Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік


ЕТІСТІК. ЛЕКСИКА- СЕМАНТИКАЛЫҚ, МОРФОЛОГИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата25.03.2022
өлшемі0.7 Mb.
#456478
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Грамматика

 
ЕТІСТІК. ЛЕКСИКА- СЕМАНТИКАЛЫҚ, МОРФОЛОГИЯЛЫҚ 
СИПАТЫ 
Ж О С П А Р Ы: 
1. Етістік туралы жалпы сипаттама 
2. Етістіктің лексика-семантикалық сипаты 
3. Түбір етістіктер 
4. Туынды етістіктің морфологиялық сипаты 
5. Күрделі етістіктер жəне олардың жүйесі 
Тірек сөздер: Етістіктер қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең 
күрделісі, ол неше түрлі амал, əрекет, іс, қимыл, қозғалыс, жай, күй сияқты 
процестерді білдіреді, морфологиялық құрылымы жағынан түбір етістіктер (ал, 
жүр, аш, бар),туынды етістіктер (тазала, көңілден, бақырай, сына), күрделі 
етістіктер(жəрдем ет, барып кел, бетке шіркеу түсіре көрме) болып бөлінеді. 
Етістік тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі грамматикалық 
категория. Етістіктің күрделілігі мен қарымдылығы оның аса өрісті лексика-
семантикалық сипатымен, кең синтаксистік қызметімен тығыз байланысты. 
Етістіктің лексика-семантикалық сипатының мейлінше өрісті болатын 
себебі-ол семантика тек субьектінің іс-əрекетін ғана емес, табиғат ауқамында, 
қоғам өмірінде ұшырасатын, адамның абстракт ойы мен санасы арқасында 
туатын неше алуан амал, əрекет, іс, қимыл, қозғалыс, жай, күй сияқты 
процестерге қатысты ұғымдарды түгел қамтиды. Етістіктің осы бай 
семантикасы, оның түр-түрі, қашан да болсын, мезгіл я шақ ұғымымен ұштас 
болады. 
Етістіктің лексика-грамматикалық формаларының бай болатын себебі-ол 
формалар амал-əрекеттің болу мезгілін, жүзеге асу кезеңін жəне олардың өту 
сипатын яғни бағыты, қарқыны, тынуы тəрізді жайларды бағдарлатады, демек, 
етістік формалары осы жəне олардан өзге əр түрлі құбылыстардың 
көрсеткіштері есебінде қызмет етеді. Бұлардың үстіне етістіктен етістік 
тудыратын, есімнен етістік тудыратын синтетикалық, аналитикалық тəсілдердің 


 58
жүйелерін, олардың нақтылы үлгі нұсқаларын қоссақ, етістік деп аталатын сөз 
табы форма жағынан орасан бай категория екені ашыла түседі. Шынында да, 
форма байлығы жағынан етістікке өзге бірде -бір сөз табы, солардың ішінде 
формасы ең бай саналатын зат есімнің өзі бара-бар түсе алмайды. 
Етістіктің лексика-семантикалық мағынасы мен формаларының байлығы 
оның өзіне тəн əр алуан лексика-семантикалық, лексика-грамматикалық 
категорияларынан тіпті айқын көрінеді. Мысалы, етістіктің өзіне лайық сөз 
тудыру жүйесі, ол жүйенің неше қилы формаларымен қатар өзіне ғана тəн сөз 
түрлендіретін де формалары бар. Ал, шақ, рай, етіс амалдың жүзеге асу сипаты 
сияқты жүйе-жүйе категориялар-етістіктің семантика жағынан ең бай 
формалары, сондай-ақ етістіктің өзге семантикалық жəне морфологиялық 
формаларынан мазмұндары да, тұрпат түрлері де өзгеше есімше, көсемше деп 
аталатын категориялары бар. Бұлар, бір жағынан, етістікті басқа сөз таптарынан 
ерекшелендіретін формалар болса, екіншіден, солармен ұштастыратын 
айрықша функциялары бар категориялар.
Етістіктің лексикалық құрамында қанша сөз болса, солардың 
əрқайсысының өзіне тəн лексикалық мағынасы болады. Солай бола тұра лек 
сикалық 
мағыналары 
қаншалықты 
басқа-басқа 
болғандарымен, 
сол 
етістіктердің бəрі де, ең алдымен, өздерінің мазмұнындағы барлығына да ортақ 
сипат есебінде танылатын семантикалық ерекшеліктеріне қарай бір сөз тобына 
телінеді. Дегенмен де, лексика-грамматикалық белгілері бірыңғай жеке сөз 
табы саналатын етістіктердің өздерін іштей бір-біріне мағына жағынан 
жақындықтарына, өзара функция жағынан орайластықтарына қарай топ-топқа 
бөлуге болады. Мысалы, оларды осы тұрғыдан алып, іштей амал-əрекет 
етістіктері (босат, көтер, көтер т.б.) қимыл-қозғалыс етістіктері (ауна, аудар, 
домала т.б) қалып-сапа етістіктері (жат, жантай, тұр, тос т.б.) ойлау-сөйлеу 
етістіктері (айт, сөйле, ескер т.б.) өсу-өну етістіктері (балала, гүлде, өс т.б.) 
бағыт-бағдар етістіктері (бар, кел, кет, əпер т.б.) көңіл-күй етістіктері (жыла, 
қайғыр, күл т.б.) бейнелеу-еліктеу етістіктері (жарқыра, күркіре, тарсылда т.б) 
дыбыс-сес етістіктері, көру-есту етістіктері, мінез-құлық етістіктері деген 
сияқты əлденеше топқа бөліп, саралауға болады.
Етістіктерді 
мағынасы 
қарай топтастыру мəселесі де, басқа сөз таптары сияқты, белгілі мақсатқа я 
нысанаға орайлас құрылуы қажет. Етістіктің грамматикалық формалары мен 
қызм еттерін дұрыс айқындау үшін оларды түбір формалардың, туынды 
синтетикалық жəне аналитикалық формалардың семантикалық құрылымдарына 
орай жіктеп, сырын ашу-олардың формалары мен мазмұндарының ара 
қатынастарын анықтауға тиімді де, қонымды да болмақ.
Есімдерге жəне басқа сөз топтарына қатысты сөздерден жұрнақтар 
арқылы туған жалаң етістіктер де, кемі екі сөзден құралып жасалған күрделі 
етістіктер де барлығы тіліміздегі ежелгі түбір етістіктердің семантикалық 
жүйесіне, морфологиялық формасына жəне синтаксистік функциясына орай 
құралып, солардың негізгі заңдарына лайық қалыптасып отырған. Байырғы 
түбір етістіктерді грамматикалық семантикасына, соған сəйкес қалыптасқан 
негізгі функциясына қарай төмендегідей үш салаға бөлуге болады. 
Бірінші сала. Бұларға өздеріне тəн негізгі лексикалық мағыналарын дəйім 
толық сақтап отыратын, соған орай, дербес, грамматикалық қызметтерін 
түгелімен атқарып отыратын түбір етістіктер жатады. Бұл етістіктер өздерінің 


 59
негізгі мағыналарын ұдайы сақтап отырады да, үнемі жетекшілік қызметінде 
жұмсалады. Түбір етістіктердің негізгі көпшілігі осы топқа жатады. Мысалы: 
аз, айт, ас, аш, бақ, жар, жақ т.б. 
Екінші сала. Бұл топқа өздеріне тəн негізгі лексикалық мағыналарын 
толық сақтап, сөйлемде дербес мүше болумен қатар, басқа бір жетекші 
етістікпен тіркескенде, лексикалық мағыналарын не жартылай, не бүтіндей 
жоғалтып, оған қосымша грамматикалық мағына ғана үстеп, жəрдемші ретінде 
де қызмет атқаратын түбір етістіктер жатады. Бұл етістіктер сөйтіп, əрі негізгі, 
əрі жəрдемші етістіктер есебінде жұмсалады. Оларға, мысалы, мына етістіктер 
жатады: ал, бар, бақ, бер, бол, біл т.б. 
:шінші сала. Бұл топқа енетін етістік саны аз. Оларға өздеріне тəн əуелгі 
лексикалық мағыналарын я жартылай, я бүтіндей жоғалтып, тек қана 
грамматикалық мағына жамап, грамматикалық формаға лекер болып қызмет 
ететін яғни бірыңғай көмекші есебінде ғана жұмсалатын е, еді, екен, жазда 
етістіктері ғана жатады. 
Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер жалаң жəне күрделі 
болып екі салаға бөлінеді. Жалаң етістіктерге түбір етістіктер жəне жұрнақ 
арқылы жасалған туынды етістіктер жатады. Жалаң етістіктер құрылымына 
қарай түбір жəне туынды етістіктер болып екіге бөлінеді. 
Түбір етістіктер деп арнаулы морфологиялық бөлшектері жоқ, демек, 
қазіргі кезде морфологиялық жағынан түбір жəне жұрнақ деп бөлшектеуге 
болмайтындай етістік формалары аталады. Мыс: аз, ал, айт, алда, бат, бер т.б. 
Сонымен, қазіргі тіліміздегі етістік түбірі неше қилы формалар (есімше, 
көсемше, рай, етіс, шақ т.б) тудыратын қосымшалардың барлығын алып 
тастағанда, сақталатын, яғни əрі қарай тағы да бөлшектеуге болмайтын түпкі 
бөлшек болады. Мысалы: берілген, берілсе, бергіздіртіпті, бергізіліпті деген 
формалардың бəріне де ортақ түпкі бөлшек бер бөлшегі түбір саналады. 
Туынды етістіктерге, əдетте, түбірлерден арнаулы жұрнақтар арқылы 
жасалған етістіктер жатады. Туынды етістіктерді тиісті түбірге жəне жұрнаққа 
бөлшектеуге болады, бірақ ол туынды тұлға есебінде қолданыла береді. 
Мысалы: ой-ла, той-ла, тер-ле, сүр-ле, ем-де, тоқпақ-та т.б. 
Жұрнақ арқылы жасалатын əрбір туынды етістіктің семантикасы, əдетте, 
оның құрамына енетін түбір мен қосылатын жұрнақтың мағыналарынан 
құралады. Мыс, тұзда, үтікте, шегеле, емде сияқты туынды етістіктерді алсақ, 
бұларға тұз, үтік, шеге деген зат есімдердің түпкі мағыналары негіз болған да, 
оларға қосылған-да, а (-е) жұрнақтары бұл зат есімдерді етістікке айналдырған. 
Жұрнақ арқылы жасалатын туынды етістіктердің мағыналары, негізінен 
алғанда құрамындағы екі компоненттің мағыналарынан құралса да, ол екеуінің 
құрылымы бір-бірімен ажырамайтындай болып бірігеді де, туынды форма бір 
бүтін тұлға есебінде тұтасады. Осы себептен кейбір туынды етістіктер 
бөлшектенбейтіндей болып, түбір сөз қалпына көшеді. 
Туынды етістіктің семантикалық құрылымына оған негіз болатын есім 
сөздің мағынасы үлкен əсер етеді. Өйткені (есім сөздің мағынасы үлкен əсер 
етеді) қызметі неғұрлым саяз я шағын болса, етістіктің мағынасы да соғұрлым 
тайыз я тар болады (бұрғы-ла, асфальт-та), керісінше есім сөздің қызметі кең я 
өрісті болса, етістік те соншалықты көп мағыналы болады. (қолда, көзде). 


 60
Түбірлерден немесе негіздерден жұрнақ арқылы жасалатын туынды 
сөздердің белгілі морфологиялық құрылымы болады. Əдетте, сол құрылымның 
бір компоненті жаңа форма жасауға негіз болатын дербес мағыналы сөз болса, 
екінші компоненті-сол бірінші компоненті белгілі бір табына айналдыратын 
жұрнақ болады. Туынды етістіктер тіліміздегі негізгі сөз топтарының 
қайсысынан болса да, жасала беретіні айқын көрінеді. Осыған орай, туынды 
етістіктер жасалатын енгіздеріне қарай, есімдерден жасалған етістіктер жəне 
етістіктен жасалған етістіктер деген екі салаға бөлінеді. 
Есім негізгі етістіктерге етістіктерден өзге сөз таптарынан жасалатын 
етістіктер жатады, олар арнаулы жұрнақтар арқылы көбінесе зат есмнен, сын 
есімнен, үстеуден, еліктеуіш сөзден, əредік одағайдан жасалады. 
Есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар мыналар: 
1. -ла, -ле, -да, -де, -та, -те жұрнағы арқылы дене мүшелері атауларынан 
көп етістік жасалады: төбеле, өкпеле. 
2. -лан, -дан, -тан жұрнағы -ла жəне -н қосымшаларынан пайда болған 
құранды қосымша. Осы себептен бұл жұрнақ алды-алдына жұмсалып, жеке-
жеке қосымша ретінде қызмет етіп, сараланатын бастапқы-ла жұрнағы жəне 
өздік я ырықсыз етіс тұлғасын жасайтын-н жұрнағы тіркесімен түрлес те, азды 
көпті мағыналас та келеді. 
3. -а, -е жұрнағы -көне қосымшаның бірі. Əуелгі баста есім сөзді етістікке 
айналдыратын өнімді қосымша болғанымен, бірте-бірте кнеленіп тек бұрынғы 
кезде жалғанған сөздерінің аясында ғана қалып қойған. Мысалы: ата, аса, өрте, 
тіле, т.б. 
4. -ырай, -ірей жұрнағы-əуелгі -ыр жəне -ай формаларынан құралған көне 
қосымша. Бұл жұрнақ көбінесе сын есімдерге, бейнелеуіш сөздерге жалғанып, 
олардан сыртқы, ішкі бейне, кескін, келбет, мүсін тəрізді көріністер мен 
құбылыстарды білдіретін туынды етістік жасайды. Мысалы: кішірей, тікірей, 
бақырай. 
Қазақ тілінде кемі екі я одан да көп компоненттерден құралып, сөйлеу 
тілінде де, жазба тілде де бірдей қолданыла беретін етістік тіркестері мен 
етістікті тіркестер тіпті көп. Мысалы: жəрдем ет, көмек көрсете көр, жəрдем 
беретін бол, қол ұшын жалғап жібере ғой, ала келсе игі еді, лақтырып тастай 
салғысы келіп отыр екен. Құрамы мен құрылысы жағынан əр түрлі бола тұрса 
да осындай есімді тіркестер мен етістікті тіркестердің бəрі де қазақ тілінде
бір категория ретінде қаралып күрделі етістік деген терминмен аталып жүр. 
Осы күнгі күрделі етістіктер əуелгі жай тіркестерден туған. 
Күрделі етістіктердің түрлері жəне олардың қысқаша сипаттамалары 
мынадай: 1.....жəрдем ет, əн сал деген күрделі етістіктер (есім мен көмекші 
етістік) 
тек 
семантика 
жағынан 
ғана 
емес, 
күрделі 
етістіктің
грамматикалануына таяныш болады (жəрдем етеді, жəрдем етті, жəрдем етсе 
игі еді, жəрдем еткен адам т.б.) Бұл үлгі бойынша жасалатын күрделі етістіктің
лексикалық мағынасына бірінші компонент (есім) негіз болса, екінші 
компонент сол есім сөзді етістікке айналдыратын дəнекер есебінде қызмет 
етеді, бірақ көмекші етістік қызмет жағынан жұрнаққа ұқсас болғанымен, 
формасы мен мағынасы жағынан ешуақытта да онымен тең түсе алмайды. 
Сөйтіп күрделі етістіктің бұл формасы сыртқы тұрпаты жағынан да,ішкі 
мазмұны жағынан да кұранды болып келеді. Осы себептен бұл үлгі бойынша 


 61
жасалған етістіктер күрделі құранды етістіктер деп аталады (ағалық ет, үлгі 
қыл қабыл ал, бас қатыр т.б.). 
2.... алып кел, барып кел, ала кел, келе кет, сұрап ал тəрізді жеке-жеке 
тіркестерді алсақ, олардың əрбір компонентінде өзді-өзінше дербес лексикалық 
мағына бар жəне əрқайсысының осы мағыналары бір-бірінен кем емес, бір-
бірімен тең түседі. Күрделі етістіктің бұл түріне тəн əрбір тіркестің лексикалық 
мағынасы құрамындағы екі компоненттің мағыналарынан құралады. Мысалы 
алып кел, келіп кет деген күрделі етістіктерді талдап қарасақ, дəлме-дəл 
болмағанымен шамамен айқындағанда біріншісі ал да кел, екіншісісі кел де кет 
деген ұғымдарды білдіреді. Күрделі етістіткредің өзге топтарынан ажырату
үшін бұл топты шартты түрде құрама күрделі етістік не жай күрделі етістік 
деп атауға болады. 
3. ....бетке шіркеу сала көрме, бойын аулаққа сала берді, місе тұтса игі еді, 
жігері құм бола жаздады.... деген күрделі етістіктер-тұрақты тіркестер, яғни 
идиомаланған тіркестер. Бұлар грамматикалық жағынан бөлшектенбейтіндей
болып, лексика-семантикалық жағынан бір ғана негізгі мағынаны білдіретіндей 
болып орныққан бір бүтін тұлға есебінде қолданылатын тұрақты тіркестер, 
күрделі етістіктер еркін жұмсала беретіндіктен, күрделі етістіктердің жүйесі 
мен құрамы идиомаланған, лексикаланған күрделі тобы деген атпен арнайы 
қаралады. Мысалы: опық жеді, ауыз жаласты, арамтер болды, жан алқымға 
алды, жек көрді т.б. 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Етістіктерге жалпы сипаттама берің 
2. Етістіктің лексика-семантикалық сипаты қандай

3. Түбір етістіктер грамматикалық семантикасына қарай неше топқа
бөлінеді 

4. Туынды етістіктер жасайтын жұрнақтарға сипаттама берің 
5. Күрделі етістіктер неше топқа бөлінеді, сипаттама берің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет