Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата25.03.2022
өлшемі0.7 Mb.
#456478
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Грамматика

Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Морфология Алматы, 1992ж 
2. Ə. Төлеуов. Сөз таптары. Алматы 1990ж. 
3. Хасенова А. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. Алматы. 1988ж. 
4. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар.
Алматы. Ана тілі. 1992ж. 
5. Қасымова Б. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер. Алматы, 1996ж. 
6. Н. Оразақынова, Ж.Исаева, Г.Сулеева Қазақ тілі. (Сөзжасам,
морфология. Алматы 2004ж. 
7.Қалиев, Н.Оралбаева, Б.Қасымова. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997ж. 
 
ЕТІСТІКТІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫ 
Ж О С П А Р Ы: 
1. Етістіктің негізгі грамматикалық категориялары туралы 
2. Етістік негізі жəне оның түрлері 
3. Салт жəне сабақтық етістік 
4. Етіс категориясы, түрлері 
5. Етістіктің болымдылық, болымсыздық категориясы 


 62
6.Қимыл атауы категориясы 
7. Есімше жəне көсемше категориялары 
8. Етістіктің рай жəне шақ категориясына сипаттама 
Тірек сөздер: етістік негізі - етістікке тəн барлық формаларға түп-таяныш 
болатын түбір сөздер, етістіктің өзіне тəн негізгі грамматикалық 
категорияларына мыналар жатады: салт жəне сабақты, болымды жəне 
болымсыз, етіс, қимыл атауы, есімше, көсемше, рай, шақ т.б. сөздердің табыс 
септікті меңгеру жəне меңгермеуіне байланысты салттылық жəне сабақтылық 
категориясы жасалады, етіс категориясының негізгі етіс, өзгелік етіс, өздік етіс, 
ырықсыз етіс , ортақ етіс, есімше, көсемше сияқты түрлері бар т.б. 
Етістік формаларының жүйесін айқындау үшін, сол жүйеге енетін 
формалардың негізгі грамматикалық сыр-сипаттарын ашып алу қажет. Ө:йткені 
ол жүйе етістіктің арнаулы формаларынан құралады. Формалардың 
ерекшеліктері олардың семантикалық жəне морфологиялық сипаттарын 
анықтау нəтижесінде ашылмақ. 
Грамматикалық формаларының көптігі мен мазмұнының байлығы 
жағынан жəне қызметтерінің қарымдылығы мен сан-салалығы жағынан 
етістіктер тіліміздегі сөз таптарының жүйесінде төтенше орын алады. Етістіктің 
бұл төтенше орны: 1) оның формаларының бəріне де тəн, бəріне де ортақ, 
бəрінде де болатын жалпы сипаттарымен, 2) сол формалардың өзді-өздеріне 
ғана тəн, өзгелерінде жоқ жалқы ерекшеліктерімен байланысты. Ө:йткені 
етістік формаларының бəріне тəн, бəріне ортақ, жалпы сипаттары оларды 
етістік деп аталатын үлкен категорияның айналасына шоқтайтын жалпы белгі 
болса, əр формаға тəн жалқы ерекшеліктер оларды алды-алдына саралап, бір-
бірінен ажырататын семантикалық жəне грамматикалық сипаттарының 
көрсеткіші есебінде қызмет етеді. 
Етістік негізі, қашан да болсын, өзіне лайықты, үйреншікті болып, əбден 
қалыптасқан арнаулы қосымшалары қосылғанда ғана тиісті киімін киіп, дербес 
лексика - семантикалық мəніне ие болып, грамматикалық қызметін мүлтіксіз 
атқаратын формаға айналады. Ө:йткені етістік қосымшалары əрбір семантика-
грамматикалық топтың (форманың өзіндік сипаттарын) ерекшеліктерін ашады. 
Ендеше, етістік формаларында жалпы қасиет те, жалқы қасиет те болады. 
Олардың алды - алдына сараланатын жалпы қасиеттерінен бір-бірін 
толықтырып, бірімен - бірі селбесіп, өз ара ұштасатын жалқы қасиеттерінен 
бүтін сөз табының етістіке тəн барлық сыр - сипаттары құралады. Солай болса, 
етістік формаларынын түр - түрін, олардың мағыналары мен қызметтерін 
анықтау-етістікке қатысты сөз формаларын жан-жақты етіп талдау, білу, 
баяндау болмақшы. Осы тұрғыдан қарағанда, талданылмақшы етістік 
формаларының жүйесі төмендегі грамматикалық категорияға бөлінеді:
1. Етістік негізі. 2. 
Қимыл атау категориясы. 3. 
Салттық 
жəне 
сабақтылық категориясы. 4. 
Етіс категориясы. 5. Болымдылық жəне 
болымсыздық категориясы. 6. 
Амалдың өту сипаты категориясы. 7. 
есімшелер категориясы. 8. Көсемшелер категориясы. 9.Рай категориясы. 
10. Шақ категориясы. 
Бұл категориялардың əрқайсысының мазмұны мен формалары, сондай-ақ 
қызметтері төменде алды-алдына баяндалады. 


 63
Етістікке тəн грамматикалық формаларға да, етістіктен жасалатын 
барлық басқа сөз топтарына тəн туынды формаларға (есім жəне басқаларға) да 
түп таяныш я түп негіз есебінде қызмет ететін етістік-тұлға болады. Тілімізде 
осындай грамматикалық формаларының бəріне де, сондай-ақ етістіктен 
жасалатын басқа да сөз топтарына тəн формаларға да түп нұсқа таяныш 
болатын ерекше тұлға бар. Осы тұлға етістіктің негізі деп аталады. Бұл тұлға 
тек лексикалық негіз ғана емес, грамматикалық тұлға ретінде саналады. Бұл 
тұлға қашан да болсын, сөйлеуші адамның тыңдаушы адамға амал-əрекетіне 
жүзеге асыруды нұсқай, сұрай, екінші сөзбен айтқанда, бұйыра өтіне айту 
семантикасын білдіреді. Мысалы: айт, оқы, жаз, бар, тұр. 
Сыртқы құрылысы мен құрамы жағынан етістіктердің негіздері жалаң да, 
күрделі де болады. Мысалы: ал, аш, бар, бас, күл, күт, көр, қос, қоры, нан, тер, 
сал дегендер - жалаң түбір негіздер де, абайла, арала, ақылдас, бағала дегендер-
жалаң туынды негіздер. Ал кемі екі я онан да көп сөздерден құралатын күрделі 
негіздерге: абай бол, айғай сал, жəрдем ет, алып бер дегендер жатады. 
Сонымен құрылысы мен құрамына қарай етістіктерді жалаң жəне күрделі 
деп бөлу етістік негіздерінің осындай нұсқаларына байланысты туады. Жалаң 
етістіктің де, күрделі етістіктің де лексика - семантикалық мағынасы осы 
негіздерге байланысты болады. 
Етістіктің салттық, сабақтылық семантикасы да осы негіздерге қарап 
анықталады. Мысалы: ал, айт, ая, арала, орна, күл сияқты негіздер кімді? нені
?
деген сұрауға жауап беретін табыс жалғаулы сөздерге сабақталып тұрады. Ал, 
бар, күл, қажы, көз жібер сияқты негіздер табыс жалғаулы сөздерге 
сабақталмай, өздерін салт ұстайды. 
Етістіктің қай-қайсысы болсын, мейлі ол іс я əрекетті атасын, мейлі 
қимыл я қозғалысты атасын бəрі бір-субьекті жасайтын амал-əрекетті немесе 
процесті білдіреді. Сондай-ақ іс я процесс сөйлеу тілінде обьектіге не тікелей 
тіреліп, сабақталып, не тірелмей, жанай жүзеге асырылып жатады. Етістіктің 
осылайша обьектіні тікелей керек ету я керек етпеуі оның жалпы 
грамматикалық семантикасына байланысты. Мысалы: кейбір етістіктер 
сөйлемде қолданылғанда табыс септікті сөзді-тура толықтауышты керек етіп, 
сабақталуды тілеп тұрса кейбір етістіктер табыс септікті сөзді қаламай - ақ оған 
сабақталмай-ақ салт күйінде жұмсалып тұрады. Етістіктің табыс септіктегі 
сөзді керек ету я керек етпеу қасиеті олардың синтаксистік жағынан тура 
толықтауышты меңгеру я меңгермеу қабілетіне байланысты қалыптасқан. Сен 
кітапты ал да, үйге қайт деген құрмалас сөйлемнің алғашқысындағы амалда (ал) 
бірдемені алуды керек етіп, соған тіркелетіндей, сабақталатындай қабілет 
болса, соңғы сөйлемдегі амал (қайт) ондай обьектіні керек етпей, оны жанай тек 
үйге қарай кету бағытын ғана білдіріп тұр. 
Аш, айт, бақ, бер, ек, ем, жаз, жай, сеп, сыз, тап, тер, үз, үй, ыл, іл 
етістіктерін алсақ бұлардың бəрі де қолдана қалсаңыз кімді
? нені? деген 
сұрауларға жауап беретін табыс септіктегі сөзге сабақталады. Сөйлеу тілінде 
табыс септікті сөзді демек, тура толықтауышты керек ететін семантикасы бар 
осындай етістіктер сабақты етістіктер деп аталады. 
Етістіктердің ішінде кімді
? нені? деген сұрауларға жауап күтпейтін, 
табыс септіктегі сөзге сабақталмай-ақ жұмсала беретін етісіктер де көп. 


 64
Мысалы: ау, бар, бұқ, жат, жур, тол, тоң, қажы, қуан т.б. Мұндай табыс 
септіктегі сөзге сабақталмайтын етістіктер əдетте, салт етістіктер деп аталады. 
Етістіктердің бəрі бірдей я салт, я сабақты бола бермейді. Олардың 
ішінде əрі салт, əрі сабақты болатындары да бар. Əдетте, мұндай қасиеттер не 
омоним етістіктер не полисемиялы етістіктерде болады. Мысалы: арт, жүр, тара 
етістіктерін қолдана қалсақ, олардың əрқайсысынан «жүкті артық» жəне 
«ақылы артты» деген сөйлемдер құрауға болады. Ал мұндай етістіктердің 
əрқайсысы əрі салт, əрі сабақты болып қызмет атқарады. 
Етістіктен етістік тудыратын өздерінше морфологиялық жəне 
синтакасистік сипаттары басқашалау болып келетін бір алуан жұрнақтардың 
жүйесі əдетте етістер я етіс категориясы деп аталады. Етістерді етістіктердің 
өзге категорияларынан ерекшелендіріп тұратын сипаттары мынадай:ол онан 
жөн сұрады, олар бір-бірінен жөн сұрасты, ол онан жөн сұратты, онан жөн 
сұралды, ол өзі сұранды деген сөйлемдердегі етістік формалардың 
соңдарындағы өткен шақтың қосымшасын алып тастағаннан кейінгі 
етістіктерді бір-бірімен салыстырғанда олар бір түбірден тараған түбірлес 
сөздер екендігі айқындалады. 
Етіс категориясы деп амалдың субьекті мен обьектіге қатысын, сондай-
ақ керісінше субьекті мен обьектінің амалға қатысын білдіретін формалардың 
жүйесін атаймыз. Бұл формаларда сөз тудыру қабілеті де, сөйлемдегі сөздердің 
синтаксистік құрылысын өзгерту қабілеті де болады. Етістер жұрнақтарының 
түрлеріне, олардың мағыналыры мен қызметтеріне қарай төмендегідей бес 
түрге бөлінеді: негізгі етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс, ырықсыз етіс, өздік етіс. 
1. Негізгі етістіктің арнаулы көрсеткіші болмайды. Оған əрбір түбір я 
туынды етістіктердің де, күрделі етістіктердің де негіздері жатады. Негізгі етіс 
деп өзге етіс формаларына таяныш - негіз болатын, солардың түрлерін, 
мағыналарын, қызметтерін салыстырып айқындайтын форманы айтамыз. (Бар, 
кел, сөйле, шөлде,ақта, арала, қарайла, оян қуан т.б.)
2. Ортақ етіс -с, -ыс, -іс жұрнағы арқылы негізгі етіс формасынан 
жасалады. Бұл жұрнақ негізгі етістікке амалды (істі) кемі екі я оннан да аса 
субьекті қатысып жүзеге асыратындықты білдіретін мəн үстейді, демек бірнеше 
субьектінің қатысы арқылы жүзеге асатын амалды білдіреді. Мысалы: айтыс, 
əкеліс, апарыс, қарас, таныс, көмек, көрсетіс т.б. 
3. Ө:згелік етіс -т, -тыр, -тір, -дыр, -дір, -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз жұрнақтары 
арқылы жəне сол жұрнақтардың қабаттаса жалғануы арқылы негізгі етіс 
формасынан жасалады. 
4. Ырықсыз етіс -ыл, -іл, -л жұрнағы арқылы жасалады. Бұл жұрнақ 
етістік негізінің мағынасына амал ырықсыз істелетіндей мəн жамайды, үстейді, 
бірақ ол формадан амалды кім істегені, яғни субьектісі көрінбейді де, көбінесе 
логикалық обьекті есебінде қызмет етеді. Мыс: қой қамалды, үй жиналды т.б. 
5. Ө:здік етіс -ын, -ін, -н жұрнағы етістік негізіне жалғану арқылы жасалады. 
Бұл жұрнақ етістік негізіне амалдың шарпуы я нəтижесі оны жасаушы 
субьектінің өзіне тиетінін білдіретіндей мəн жамайды. Мс: тара-н, жу-ын, оран 
Амал-əрекеттің болу я болмауы немесе тынуы я тынбай қалуы-табиғи 
құбылыс. Осы табиғи құбылысқа қатысты амал-əрекеттің жүзеге асуы я аспауы 
тілде арнаулы формалар арқылы айтылады. 


 65
Іс-əрекеттің жүзеге асуын білдіретін форма етістіктің болымды түрі деп 
аталады да, жүзеге аспауын білдіретін форма етістіктің болымсыз түрі деп 
аталады. 
Əдетте, етістіктің болымды түрі кəдімгі түбір, туынды жəне күрделі 
формалар арқылы білдірсе, болымсыз түрі сол формаларға я негіздерге арнаулы 
-ма (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) қосымшасы жалғану арқылы жасалады. Етістік 
негіздерінен туатын оның өзге формаларының бəрі де осы болымсыз түр 
қосымшасынан кейін тұрады. Мысалы: барма-у, келме-у, бар-ма-ғалы, бар-ма-
са т.т. 
Айтылмақшы ойдың стильдік талабы мен талғамына қарай, күрделі 
етістіктерде болымсыздық қосымшасы жетекші етістікке де, көмекші етістікке 
де немесе солардың біреуіне ғана жалғанып жұмсала береді. Мысалы: алмай 
қойды, алмай қоймайды т.т. 
Етістіктің есімше, көсемше, рай, шақ жəне басқа формаларына 
айтылмақшы мағына реңкіне, стиль талабына қарай болымсыздық мəн 
білдіретін емес, жоқ сөздері де қолданыла береді. Мысалы: көрген емеспін, 
көрген жоқпын, барғамыз жоқ, көрмей емес. 
Қимыл атауы істің я əрекеттің нақтылы процесін білдірмей, тек оның 
атауы ретінде қызмет ететіндіктен, онда шақтық ұғым болмайды. осы себептен 
етістікке тəн арнаулы грамматикалық формалар, яғни есімше, көсемше, рай, 
шақ, жақ формалары қимыл атауына тікелей жалғанбайды. Қимыл атауы 
семантика лық жағынан да, түрленуі (формалары) жағынан да етістіктен гөрі 
зат есімге жақын. Сол себептен қимыл атауына, қолданылу ыңғайына қарай, 
есімдерге тəн көптік, тəуелдік, септік жалғаулыры жалғана береді, бірақ оған 
еш уақытта да жіктік жалғауының қосымшасы жалғанбайды. Мысалы: 
сендердің бүгін келулерің қажет, мына киноны көрулеріңізге болады т.б. 
Қимыл атауына -лы, -сыз, -лық, -шылық, -шы, -дай тəрізді жұрнақтар 
қосылып туынды есімдер жасала береді. Мыс: жазулы, байлаулы, айтушы т.б. 
Етістік негізінен -у жүрнағы арқылы туған кейбір формалар қимыл атауы 
ретінде жұмсауларымен қатар, субстантивтеніп, адьективтеніп зат я сын 
есімдер қатарына көшкен. Бұл құбылыс қимыл атауының есімге 
жақындығының айғағы. Мысалы: бұрау, жамау, құрау, көсеу, түзу т. б. 
Қимыл атауы сөйлеу талабына лайық тиісті жұрнақтар мен жалғаулар 
қосылып түрленуіне орай өзге де негігі жəне көмекші сөздермен тіркесуіне 
қарай, дербес мүше де болады, күрделі мүшенің құрамына да ене береді 
Бір алуан жұрнақтар етістік негізіне жалғанып олардан етістік қасиеті де, 
есім қасиеті де бар есімше деп аталатын жаңа категория тудырады. Есімге де, 
етістікке де телулі бұл категорияға тəн формалар қолданылу ыңғайына қарай 
көптік, тəуелдік, септік, жіктік жалғауларында жұмсалып, сөйлемнің барлық 
мүшелері бола алады. Мысалы: Біздің білетіндеріміз -осылар. Құлақ естігенді, 
көз көреді. Айтылар сөз айтылды. Біз ертең киноға бармақпыз. Аларманға алтау 
аз, берерменге бесеу көп деген сөйлемдерді алсақ, олардағы білетіндеріміз - 
бастауыш есіткенді - толықтауыш, айтылар - анықтауыш, бармақпыз -
баяндауыш болып тұр. Бұдан есімшелерге көптік, тəуелдік, септік, жіктік 
жалғаулары мен жұрнақтар қосылу нəтижесінде олардың қолданылу аясы 
кеңейіп, синтаксистік қызметтерінің өрісі ұлғаятыны жəне осы ерекшелік қазақ 
тіліндегі есімшелерге үйреншікті екені анық көрінеді. Оның бер жағында 


 66
есімшелердің бұл ерекшелігі олардың əуелгі төркіні қимыл атаулары болып, 
бұрын осындай қызметтерді атқаратын машықтары кейінгі кездерде де 
бойларында сақталып қалғанын атай кеткен жөн. Бірақ есімшелр қимыл 
атауынан алған əдет - машықтарын бойларында сақтаумен қатар, етістікке тəн 
қасиеттерін де ұмытпаған. 
Сонымен, көптік, септік, тəуелдік, жіктік жалғауларында түрленіп, 
сөйлемде барлық мүше бола алатын морфологиялық жəне синтаксистік 
сипаттары бар, амал - əрекеттің атауы болу семантикасы мен шақтық ұғымды 
білдіру қабілеттері де бар формалар есімшелер категориясы деп аталады. 
Есімшелерге үйреншікті сипат болып қалыптасқан субстантивтік, 
атрибуттық, предикаттық қызметтер бұл формалардың жалпы жалпы 
грамматикалық та, жалқы грамматикалық та мағыналарынан туған. Бірақ 
есімшелер осы функцияларда амал - əрекет түрінде емес, қимылдың белгісі я 
сипаты түрінде көрсетеді, өйткені, əдетте субьектінің қимылын білдіретін 
етістіктер есімшеге айналғанда сол субьектінің қимылана емес, оның белгісіне 
көшеді. Дегенмен сөйлемде қандай қызмет атқарса, есімшелер өздерінің негізгі 
сипатынан-шақтық мəнді білдіру қабілетінен айрылмайды. Осы сипатына
қарапесімшелер категориясы есімдер тобына емес, етістіктер тобында 
қаралады. 
Ендеше, 
есімшелер 
етістікке 
жіктелу 
қабілетіне 
қарап 
жатқызылмайды, шақ сипаты болатындығына қарай жатқызылады жəне 
есімшелерді топтастырғанда, олардың осы сипаты негізге алынады.
Осы айтылған сипатына қарай есімше формалары өткен шақ есімше, осы 
шақ есімше, келер шақ есімше болып үш салаға бөлінеді. 
1. Есімшенің өткен шақ түрі етістік негізіне -ған (-ген, -қан, -кен) 
жұрнағы мен -атын, -етін жұрнағы жалғану арқылы жасалады. -ған жұрнағы 
арқылы жасалған форма сөйлемнің қай орнында қалай түрлендіріліп жұмсалса 
да жəне құрамы жалаң я күрделі түрде қолданылса да, дəйім өткен шақ мəнін 
білдіреді. Мысалы: Мен ол кісіні талай көргенмін, талай əңгімелескенмін. -
атын, -етін жұрнағы арқылы жасалатын есімшенің қай мезгілді білдіруі 
контекске байланысты, өйткені оның қай шақты білдіруі айналасындағы 
сөздерге қарай ауысып отырады. Мысалы: Біздер уақыт-уақыт жиналатынбыз 
да, əлеуметтік жай, əдебиет мəселелері жөнінде пікір алысатынбыз, тіпті кейде 
қатты таласатынбыз сияқты тіркесте өткен бір кездерде болған іс-əрекет 
жөнінде сөз болып отырғаны айқын. 
2. Есімшенің осы шақ түрі контекске қарай -атын, -етін, -йтын, -йтін 
жұрнағы арқылы жасалады. Бірақ бұл осы шақтық мағынасы сөйлесі отырған 
кезді дəл атамайды, дағдыға, əдетке айналған, үйреншікті болған, жалпы жүзеге 
асып отыратыня істеліп жататын əрекетті білдіреді. Мысалы: Сенің алғаның да, 
алатының да, аларың да ылғи алғыс дегендегі алғаның -өткен шақ, алатының -
осы шақ, аларың -келер шақ екені күмəнсіз. 
3. Есімшенің келер шақ түрі етістік негізіне -ар, -ер, -р жұрнағы мен -мақ, 
-мек, -бақ, -пақ жұрнағы жалғану арқылы жасалады. -ар жұрнағы арқылы 
жасалған есімше сөйлемде қай орында, қандай сөйлем мүшесі болса да 
семантика жағынан үнемі келер шақ мағынасын білдіреді. Мысалы: Қайта 
кірер есікті қатты жаппа. -мақ -мек жұрнағы арқылы жасалған есімше амал-
əрекеттің алдағы уақытта жүзеге асуы анық, айқын екенін білдіреді. Мысалы: 
Олар осында келмек, біз оларды күтпекпіз. 


 67
Етістік негіздерінен арнаулы қосмшалар арқылы жасалып, тиісті 
дəрежеде шақтық, модальдік жəне басқа мəндерді білдіретін ерекше формалар 
көсемшелер категориясы деп аталады. Көсемшелер етістіктің жалаң жəне 
күрделі негіздеріне, қимыл атауларына, есімшелерге, рай формаларына, 
көсемшелердің өздерінен басқа ешбір дəнекерсіз-ақ еркін тіркесіп, олардың 
юелгілерін, сипаттарын білдіреді де, сөйлемде көбінесе динамикалы адвербиал 
(етістіктен болған пысықтауыш) болып қызмет атқарады. Көсемшелердің осы 
қасиеті оларды етістіктің өзге формаларынан ерекшелендіріп отыратын негізгі 
жалпы грамматикалық сипаты болады. Мысалы: Ол күле сөйледі, күле сөйлесіп 
отырды.
Мұнымен қатар көсемшелердің барлық түрлері де бағыныңқы сөйлемнің 
баяндауышы бола береді, бірақ олардың ішінен тек жіктелген түрлері (-ып, -іп, 
-п, -а, -е, -й ) ғана басыңқы сөйлемнің баяндауышы болады. Мысалы: Жаңбыр 
жауып, жер көгерді, Біз бұл кітапты оқыппыз. Қазір үйге қайтамыз. 
Көсемшелер жеке-дара сөз есебінде қолданылмайды, морфологиялық 
жағынан түрленбейді, демек, көптік, тəуелдік, септік қосымшалары 
қосылмайды, тек əредік ғана жіктеледі, пысықтауыш жəне баяндауыш ғана 
болады.
Бұл категорияның арнаулы формалары бар. Олар мыналар: 1)-ып, -іп, -п, 2) 
-а, -е, -й, 3) -ғалы, -гелі, -қалы, -келі, 4) -ғанша, -генше, -қанша, -кенше. 
Көсемшелердің əбден қалыптасқан дағдылы қызметі етістіктің белгісін 
білдіру болады. Көсемшелер ол үшін өздерінің қосымшаларын дəнекер етеді 
жəне көсемшелердің осы семантикасында сəл де болса, шақтық мəн я оның 
нышаны болады. Шаққа қатысына қарай көсемшелерге төмендегідей қысқаша 
сипаттама беріледі. 
1) Ө:ткен шақ көсемше етістік негізіне -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -ғанша, -
генше қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады. Ө:ткен шақ көсемшенің 
бірінші түрінің мағынасы да, қызметі де орасан көп. Олардың кейбір негізгі 
сыр-сипаттары мынадай: Бұл форма дара түрде де, қайталанып та, қосарланып 
та, тізбектеліп те жұмсала береді.
Көсемшелер мезгіл мəнін шақ категориясындай толық білдірмегенімен, 
оның бір нышанын контексте білдіре алады. Осы соңғы қасиет көсемшелердің 
өзге формаларынан гөрі -ып, -іп, -п формалы түрінде айқын білінеді. Мысалы: 
Мен барыппын, сіз барыпсыз, ол барыпты дегендердің бəрінде де өткен шақ 
мəні бар. Қар жауып, үй суыды деген құрмалас сөйлемнің бағыныңқысындағы
жіктелмей тұрған баяндауыштан да өткен шақ мəні анық байқалады. 
Көсемшенің -ғалы, -гелі, -ғанша, -генше жұрнақтарының шақтық мəні 
контексте қолданылу ыңғайына қарай, бірде өткен шақ, бірде келер шақ реңкіне 
көшіп отырады. Мысалы: Сізбен танысқалы көп болған сияқты.
Осы шақ көсемше. Бұл формаға -а, -е, -й жұрнақтары арқылы жасалатын 
көсемше жатады. Бұл көсемшенің де мағынасы мен қызметі орасан көп. Оның 
негізгі сипаты төмендегідей: 1) -ып формалы көсемше сияқты амалдың 
белгісін, мезгілін, тəсілін, мақсатын, себебін, басқа амалмен жарыстырыла я 
жол-жөнекей істелу сипаттарын білдіреді. Мен жүре келе көп нəрсеге түсіндім. 
2) Құрмаластың бағыныңқысында, жалаң жəне жай сөйлемдерде баяндауыш 
болады. Мыс: Құс ұшады, бұзау мөңірейді. 3) Көбінесе аналитикалық етістіктің 
жетекші компоненті болады. Мысалы: Айта сал, бере тұр, ала қой құлай кетті. 


 68
Көсемшенің бұл түрі əдетте, ауыспалы осы шақ формасы деп аталады. 
Қолданылу ыңғайына қарай бұл форма контексте осы шақ мəнін де, келер шақ 
мəнін де білдіреді. 
3) Келер шақ көсемше. Бұл форма -а, -е, -й, -ғалы, -гелі, -ғанша, -генше
жұрнақтары арқылы жасалады. Осы үш қосымша да көсемшенің өткен шақ 
жəне осы шақ түрлерін жасауға қатысатындықтан оларды ауыспалы келер шақ 
деп атауға əбден болады. Ал бұл жұрнақтардың ауыспалы келер шақ мəнін 
жасаудағы қызметі тек баяндауышпен байланысты қаралады. а) -а, -е, -й 
жұрнағы арқылы жасалған көсемше көбінесе алдағы уақытта жүзеге аспақшы 
амал-əрекетті білдіреді. Бірақ сол келер шақ ұғымы нақты емес, жалпы ғана 
аталады. Мысалы: Біз алдағы каникулда да егін жинауға барамыз, сөйтіп 
əлеуметтік іске болысамыз. ə) -ғалы, -гелі жұрнағы етістік негізіне жалғанып, 
контекске қарай келер шақ мəнін де білдіреді. Мысалы: Мен сізді əдейі көргелі, 
сізбен танысқалы жəне ақылдасқалы келдім. б) -ғанша, -генше жұрнағы да 
етістік негізіне жалғанып, контекске қарай, оған келер шақ мəнін жамайды. Бұл 
форма құрмалас сөйлемнің тек бағыныңқысының баяндауышы болады да, 
басыңқы сөйлемде аталатын негізгі амалдан кейінгі іс-əрекетті білдіреді. 
Мысалы:Хош сау бол, ей ағалар,біз келгенше.Таз таранғанша той тарқайды. 
Сөйлеуші лебізінің я сөйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын 
білдіретін тілдегі тиісті фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тəсілдер 
жəне олар арқылы берілу жүйесі модальдік категориясы деп аталады. 
Модальдік категорияның етістік формалары арқылы берілетін амал-
тəсілдерінің жүйесі етістіктің райы деп аталады. 
Етістіктің райы мазмұн жағынан да, форма жағынан да аса бай категория. 
Мысалы: мен барайын, мен барайыншы, мен бара алмаймын, мен бара қояйын, 
мен бара салайын, мен барып көрейін, менің барғым келеді.... деген тəрізді жай 
сөйлемдердегі етістік формаларын алсақ, олардың əрқайсысында өздеріне тəн, 
өзгелерінде жоқ модальдік мəн бар. Ал сол модальдік реңктердің қай-қайсысы 
болсынетістіктің тиісті формалары арқылы беріліп, сол формалар арқылы бір-
бірінен ажыратылып тұр. Амалдың ақиқатқа қатысын білдіруіне қарай етістік 
райлары іштей сараланып ашық рай жəне неғайбыл райлар деп аталатын екі 
салаға бөлінеді. Олардың негізгі сипаттары мен айырмашылықтары мынадай: 
1) Ашық райда арнаулы грамматикалық көрсеткіштер болмайды, неғайбыл 
райларда арнаулы көрсеткіштер болады. 2) Ашық рай амалды реальды етіп 
көрсететіндіктен, мезгіл ұғымымен-өткен, қазіргі, келер шақтармен байланысты 
болады да, сөйлеу тілінде сол шақ формалары арқылы көрінеді. Ал неғайбыл 
райлар амалдың реальды емес екендігін, яғни амалдың негативті сипатын 
білдіріп, олардың бұйыру, қалау, шарт ету, қажет санау тəрізді модальдік 
реңктер түрінде атайды да, тек келешекке меңзегені болмаса, шақ 
категориясына тікелей қатыспайды. 3) Ашық райдың қолданылу өресі де, 
мағыналық қарымы да өте кең, əрі аса бай ұтымды болады. 
Ашық райдың арнаулы қосымшалары болмағанымен бұл категория 
амалдың белгілі бір мезгілде, яғни өткен, қазіргі, келер шақтардың бірінде болу 
я болмауын көрсететін шақ формаларымен тікелей байланысты болатындықтан, 
шақ формаларының жүйесі. 
Адам сөйлегенде я жазғанда белгілі бір жайт туралы жалаң хабар беріп 
қоймайды, соған қатысты өзінше түйген көзқарасын, көңіл қойын, ой-


 69
құбылысын да білдіріп отырады. Ө:йткені ондайда көңіл, ой құбылысы арқылы 
айтылатын хабардың анықтығы, ақиқаттығы, күмəнділігі, үстіртінділігі, 
мүмкіндігі, аяныш, жалыныш, қуаныш, реніш, жиреніш, өкініш, өтініш сияқты 
көңіл күйі жайлары да аңғартылып отырады. Сөйлеушінің я жазушының көңіл 
қошының осындай сəттері модельдік реңк деп аталады. 
Сөйлеуші лебізінің я сөйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын 
білдіретін тілдегі тиісті фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тəсілдер 
жəне олар арқылы берілу жүйесі модельдік категория деп аталады. Модельдік 
категорияның етістік формалары арқылы берілетін амал-тəсілдерінің жүйесі 
етістіктің райы деп аталады. 
Етістіктің райы-мазмұн жағынан да, форма жағынан да-аса бай категория. 
Мысалы: мен барайын, мен барайыншы, мен барсамшы, мен бара алмаймын, 
мен бара қояйын, мен бара салайын, мен барып көрейін... тəрізді жай 
сөйлемдердегі етістік формаларын алсақ, олардың əрқайсысында өзіне ғана тəн, 
өзгелерінде жоқ модальдық мəн бар. Ал сол модальдік реңктердің қай-қайсысы 
болсын етістіктің тиісті формалары арқылы беріліп, сол формалар арқылы бір-
бірінен ажыратылып тұр. Рай категориясы шақ формаларымен де, есімше мен 
көсемшенің формаларымен де жəне етістіктің кейбір өзге түр формаларымен де 
байланысты болады. 
Амалдың ақиқатқа қатысын білдіруіне қарай етістік райлары іштей 
сараланып, ашық рай жəне неғайбыл райлар деп аталатын екі салаға бөлінеді. 
Олардың негізгі сипаттары мен айырмашылықтары мынандай: 
1) Ашық райда арнаулы грамматикалық көрсеткіштер болмайды, 
неғайбыл райларда арнаулы қосымшалар болады. 
2) Ашық рай, амалды реальды етіп көрсететіндіктен, мезгіл ұғымымен - 
өткен, қазіргі жəне келер шақтармен байланысты болады да, сөйлеу тілінде сол 
шақ формалары арқылы көрінеді. Ал неғайбыл амалдың реальды емес екенін, 
яғни амалдың негативті сипатын білдіріп, олардың бұйыру, қалау, шарт ету, 
қажет санау тəрізді модальдық реңктер түрінде атайды да, тек келешекке
мегзегені ғана болмаса, жақ категориясына тікелей қатыспайды. 
3) Ашық райдың қолданылу өресі де, мағыналық қарымы да əрі кең, əрі 
аса бай ұтымды болады. Сол себептен көптеген модальдік реңктер мен басқа 
таза субьективтік мағыналарды білдіру үшін индикативтің (ашық райдың) 
формалары аса жиі қолданылады. 
Ашық райдың арнаулы қосымшалары болмағанымен бұл категория 
амалдың белгілі бір мезгілде, яғни өткен, қазіргі жəне алдағы кездердің бірінде 
болу я болмауын көрсететін шақ формаларымен тікелей байланысты 
болатындықтан, 
шақ 
формаларының 
жүйесі 
оның 
грамматикалық 
көрсеткіштері есебінде қызмет етеді. Бұл қызмет ашық райға тəн табиғи нəрсе. 
Рай категориясы етістікке тəн категория болатын болса, амалды, əрекетті, 
қимылды, қозғалысты, процестерді білдіретін етістіктердің өздеріне тəн табиғи 
формасы-шақ категориясы мен байланысты. Ө:йткені қандай амал я əрекет 
болсын белгілі бір мезгілде өтеді. Ашық райдың ең негізгі қасиеті-шақты, 
шақтың неше қилы мəндерін, реңктерін білдіру болады. Сөйтіп ашық рай деп 
амал-əрекеттің өткенде, қазірде жəне келешекте болу я болмауын білдіретін 
негативті грамматикалық категориясына айтамыз. Ашық рай формары арқылы 
айтылатын хабар ақиқат шындықты, реальды құбылысты білдіріп, тікелей, 


 70
өткен шақ, қазіргі шақ, келер шақ категорияларымен байланысты 
болатындықтан, оның нақтылы мазмұны мен формалары шақ категориясымен 
байланысты қаралады.
Етістік формалары арқылы реальсыз жүзеге аспайтын я асу -аспауы 
күдікті амал-əрекет те беріледі. Неғайбыл райлардың білдіретін негізгі 
мағыналары əмір, бұйрық, тілек, өтініш, жалыныш, шарт, мүмкіндік сияқты 
амал-əрекеттерімен байланысты болады да, тек келешекке ғана мегзейді. Яғни 
амалдың айқын емес екенін білдіретін негативтік сипат-неғайбыл райлардың 
бəріне де тəн жалпы қасиет. Ал жүзеге асуы реальды емес, тек идеальды я 
неғайбыл амалды білдіретін қосалқы райлар, арнаулы формалары мен 
модальдық мағыналарына қарай бұйрық рай, шартты рай, қалау рай деп 
аталатын үш түрге бөлінеді. 
Етістіктің бұйрық рай деп аталатын түрінің модальдық мағыналары-
семантика жағынан да, грамматикалық жағынан да қарымы кең формалар. Бұл 
рай іске қосу, амалды істеуге қозғау салу, түрткі болу, ұсыныс жасау, кеңес 
беру, тілек айту, өтініш ету, əмір ету, бұйыру сияқты қыруар көп модальдық
мағыналарды білдіреді, демек бұл рай сөйлеушінің белгілі бір істі жасау, 
жүргізу, тындыру туралы көңіл қошынан туған талабын, тілегін білдіреді. 
Қозғау салу, іске қосу мағынасы бір тыңдаушыға да, көп тыңдаушыға да, 8, 88, 
888 жақтардың бəріне де арналады жəне етістіктің жалаң я күрделі түрлері 
арқылы айтыла береді. Мысалы: 
1. Мен барайын. Біздер барайық 
Сен бар (барғын) Сендер барыңдар 
Сіз барыңыз Сіздер барыңыздар 
Ол барсын Олар барсын 
Модальдік мағыналардың біреулері əрқашан амалды істеу үшін біреуге 
(I, II, III жақтарға) ықпал жасау ниетін аңғартады да, əдетте ол субьектіні 
(адамды) іске икемдеу үшін көндіру үшін қолданылады. Бұлар, бұйрық ретінде 
айтылады. Модальдық мағыналардың екінші біреулерінде ықпал жасау ниеті 
көзделмейді, тек жай ғана тілек, өтініш айтылады. 
Сен оқы, мен тыңдайын, сен оқи бер, мен тыңдайын да отырайын т. т. 
мысалдардан бұйрық райдың жіктелетіні көрнеді. Бірақ ол формалардың
мағыналары жөнінде деу да, күңгірт мəселелер де жоқ еме. Мысалы I-жақ 
формалары (бар-айын, бар-айық, баралық) амалды жүзеге асыруды біреуге 
бұйырудан гөрі, сөйлеуші орындауды өз міндетіне алғаны, оны істеуге өз 
ынтасы барлығы аңғарылады. Ө:йткені бұл формалар (-йын, -йық, -лық) іске 
қозғау салмайды, біреуге сілтемейді, сөйлеушінің амалды өзі істейтінін 
білдіреді. 
II-жақ формалары нағыз бұйрық мəнімен қатар, тілек, өтініш, кеңес, 
ұсыныс тəрізді модальдық мағыналарды да білдіреді. Бірақ бұл мағыналардың 
да қилы-қилы реңктері контекске, интонацияға қарай анықталып, эмоциямен, 
экспрессиямен ұштасып жатады.
Бұйрық формасына -шы, -ші модальдық шылауы тіркессе, ол форма 
бұйрық мəнінен ажыратылады, сұрану (I-жақ), жалыну (II-жақ), өтіну (III-жақ) 
мағынасын білдіреді. мысалы: Мен барайыншы, сен баршы, сіз барыңызшы, ол 
барсыншы. 


 71
Осы шылау (шы, -ші) шартты рай формасына тіркессе. ол форма жақтық 
мəнінен ажырылады да, жүзеге аспаған жəне асапайтын неғайбыл амалды, яғни 
өкініш (I-жақ), жалыныш (II-жақ), өтініш (III-жақ) мағынасын береді. 
Қалау рай сөйлеушінің белгілі бір амалды я əрекетті жүзеге асыруға 
бағытталған ниетін, ынта-тілегін, үміт-арманын білдіреді. Бұл райдың 
көрсеткіштері есебінде -ғы -м, -ң, сы кел, -са игі еді, -ғай еді, -са екен 
форманттары қызмет етеді. Олар: 
Менің барғым келеді. Біздің барғымыз келеді. 
Сенің барғың келеді. Сендердің барғыларың келеді.
Сіздің барғыңыз келеді. Сіздердің барғыларыңыз келеді. 
Оның барғысы келеді. Олардың барғылары келеді. 
Бұл форма мазмұны жағынан да жүзеге асу я аспауы неғайбыл келер шақ 
мəнінде жұмсалуымен қатар, өткен шақ пен осы шақ түрлерінде де қолданыла 
береді. Бірақ олар нақтылы амалдың жүзеге асқан я асып жатқан шағын емес, 
тек өткен шақта я қазіргі шақта сөйлеушінің көкейінде болған арман-ынтаны 
ғана білдіреді. 
Мысалы: менің барғым келді, менің барғым келіп тұр. 
Күрделі -ғай еді форманты арқылы сөйлеуші басқа (II-III) субьектінің 
белгілі бір амалды жасағанын я орындағанын аңсайды, бірақ одан амалдың 
қалай тынғаны көрінбейді де, білінбейді де, мыс: сен барғай едің, ол барғай еді. 
Күрделі-са игі еді форманты арқылы да сөйлеуші басқа (II-III) субьектінің 
амалды орындауын тек тілек ретінде атайды. Бірақ амалдың нақтылы 
орындалатыны я орындалғаны аңғарылмайды. Мысалы: сендер барсаңдар игі 
еді, олар барса игі еді т. б. 
Күрделі -са екен форманты да болашақта істелінетін амалды тек аңсап
тілейді, бірақ оның жүзеге асу я аспауы тіпті ескерілмейді я ілтипатқа 
алынбайды. Мысалы: Сен ертең жүрсең екен, ол пікірін айтса екен т. т. 
Қалау райының арнаулы көрксеткіштерінің бəрі де-əбден орныққан 
күрделі формалар, олардың жеке компоненттері бір-бірінен ажырамайды жəне 
мағыналары да сол компоненттерінің мағыналарынан құралмайды. Олардың 
құрамындағы еді, екен формалары шақтық мəннен əбден айырылып қалған да, 
тек бөлінбейтін бөлшек сияқтанып кеткен. 
Шартты рай формасы етістіктің жалаң, күрделі негіздеріне -са, -се 
жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Шартты райдың бұл формасы мағына 
жағынан басқа бір амалдың я істің жүзеге асу-аспау шартын білдіреді. Осы 
мағынасына орай, шартты рай формалы етістік үнемі құрмалас сөйлемнің 
шартты бағыныңқысының баяндауышы болады да, басыңқы сөйлемнің 
баяндауышының істелу-істелмеу шартын көрсетеді. Мысалы: Мен барсам, сен 
кетіп қалыпсың. Олар келсе, бəріміз үйге қайтамыз. 
Шартты рай формасы үнемі жіктеліп жұмсалады. Оның жіктелу үлгісі 
жедел өткен шақ формасына ұқсас. Шартты рай формасының үнемі жіктеліп 
жұмсалатынына мынадай екі себеп бар: біріншіден, «еді» көмекшісімен 
тіркестіріліп қолданылғанда да, шартты форма жақ қосымшасында тұрып 
жіктеледі (мен барсам еді, сен барсаң еді), екіншіден сабақтас құрмаластардың 
бағыныңқы сөйлемдерінің баяндауыш формаларының ішіндегі үнемі жіктеліп 
жұмсалатыны-тек осы шартты форма, өзге формалдар жіктелмейді. 


 72
Шартты рай формасының жіктелуі түріне -шы, -ші дəнекері тіркесіп 
жұмсала береді, бірақ бұл шартты форма шарт мəнінен айырылып, қапы калу, 
опық жеу, өкіну тəрізді басқа мəнді білдіреді. Мысалы (сен барсаңшы, сендер 
барсаңдаршы) 
Қазақ тілінің шақ категориясының жүйесі өткен шақ, осы шақ, келер шақ 
деп аталатын үш саладан тұрады.
Ө:ткен шақ деп сөйлеу кезеңінен бұрын болған я істеліп тынған амал-
əрекетін білдіретін етістік формаларын айтамыз. Сөйлеу кезінен бұрын болған я 
істеліп тынған амалдың кезін білдіретін етістік формаларына қазақ тілі аса бай. 
Бірақ ол формаларының түрлері де, мағыналары да бірдей емес, əр алуан. 
Мысалы: Біз бардық, біз барғанбыз, біз барушы едік, біз барар едік, біз барады 
екенбіз, біз бара жатыр едік. 
Семантикалық сипаттарын ескере отырып, өткен шақты анық өткен шақ, 
танық өткен шақ жəне неғайбыл өткен шақ деген үш салаға бөлуге болады.
1. Анық өткен шақ деп сөйлеушінің болған я болмаған амал-əрекетті өзі 
басы-қасында болғандай, өз көзімен көргендей, тыңдаушы əбден қанық 
боларлықтай, сенерліктеі етіп хабарлайтын формаларды айтамыз. 
Анық өткен шақ формалары мынадай көрсеткіштер арқылы жасалады: 
1) -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы 
2) -ған, -ген, -қан, -кен
3) -атын, -етін, -йтын, -йтін 
4) -ып еді, -іп еді, -п еді
5) -ған еді, -қан еді форманты 
6) -ушы еді, -уші еді форманты 
7) -тұр, жүр, жатыр, отыр етістіктері мен есімдерге еді көмекші етістігі 
тіркесенді (жүр еді, отыр еді) 
2. Танық өткен шақ деп сөйлеушінің болған я болмаған амал-əрекетті өзі 
басы-қасында болмай, өз көзімен көрмей, тек басқа айғаққа сүйеніп, не кейін 
өзі көріп, оқып, сұрап, естіп білген мəліметке сүйеніп айтқанындай етіп 
көрсететін формаларды айтамыз. Танық өткен шақ көрсеткіштері мыналар:. 
1) -ып, -іп, -п жұрнағы 
2) -ған екен, -қан екен форманты 
3) -а-ды екен, е-ді екен форманты 
3. Неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ деп сөйлеушінің бұрын істелмекші 
болған, жүзеге асырылмақшы болған ниетті, мақсатты, шартты. болжалды, 
тілекті сөйлеп отырған кезге дейін орындалған-орындалмағанын белгісіз етіп 
көрсететін формаларды айтамыз. Неғайбыл өткен шақ формалары мынадай 
көрсеткіштер арқылы жасалады. 
1) -мақ еді, -бақ еді, -пақ еді форманты 
Ө:ткен шақ пен осы шақтың жігін ажырату үшін де сөйлеу кезі, демек, 
сөйлеушінің тыңдаушыға сөйлеп отырған сəті шек, өлшеу етіп алынады. Олай 
болса осы шақ формасы сөйлесіп отырған уақыт бойында болатын я болып 
жататын амал-əрекетті суреттейді. Қазақ тіліндегі осы шақ категориясының 
арнаулы морфологиялық көрсеткіштері жоқ. Бірақ етістік жүйесінде оның əр 
түрлі мағыналарын білдіруге икемделіп, замандар бойы сол қызметтерді атқару 
нəтижесінде əбден орнығып, қалыптасқан грамматикалық амал тəсілдер бар. 


 73
Осы шақ категориясы мынадай үш түрге бөлінеді: жалпы осы шақ, нақ осы 
шақ, неғайбыл осы шақ.
1. Жалпы осы шақ формалары етістік негізіне көсемшенің -а, -е, -й 
жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Ө:йткені бұл форма контекстегі қызметіне 
қарай сөйлеп отырған кезде болатын амал-əрекетті де, үнемі істелетін кəсіби 
жəне басқа күнбе-күнгі əрекетті де, адамзатқа, ғаламзатқа тəн үйреншікті 
дағдылы жалпы қимыл- қозғалыс амал-əрекеті істі де білдіре алады. 
2. Нақ осы шақ көсемшенің өткен шақ (-ып, -іп, -п) жəне осы шақ (-а, -е, -
й) түріндегі етістік формасына жатыр, жүр, отыр, тұр деген жай-күй 
етістіктерінің біреуі тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: айтып отырмын, көріп 
тұрмыз. 
3. Неғайбыл осы шақ екі түрлі аналитикалық формант арқылы жасалады. 
Оның біріншісі көсемшенің келер шақ (-ғалы,-гелі) формасындағы етістікке 
жатыр, жүр, отыр, тұр етістіктерінің бірі тіркеседі де, соңғы көмекшіге жіктік 
жалғау тікелей жалғанып жасалады (Мен барғалы отырмын). Екіншісі -йын деп 
форманты жалғанған етістікке сол түөрт етістіктің бірі тіркеседі де оған жіктік 
жалғау тікелей қосылу арқылы жасалады(Мен барайын деп отырмын).
Келер шақ формалары мағыналары мен тұлғалық түрлеріне қарай жалпы
келер шақ, болжалды келер шақ жəне мақсатты келер шақ деген үш топқа 
бөлінеді. 1. Жалпы келер шақ амал-əрекеттің алдағы уақытта шүбəсыз, анық
жүзеге асатынын білдіреді. Бұл шақ етістік негізіне көсемшенің осы шақ 
формасының жұрнағы қосылу арқылы жасалады. 
2. Болжалды келер шақ формасы алдағы уақытты істелетін амал-əрекетті 
атайды, бірақ ол амалдың жүзеге асу-аспауы күдікті екіталай екені аңғарылады. 
Мысалы: Сізбен əлі де талай кездесетін де шығармыз, əңгімелесетін де 
болармыз. 
3. Мақсатты келер шақ формасы амал-əрекеттің алдағы уақытта шүбəсіз, 
күдіксіз жүзеге асатынын жəне онда бір мақсат барын қоса білдіреді. Бұл форма 
етістік негізіне есімшенің мақсатты келер шағының -мақ, -мек, -пақ, -бақ 
жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Біз ертең жиналмақшымыз да, 
онда сенбілікке кім, қашан, қайда баратынын сөз етпекпіз. Бүгін кітапханаға 
бармақпын, жолға қажет кітаптар алмақпын т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет