, өзінің көркем құндылығын жоғалтпай келе жатқан туындылармен танысу арқылы оқушы әдеби талдау, сыни ойлау қабілеттеріне ие болып, шығармашылдық ізденіске қадам басады. Оқу мақсаттары белгілі бір тарау бойынша ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген тізімге сай жүзеге асады.
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген
Қазақ әдебиеті пәні, сыныбы 7Г, аптасына: 2 сағат, барлығы 68 сағат
Достарыңызбен бөлісу: |