І. ТҮСІНІК ХАТ
«Еңбекке баулу» оқу пәні бастауыш білім беру деңгейінде оқытылады және «Өнер және технология» білім беру саласына енеді. «Еңбекке баулу» оқу пәні оқушының көркем безендіру, бейнелеу, құрастыру сияқты негізгі көркемдік әрекеттері арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Еңбекке баулу тұлғаның эмоционалды-құндылық және сенсорлық мәдениетін дамытып, қоршаған орта мен өнердегі әсемдікті көру, бағалау және оларды өз қолымен жасау қабілеттіліктерін арттырады.
«Еңбекке баулу» оқу пәні әртүрлі өнер түрлері мен көркемдік әрекеттер мазмұнының кешені. Оқушылар «Еңбекке баулу» сабағында әртүрлі өнер шығармаларын көріп, қабылдау, зерделеумен қатар, дербес көркемдік шығармашылық әрекеттермен айналысады. Оқу материалына халықтық дәстүрлі және заманауи сәндік қолданбалы өнердегі ұлттық мәдени мұралар тәжірибесі негіз болып табылады.
«Еңбекке баулу» оқу пәнінің мақсаты – оқушының көркемдік шығармашылық әрекеттерін әсемдікті көру, қабылдау арқылы қалыптастыру, бейнелеу, безендіру, құрастыру сияқты көркемдік іс-әрекеттеріне қажетті дағдылары мен шеберліктерін шыңдау болып табылады және оқушылардың еңбекке деген оң көзқарастарын қалыптастыру.
«Еңбекке баулу» оқу пәнінің міндеттері:
-
бейнелеу өнерінің түрлерімен (сәндік-қолданбалы өнер, кескіндеме, сурет (графика), мүсіндеу және сәулет өнері) таныстыру;
-
оқушыларды әсемдікті бақылау, көру, зерделеу, эстетикалық сезімде әсерлену арқылы сурет салу, мүсін жасау, жапсырмалау және құрастыру сияқты көркемдік әрекеттеріне баулып, үйрету;
-
оқушыларға әртүрлі материалдармен (қағаз, бояу, мата, ермек саз, табиғи материалдар және заманауи технологиялық материалдармен және т.б.) жұмыс жасаудың техникалық тәсілдерін меңгерту;
-
көркем еңбек сабағында қолданатын арнайы терминдермен және ұғымдармен таныстыру.
«Еңбекке баулу» оқу пәнінің мазмүны төмендегідей бөлімдерді қамтиды:
Техникалық еңбек. Қағаз, қатырма қағазбен, тоқыма, табиғи материалдармен, ағашпен және сымтемірмен, техникалық үлгілермен жұмыс.
Көркем еңбек. Сәнді-қолданбалы қолөнер бұйымдарымен таныстыру: ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар, жиһаз, ыдыс-аяқтар, түрлі тұрмыс бұйымдары; бұл бұйымдарды әртүрлі ою-өрнектер (геометриялық, зооморфтық, әсімдік) қолдану арқылы дайындау. Өру элементтерімен таныстыру.
Дизайн. Көркем безендіру; түрлі түсті қағаздар мен матадан әртүрлі бұйымдарды құрастыру және жасау, оларды ұлттық ою-өрнек элементтерін безендіруде қолдану.
Тұрмыстык, еңбек. Өзінің киімдерін, оқу жабдықтарын күту; гигиенаны сақтау; мектептің (сынып) аумағын жинаудағы бүкіл мектептік түрлі шараларға қатысу. Бөлме өсімдіктерін күту.
Бұл бөлімге сабақ уақытында жалпы жүктемеден оқу уақыты бөлінбейді, қажетті дағдылар оқу-тәрбие үрдісі барысында меңгеріледі.
Оқушылардың жас ерекшелігі ескеріле отырып, бірінші, екінші сыныптардағы «Еңбекке баулу» пәнінің бағдарламасында «Дизайн» бөлімі енгізілмеген, соңдай-ақ «Техникалық еңбек» бөліміңде ағаш және сымтемірмен жұмыс істеу түрлері көзделмеген.
Тәрбиелей отырып үйрету (эстетикалық сезімін дамыту, еңбекке құрметпен қарауды дарыту, ұлттық мәдени мұраларды тиімді пайдалану) ұстанымы – бұл шығармашылық пен оқу міндеттерінің бірлігінде тұжырымдалады. Үйретудің көрнекілік әдістері мен тәсілдері – шебер, суретші, сәулеткер және т.б өнер иелерінің шығармаларын, үлгілер және өзге көрнекі құралдарды оқушыларға көрсету; жекелеген заттарды, бұйымдарды зерделеп, қарап көру; бейнелеу, безендіру, құрастыру, тоқу, жапсырмалау және т.б. әдіс-тәсілдерді көрсету.
Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес қабылдау, ойлау, қиялдау қабілеттерін ескеру – олармен жұмыс жүргізуді үйретудің мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін дұрыс құруға негіз болады.
Оқушылардың көркемдік шығармашылық жұмыстарды орындаудың сан алуан техникасын (сурет салу, мүсіндеу, жапсырмалау, құрастыру және т.б.) білуі, әртүрлі бейнелеу шеберліктерін (қылқаламмен, бояумен, қайшымен, стекамен және т.б. жұмыс істеу) меңгеру барысында көркемдік әрекеттері бейнелеу, безендіру, құрастыру сияқты көркемдік әрекеттердің үш формасының негізінде іске асырылады.
Бастауыш мектептің төменгі сынып оқушысында көркемдік әрекеттердің бір түрі екінші түрінен ажырамастай, тұтас қабылданады, себебі бала ойын түрінде өнер түрлеріндегі бейнелеу, безендіру, құрастыру әрекеттерімен жүйелі түрде айналысады.
Оқу жылындағы барлық сағат саны:
2 сынып - аптасына 2 сағат – барлығы – 68 сағат;
«Еңбекке баулу» оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі бастауыш білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде дайындалған қосымша оқу бағдарламаларын іске асыруға бағытталған. Көркемдік білім мазмұнындағы кескіндеме, мүсіндеу, керамика, көркем кестелеу, тоқу, құрастыру және заманауи көркемдік материалдармен жұмыс жасау технологиясын тереңірек оқытып, үйрету үшін және «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін төмендегідей қосымша сабақтарды ұсынуға болады:
2 сыныпта: «Өнер мұражайлары», «Көне ескерткіштер».
ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
2 СЫНЫП
(барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағат)
Техникалық еңбек ( 44 сағат)
Қағаз, қатырмақағазбен жұмыс ( 18 сағат)
Техникалық мәліметтер. Қатырмақағаздың және желімнің ерекшеліктері, қолданылуы. Қағаздың қатырмақағаздан айырмашылығы. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орыңдау. Жұмыс орнын дайындау.
Жұмыста қолданылатын әдістер. Қатырмақағазды өлшеу, белгілеу, ию, қию, желімдеу, біріктіру.
Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар: түрлі шырша ойыншықтары, жартылай бетперделер (маскалар), жол белгілері, қорап. Оригами: бақа, мысық, күшік, үй хайуанаттары, қарға балапаны; желкенді қайық, сағат, кітап арасына салатын жолақ, жіп орайтын катушка, жалаушалар, сумка тоқу; қозғалмалы ойыншықтар. Композиция құрастыру «Аквариумдағы балықтар».
Тоқыма материалдармен жұмыс (8 сағат)
Техникалық мәліметтер. Өсімдік талшықтарынан алынатын маталар: олардың түрлері, қолданылуы. Инеге жіпті сабақтау, ұшын түю. Тігіс түрлері. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орындау. Жұмыс орнын дайындау.
Жұмыста қолданылатын әдістер. Өлшеу, белгілеу, матаны пішу, қию, тігу.
Шамамен берілетін тапсырмалар. Матаны қиып жапсыру, қолмен тігу әдістері, түсті жіптер арқылы сәндеп тігу (изонить), жіптерді өру, түйме қадау. Жасайтын бұйымдар: кітап арасына салатын жолақ, қалпаққа арналған шашақ бау.
Табиғи материалдармен жұмыс ( 12 сағат)
Техникалық мәліметтер. Жергілікті жердегі табиғи материалдар туралы мәлімет. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орындау. Жұмыс орнын дайындау.
Жұмыста қолданылатын әдістер. Белгілеу, өлшеу ию, қию, тесу, желімдеу, біріктіру. Материалдарды үнемдеп пайдалану.
Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар:үй құстары, хайуанаттар, кірпі, көбелек, қоңыз, өрмекші ,тасбақа. Композиция құрастыру «Аквариумдағы балықтар» «Жайлауда», «Табиғат аясында».
Техникалық үлгілеу (6 сағат)
Техникалық мәліметтер. «Конструктор» бөлшектерінің жиынтығы (винт, кілт, гайка, бұранда). Бұйымдарды құрастыру. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау. Жұмыс орнын дайындау.
Жұмыста қолданылатын әдістер. Дайын бөлшектерді бұрап босату, біріктіріп қатайту.
Шамамен берілетін тапсырмалар. Құрастыратын бұйымдар: машина, бағдаршам, көтергіш кран, таразы, ұшақ, тікұшақ, қайық, кеме, желкенді қайық.
Көркем еңбек (24 сағат)
Ұлттық киімдер (10 сағат)
Техникалық мәліметтер. Ұлттық киімдер туралы мәлімет. Ұлттық киімдердің тігілуі, қолданылуы, қиып жапсыру. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орындау.
Жұмыста қолданылатын әдістер. Өлшеу, пішу, қию, тігу, желімдеу, біріктіру. Материалдарды үнемдеп пайдалану.
Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар: қалпақ, сәнделген тақия, шапан, тұмақ, сәукеле, кимешек, көйлек, етік, мәсі-кебіс, шалбар, тон.
Ыдыс-аяқтар (4 сағат)
Техникалық мәліметтер. Тұрмыста қолданылатын ыдыс-аяқтар. Ыдыс-аяқтағы ұлттық ою-өрнек. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орындау. Жұмыс орнын тиімді пайдалану.
Жұмыста қолданылатын әдістер. Ермексаз бен сазбалшықтан ыдыс-аяқтарды жапсырмалау. Әртүрлі материалдардан ыдыс-аяқтарды қиып жапсыру. Өлшеу, белгілеу, қию, желімдеу, тігу, біріктіру.
Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар: тостақ, шөміш, қасық, тегене, тарелка.
Зергерлік бұйымдар (6 сағат)
Техникалық мәліметтер. Зергерлік бұйымдардын түрлері, олардың қолданылуы. Зергерлік бұйымдардағы ою-өрнек түрлері. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.
Жұмыста қолданылатын әдістер. Иілгіш сымтемірлерді майыстыру, бұрау, кесу, қию, біріктіру.
Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар: шынжыр, сырғалар, сақина, білезік, сағаттың бауы, ілгектер.
Ұлттық бұйымдар (4 сағат)
Техникалық мәліметтер. Ұлттық бұйымдардың тұрмыста қолданылуы. Олардың безендірілуі. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орындау. Жұмыс орнын тиімді пайдалану.
Жұмыста қолданылатын әдістер. Өлшеу, қию, желімдеу, біріктіру, тігу.
Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар: қуыршаққа арналған кілемше, сырмақ, тұскиіз, кесе қап.
Оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар
2-сынып оқушылары үшін
Білуі тиіс:
-
орындалған жұмыстардың (кезең бойынша және тұтас) сапасын (дәлдік, ықшамдылық) бақылайды;
-
көркемдік әрекеттердің негізгі үш түрін жазықтық бетінде және көлемдік бейнелеу, кұру немесе жазықтықта, көлемде және кеңістікте көркемдік құрастыруды біледі;
-
әртүрлі көркемдік материалдарды қолдану арқылы безендіру немесе сәндік көркемдік әрекеттерді меңгереді;
-
әртүрлі өнер түрлерін көркемдік-эстетикалық тұрғыдан қабылдау дағдыларын меңгереді;
-
көркем шығармадағы негізгі ой түйінін анықтай алады;
-
көркем шығармалардың жанрларын ажырата алады;
-
тақырып, композиция, жанр, сюжет, салыстыру сияқты ұғымдарды түсіндіре алады;
-
берілген немесе еркін тақырыпқа эскиз құра алады, кескіннің логикалық бірізділігін қадағалай біледі;
-
композициялық орталықты, көркем шығарма сюжетін анықтай алады;
-
көркем шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін, жағымды, жағымсыз қылықтарын өз сөзімен айтып түсіндіре алады, күнделікті тіршілікте кездесетін жағдаяттарға өзінің эмоционалды қатынасын білдіре алады;
-
көркемдік бейнелеу, безендіру, құрастыру іс-әрекеттердің түрлерін ажыратады;
-
көлемдік жұмыс жасаудың тәсілдерін мүсіндеу, қағазбен жұмыс арқылы іске асырылатынын біледі;
-
ою-өрнектердің өмірде қолданылуы, оның көркемдік-сәнді заттар бейнесіндегі мән-мағынасын түсінеді және халық өнерімен байланысын біледі.
ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектептің бастауыш деңгейінде еңбекке баулу пәнінің басты мақсаты - оқушылардың еңбекке деген оң көзқарастарын қалыптастыру.
Бұл мақсат мынадай міндеттерді анықтайды:
-
еңбекке баулу сабағында оқушылар жұмыс орнында материалдар мен құралдарды дүрыс орналастырып қоя білуге үйрету;
-
жұмыста қолданылатьш материалдарды үнемді жұсауға үйрету;
-
әртүрлі бүйымдарды дайындау барысында эстетикалық талғамын қалыптастыру, оларды құастыруға жөне безендіруге үйрету;
-
сәнді-қолданбалы қолөнер туралы түсінік қалыптастыру.
Үйретудің көрнекілік әдіс-тәсілдері ішінен суретші шығармасын пайдалануда төменгі сынып оқушысы жас ерекшелігіне байланысты картинаны көре отырып, жердің, аспанның орналасуы бір сызықтың бойында емес, үлкен белдеуде бейнеленетін заттар алыстаған сайын жоғары, жақындаған сайын төмен, қағаз бетінің шетіне таман орналасатынын өзі көреді. Ал мүсіндеуде бұл көркемдік қабылдау олардың іс-қимылдарына сәйкестікте: қатарлас, бір-бірінен алыс, бір-бірінің артында және тағы басқа орналастыру арқылы шешіледі. Сондай-ақ бұл технология саусақ қимылдарын дамыту үшін аса маңызды.
Мамандар бүгінде адам миының оң және сол бөліктері өз қызметтерін біркелкі атқармайтынын дәлелдеп отыр. Сол жақ бөлігі жүйелі білім мен ойлауға бейімделген. Көптеген ғалымдар біздің қазіргі өркениетімізді «сол бөліктілер» есесіне құрылған деп атап, оң жақ бөлігіміздің мүмкіншіліктерін көп пайдаланбайтынымызды дәлелдеп көрсетті. Оқу үрдісін жүргізуде оң жақ ми бөлігі жетіліп жұмыс жасаса, бұл педагогика ғылымы үшін тиімді болар еді.
Құрастыру яғни конструкциялау бейнелеу және техникалық болып екіге бөлінеді. Құрастыру жұмыстарын тек техникалық жағынан қарастыру төменгі сынып оқушылары үшін қызықты емес. Сол себепті 6 жастағы бала үшін оқу үрдісіне ойындық әрекет түрлерін енгізу маңызды болмақ. Құрастыру (конструкциялау) барысында бала ойын қатынастарына түседі, ондағы әртүрлі рөлдерді орындайды. Заттардың эстетикалық қасиеттерін бағалау шеберлігін тәрбиелеу, бұйымдардың әсемдігіне назар аударуына алып келеді.
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-2 сыныптарында еңбекке баулу, оқытып үйрету қоршаған орта құбылыстарын эстетикалық тұрғыдан қабылдап, оның әсемдігін танып-білу және оларды қағаз бетіне түсірумен тығыз байланысты. Оқушылар алдымен көркемдік материалдармен (қағаз, қарындаштар, бояулар, саз балшық, ермексаз және т.б.) қасиеттерімен тікелей танысады, көркемдік шығармашылық әрекеттер барысында алынған нәтиежелермен байланысын танып біледі. Айналадағы заттар туралы, материалдар мен жабдықтар туралы білім алуын жалғастыру барысында олардың материал тануға деген ынтасы артады, өзінің ойын, айналадағы дүниеден алған әсерлерін бейнелеу, безендіру арқылы беруге ұмтылысымен сабақтастықта іске асырылады.
Бастауыш білім беру деңгейінде оқытып үйретудің маңызды міндеттерінің бірі ырғақ, симметрия, түстерді ескере отырып, ою-өрнек композициясын құруды білу біліктілігін дамыту болып табылады.
Келесі маңызды міндеті – әр түрлі көркемдік материалдармен шығармашылық жұмыс жасаудың технологиялық білім, білік, дағдыларын және ойын практикалық іске асырудың негізі ретіндегі техникалық орындау тәсілдерін меңгерту. Бастауыш сынып оқушылары қоршаған орта болмысындағы адамдардың, заттардың, үйлердің әшекейлеуін, безендіруін байқайды, көреді, құрылыстағы құру мен бейнелеуді олардың бір заттың айналасында бір-бірімен біріккен түрін көріп, көңіліне тоқиды. Мектепте алған білімін өмірде қолдана білу қабілетімен бірге байланыстырмаған білімнің мәні жоқ. Өнер мен өмірді байланыстырып оқыту – оқытушының міндеті.
«Еңбекке баулу» пәндерінің мазмұнын біріктіріп оқыту ғана емес, сонымен қатар әртүрлі өнер түрлерін, оларға тән жалпы заңдылықтарды, ұғымдарды да тұтастықта қарастырады:
Мәдениеттану: эстетикалық, эстетикалық талғам, өлшем, үйлесімділік, салыстыру, бөлшектер және тұтастық.
Техникалық: бір бөлшектік және көп бөлшектік бұйымдар, материал, құрал-саймандар, заттың бөлігі, үлгі (шаблон); бөлшектерді белгілеу, қайшымен қию, бөлшектерді (желіммен) біріктіру, өңдеу, тігістер.
Көркемдік-бейнелеу: бейнелеу материалы, құрал, сызық, жағылым, түс, симметрия, сурет, ою, орнек, жазықтық және көлемдік бейнелеу, рельеф, мозаика.
Еңбекке баулу
Барлығы 68 сағат
Аптасына 2 сағат
№
|
Сабақтың мақсаты.
|
Негізгі базалық түсініктер
|
Оқулықтың беті
|
Сағат саны
|
Күні
|
қорытынды
|
|
Жоспар бойынша
|
нақты
|
|
|
1 тарау. Техникалық еңбек ( 44 сағат)
Қағаз, қатырмақағазбен жұмыс ( 18 сағат)
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
-техникалық мәліметтер;
-қатырмақағаздың және желімнің ерекшеліктері, қолданылуы;
-қағаздың қатырмақағаздан айырмашылығы;
|
-қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орыңдау; жұмыс орнын дайындау.
-қатырмақағазды өлшеу, белгілеу, ию, қию, желімдеу, біріктіру.
|
1
|
Қатырмақағаз қандай материал?
|
Қатырмақағаз
|
|
1
|
|
|
|
2
|
Технологиялық бейне сызықтар
|
Бейне сызықтар
|
|
1
|
|
|
|
3
|
Қатырмақағазға белгілеу және қию
|
Белгілеу және қию
|
|
1
|
|
|
|
4
|
Үщбұрышты сызғыш көмегімен тік төртбұрыш салу және қию
|
Тік төртбұрыш салу және қию
|
|
1
|
|
|
|
5-6
|
Қатырмақағаздан ұшақтың үлгісін жасау
|
Үлгі жасау
|
|
2
|
|
|
|
7-8
|
Қағаздан жалауша жасау
|
Жалауша жасау
|
|
|
|
|
|
9-10
|
Қағаздан бүктеу арқылы құрбақа пішінін жасау
|
Қағазды бүктеу
|
|
2
|
|
|
|
11
|
Қағаздан бүктеу арқылы күшік жасау
|
Қағазды бүктеу
|
|
1
|
|
|
|
12-13
|
Қағаздан бүктеу арқылы мысық жасау
|
Қағазды бүктеу
|
|
2
|
|
|
|
14
|
Қағаздан бүктеу арқылы қарға пішінін жасау
|
Қағазды бүктеу
|
|
1
|
|
|
|
15
|
Симметриялы және симметриялы емес бөлшектер
|
Симметриялы, симметриясыз
|
|
1
|
|
|
|
16-17
|
«Көңілді көктем».Аппликация
|
Аппликация
|
|
2
|
|
|
|
18
|
«Аквариумдағы балықтар» Аппликация
|
Аппликация
|
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тоқыма материалдармен жұмыс (8 сағат)
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
-техникалық мәліметтер;
-өсімдік талшықтарынан алынатын маталар: олардың түрлері, қолданылуы.
|
-инеге жіпті сабақтау, ұшын түю;
-тігіс түрлері.
|
1-2
|
Таспа туралы түсінік
|
Таспа
|
|
2
|
|
|
|
3-4
|
Себет тоқу
|
Себет
|
|
2
|
|
|
|
5-6
|
Ілмек тігіс
|
Ілмек тігіс
|
|
2
|
|
|
|
7-8
|
Жөрмеп тігу
|
Жөрмеп тігу
|
|
2
|
|
|
|
Табиғи материалдармен жұмыс ( 12 сағат)
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
-техникалық мәліметтер;
-жергілікті жердегі табиғи материалдар туралы мәлімет.
|
-жұмыста қолданылатын әдістер;
-белгілеу, өлшеу ию, қию, тесу, желімдеу, біріктіру.
-материалдарды үнемдеп пайдалану.
|
1
|
Қарағай ағашы туралы түсінік
|
Қарағай ағашы
|
|
1
|
|
|
|
2
|
Ағаш материалына белгі салу
|
Ағаш материалдары
|
|
1
|
|
|
|
3
|
Өсімдіктерден алынатын табиғи материал түрлері
|
Өсімдіктерден алынатын табиғи материал
|
|
1
|
|
|
|
4
|
Туған жердің табиғаты мен байлығы
|
Туған жердің табиғаты мен байлығы
|
|
1
|
|
|
|
5
|
Ағаштан алынатын табиғи материалдардың түрлері
|
Ағаштан алынатын табиғи материалдар
|
|
1
|
|
|
|
6-7
|
Өсімдіктерді кептіру
|
Кептіру жолдары
|
|
2
|
|
|
|
8-9
|
Ағаш жапырақтарынан пішін жапсырмалау
|
Пішінді жапсырмалау
|
|
2
|
|
|
|
10
|
Өсімдік дәндерімен танысу
|
Өсімдік дәндері
|
|
1
|
|
|
|
11-12
|
Үйеңкі ағашының қанатжемістерінен пішін құрастыру
|
Үйеңкі ағашының қанатжемістері
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Техникалық үлгілеу (6 сағат)
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
-техникалық мәліметтер;
- «Конструктор» бөлшектерінің жиынтығы (винт, кілт, гайка, бұранда).
|
-бұйымдарды құрастыру;
- дайын бөлшектерді бұрап босату, біріктіріп қатайту.
|
1-2
|
Жұмсақ конструктор бөлшектерінен машина құрастыру
|
Жұмсақ конструктор бөлшектері
|
|
2
|
|
|
|
3-4
|
Конструктор бөлшектерінен арба құрастыру
|
Конструктор бөлшектері
|
|
2
|
|
|
|
5
|
Дайын конструктор бөлшектерінен көліктер құрастыру
|
Дайын конструктор бөлшектері
|
|
1
|
|
|
|
6
|
Шығармашылық сабағы
|
|
|
1
|
|
|
|
|
Көркем еңбек (24 сағат)
Ұлттық киімдер (10 сағат)
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
-техникалық мәліметтер;
-ұлттық киімдер туралы мәлімет. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орындау.
Жұмыста қолданылатын әдістер
Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар: қалпақ, сәнделген тақия, шапан, тұмақ, сәукеле, кимешек, көйлек, етік, мәсі-кебіс, шалбар, тон.
|
-ұлттық киімдердің тігілуі, қолданылуы, қиып жапсыру;
-өлшеу, пішу, қию, тігу, желімдеу, біріктіру;
-материалдарды үнемдеп пайдалану.
|
1-2
|
Сәукеле жасау
|
Сәукеле
|
|
2
|
|
|
|
3-4
|
Ата бейнесін жасау
|
Бейне жасау
|
|
2
|
|
|
|
5-6
|
Қыздар тақиясын тігу
|
Тақия тігу
|
|
2
|
|
|
|
7-8
|
Қалпақ тігу
|
Қалпақ тігу
|
|
2
|
|
|
|
9-10
|
Сыйлықтық қол сөмке тігу
|
Қол сөмке тігу
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ыдыс-аяқтар (4 сағат)
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
-техникалық мәліметтер;
-тұрмыста қолданылатын ыдыс-аяқтар.
-ыдыс-аяқтағы ұлттық ою-өрнек.
|
- ж ұмыс орнын тиімді пайдалану.
-ермексаз бен сазбалшықтан ыдыс-аяқтарды жапсырмалау.
-әртүрлі материалдардан ыдыс-аяқтарды қиып жапсыру;
- өлшеу, белгілеу, қию, желімдеу, тігу, біріктіру.
Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар: тостақ, шөміш, қасық, тегене, тарелка.
|
1
|
Ермексаз туралы түсінік
|
Ермексаз
|
|
1
|
|
|
|
2
|
Ожау туралы түсінік
|
Ожау
|
|
|
|
1
|
|
3
|
Тостақ жасау
|
Тостақ
|
|
1
|
|
|
|
4
|
Қасық, тегене, тарелка жасау
|
Ыдыстар
|
|
1
|
|
|
|
Зергерлік бұйымдар (6 сағат)
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
-техникалық мәліметтер;
- зергерлік бұйымдардын түрлері, олардың қолданылуы;
-зергерлік бұйымдардағы ою-өрнек түрлері.
|
-иілгіш сымтемірлерді майыстыру, бұрау, кесу, қию, біріктіру.
|
1
|
Зергерлік бұйымдар
|
Зергерлік бұйымдар
|
|
1
|
|
|
|
2
|
Сақина жасау
|
Сақина түрлері
|
|
1
|
|
|
|
3
|
Сым темірден шынжыр жасау
|
Шынжыр жасау
|
|
1
|
|
|
|
4
|
Білезік жасау
|
Білезік түрлері
|
|
1
|
|
|
|
5
|
Сағаттың бауын жасау
|
Сағаттың бауы
|
|
1
|
|
|
|
6
|
Сырға жасау
|
Сырға түрлері
|
|
1
|
|
|
|
Ұлттық бұйымдар (4 сағат)
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
-техникалық мәліметтер;
-ұлттық бұйымдардың тұрмыста қолданылуы;
- олардың безендірілуі.
Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар: қуыршаққа арналған кілемше, сырмақ, тұскиіз, кесе қап.
|
-жұмыс орнын тиімді пайдалану.
- қолданылатын әдістер: өлшеу, қию, желімдеу, біріктіру, тігу.
|
1-2
|
Кестелік кілемшені тігу
|
Кілемше тігу
|
|
2
|
|
|
|
3
|
Кестеленген қайшықап тігу
|
Қайшықап тігу
|
|
1
|
|
|
|
4
|
Қуыршаққа арналған кілемше тігу
|
Кілемше тігу
|
|
1
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |