Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қазақ тіліндегі барлық сөздер неше топқа бөлінеді
?
2. Атаушы сөздер дегеніміз не
?
3. Көмекші сөздерге қандай сөздер жатады
?
4. Одағай сөздерге жалпы сипаттама берің .
5. Сөз таптарын топтастырудың принциптері қандай
?
6. Зат есім дегеніміз не
?
7. Зат есімнің лексика-семантикалық сипаты қандай
?
8. Зат есімнің мағыналық топтарына сипаттама берің.
9. Зат есім морфологиялық құрамы бойынша нешеге бөлінеді
?
10. Күрделі зат есімдер қалай жасалады
?
11. Зат есімдер қандай тəсілдер арқылы жасалады
?
12. Зат есім тудыратын қандай жұрнақтар бар
?
Пайдаланылатын əдебиеттер:
1. А.Ысқақов Қазіргі қазақ тілі. Морфология.Алматы, Ана тілі. 1991ж.
2.С.Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. 1997ж.
3. Маманов И. Қазіргі қазақ тілі, Алматы, 1985ж.
4. Н. Оразақынова, Ж.Исаева, Г.Сулеева Қазақ тілі. Алматы. 2004
5. Төлеуов А. Сөз таптары. Алматы, Мектеп. 1993ж.
СЫН ЕСІМ. ШЫРАЙ КАТЕГОРИЯСЫ
Ж О С П А Р Ы :
1. Cын есім туралы жалпы түсінік
2. Сын есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығы
3. Сын есімнің мағыналық топтары, олардың жасалу жолдары
4. Сын есімнің шырай категориясы
Тірек сөздер: Сын есім заттың сынын, сапасын, əр түрлі белгі, қасиетін
білдіретін сөздер тобы. Мыс: ақ, қара, ақылды, білімді, ауыр т.б. сын есім
мағынасына қарай сапалық жəне қатыстық болып бөлінеді, сапалық сын есімге
негізгі сын есімдердің бəрі жатады да, қатыстық сын есімдер жұрнақтар арқылы
не басқа сөз табынан ауысу арқылы жасалады. Мыс: əдемі, жасыл (сапалық),
өткір, малды ауыл, балалы үй (қатыстық ), сын есімнің шырайлары бар: негізгі,
cалыстырмалы, асырмалы, күшейтпелі шырай.
Сын есім-семантика-грамматикалық мағынасы жағынан ең күрделі сөз
таптарының бірі. Сын есімдер синтаксистік қызметі мен қолданылу жағынан
41
да қазіргі қазақ тілінде өзіне тəн ерекшеліктері бар. Сын есімнің табиғи қызметі
ешбір өзгеріске түспей-ақ зат есіммен тіркесіп, заттың алуан түрлі қасиетін,
сындық белгісін білдіру болып табылады. Мысалы, :лкен үйге кірген соң, бəрі
де кішірейіп кеткендей, отырғанда құмандай ғана болып қалыпты.
Сын есімді басқа сөз таптарынан ажырататын өзіне тəн əр алуан белгілері
мыналар: 1. Қазақ тіліндегі сын есімдер өз мағыналарында септелмейді, оларға
көптік, тəуелдік жалғаулары да қосылмайды. Егер бұл қосымшалардың бірі сын
есімге қосылса, онда ол заттанып, субстантивтеніп кетеді. Септік, көптік жəне
тəуелдік категориясы сын есімге емес, зат есімге тəн құбылыс. Сын есімнің бұл
ерекшелігі оны зат есімнен бөлек дербес сөз табы екенін айқындай алады.
Мысалы: Біреуі көк, біреуі жер тағысы адам үшін батысып қызыл қанға. Осы
сөйлемдегі қызыл сын есім, ал қызылға қонған қарғадай деген сөйлемдегі
қызылға зат есім мағынасында қолданылған. Сондай-ақ Жақсыға асық бол,
жаманнан қашық бол деген сөйлемдегі жақсыға, жаманнан деген мысалдардан
септік жалғаулары қосылған сын есімдер сындық мағынасын жоғалтып, зат
есімге ауысады, яғни заттанып кетеді. Бұл сын есімдер бұрынғы лексикалық
мағынасын жоғалтып, зат есім болып сындық қасиетінен біржолата ажырайды.
2. Қазақ тіліндегі сын есім категориясының өзіне тəн ерекшелігінің бірі-
олардың морфологиялық формаларының, шырай жұрнақтарының болуы.
Шырайлар тек сын есімнің жеке өз басына тəн. Мысалы: көгірек, бойшаңырақ,
өзгешерек деген сөздер салыстырма мағынаны білдіріп, сын есімнің шырай
түрін жасап тұр. Бұл формалар -рақ, -рек негізінен сапалық сын есімдерге
жалғанады, басқа сөз таптарында қолданылмайды, сонда ол сын есімнің жеке
белгісі болып есептеледі.
3. Сын есімнің үшінші ерекшелігі -түркі тілдерінде олардың қап-қара,
сап-сары тəрізді күшейтпелі формасының болуы. Күшейтпелі форма да сөз
таптарының ішінен тек сын есімге тəн. Бұл күшейтпелі форма сын есімді басқа
сөз таптарынан ажырататын белгінің бірі болып табылады. Мысалы: Жап-жас
бала екен десек, тап-тас екен немесе ап-ағаш екен деп айтуға болмайды,
керісінше тастай немесе қап-қатты болады.
4. Сын есім өзінің семантикалық мағынасы арқылы да басқа сөз
таптарынан ерекшеленеді. Заттың сынын білдіре отырып, сын есім кейде
қимылдың сынын көрсететін үстеумен астасып келеді. Бұл жағдайда сын
есімнің ерекшелігі-сын есім үстеу қызметінде жұмсала отырып, өз мағынасын
жоймайды, яғни сын есім болып тұрады. Мысалы: Жақсы бала жақсы оқиды
дегенде бірінші жақсы бала деген зат есімнің сапасын анықтаса, екінші жақсы
қимылдың сапасын білдіреді. Осы екі жерде жақсы өзінің негізгі мағынасын
сақтап, сын есім болып тұр. Сондай-ақ жалпы түркі тілдерінде , сондай-ақ қазақ
тілінде сын сын есім тек зат есімді ғана анықтап қоймай, кейде үстеу сияқты
етістік баяндауышты анықтай алатынын көрсету қажет: Ауыл алыста қалды
жəне ауыл алыс қалды дегендегі бірінші сөйлемде алыста мезгілдік, мекендік
ұғымды білдіретін сөздерге жалғанып, үстеу мағынасын жасайтын жатыс
септігінің -та формасын қосып алған зат есім болса, екінші сөйлемде алыс
етістікті анықтап пысықтауыш қызметін атқарып тұрғанымен өзінің сапалық
сынын, қасиетін сақтап отыратындықтан, сын есім болып есептеледі.
Сын есімнің кейбір тобы заттың түрін, түсін, сапалық, көлемдік белгісін,
қасиетін білдіретін болса, ендігі бір тобы белгілі бір заттың жай-күйін,
42
құбылыстың, қимылдың сындық сипатын, қарым-қатынасын білдіреді: сұр,
сары, ақ, қызыл, жақсы, жаман,таулы, күзгі, қалалық, ұшқалақ т.б. Заттың,
нəрсенің түр-түсін (ақ, сары), сапасын (жақсы, жаман), салмағын (ауыр, жеңіл)
көлемін (кең, тар, ұзын), белгісін (соқыр, бүкір, ақсақ) сипатын (жұмсақ, майда,
ұлпа) т. б. білдіреді. Осы тұрғыдан қарағанда сын есім көбінесе анықтауыш
қызметін атқарады. Мысалы: Сүйкімді болат қанжар тұрсын жайнап т.б.
Семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшелкітеріне қарай
қазақ тіліндегі сын есім екіге бөлінеді: 1) сапалық сын есім, 2) Қатыстық сын
есім. Сапалық сын есімдер қосымшаларсыз, өзінің мағынасы жағынан тікелей
заттың сынын білдіреді: қызыл, жасыл, ақ, қара, жаман, ауыр т.б. Қазіргі қазақ
тілінде негізінен сапалық сын есімдерге ғана қосылатын шырай жұрнақтары
бар. Мысалы: -ғай, -ғылтым, -шыл, ғылт т.б. Жұрнақта тек түсті білдіретін
сапалық сын есімдерге бұлардан басқа да сындық белгінің əр түрлі реңін
білдіретін ұлғайту, кішірейту, солғындықты көрсететін жұрнақтар яғни шырай
формалары талғамай жалғамай жалғана береді. Мысалы: қалыңдау, қалыңырақ,
жіңішкелеу т.б.
Сапалық сын есімде негізінен заттық мағына болмай, ол тек логикалық,
абстракт мағынада жұмсалады. Мысалы, ақ деген сөз ешбір затпен байланысы
жоқ. Ол сөз тек ақ түсті білдіреді. Сапалық сын есімдер жалпы сын есім
атаулының негізгі ұйтқысы, қазығы есебінде қызмет етеді, өйткені сын есімге
тəн негізгі ерекшеліктердің қай-қайсысы болса да сапалық сындардың бойынан
табылады. Жəне сын есімнің туынды формаларын, шырай тұлғасын жасауға
негіз болады. Демек, сапалық сын есімдер дегеніміз морфологиялық құрамы
жағынан негізгі сындар, өздерінің лексика-семантикалық мағыналары арқылы,
ешбір қосымшаларсыз тұрып заттың əр түрлі сапа, сын сипатын тікелей
білдіретін түбір сөздер болып есептеледі. Мысалы: Ақ, қара, анық, биік, кіші
тəрізді сөздер одан əрі ажыратылмайды.
Қатыстық сын есімдер. Басқа түркі тілдеріндегідей қазіргі қазақ тіліндегі
қатыстық сын есімдер өздері жасалған түбір сөздердің мағынасымен сыбайлас
келіп, сол заттың, жай - күйдің белгілерін көрсетеді яғни белгілі бір заттың
белгісін басқа бір заттың, істің қатысы арқылы білдіреді. Қатыстық сын есімдер
сын есімнің əр түрлі жұрнақтары арқылы басқа сөз таптарының жасалатын
туынды сөздер болады. Мағыналық жағынан қатыстық сын есімдер заттың
сынын білдіре отырып, белгілі бір сапалық заттың екенін бір затқа я ұғымға
қатынасын немесе ондай сапаның жоқтығын яғни затқа не ұғымға қатынасын
немесе ондай сапаның жоқтығын, яғни заттың сыртқы түр мен түсіне, сыры мен
сынына, я ішкі қасиетіне сол сияқты мезгіл мен мекенге, т.б. белгілерге
қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: қар деген зат есімнен -лы
қосымшасын жалғау арқылы қарлы деген қатыстық сын есім жасалады, қарлы
тау, қарлы боран, сол сияқты мас, тас, тұз деген сөздерден бай деген
мағынадағы малды колхоз, тасты жер, тұзды көл. -шы, -ші, -шаң, -шең, -шыл, -
шіл қосымшалары арқылы бір затқа, я құбылысқа қатысты қатыстық сын
есімдер жасалады. Мысалы: ұйқы деген сөз зат есімнен соған бейімділікті
көрсететін ұйқышыл, сол сияқты - сөз-сөзшең, бой-бойшаң, су-сушыл, тер-
тершең-тершіл деген туынды сөздер яғни қатыстық сын есімдер жасалады.
Кісі киімі кіршең, кісі аты тершең. Демек қатыстық сын есімдерге тəн
қасиет олардың морфологиялық көрсеткіштер арқылы басқа сөз таптарынан
43
жасалуы жəне өздері жасалған түбір сөздің мағынасымен байланысып, соған
қатысты мағынаны білдіреді.
Қатыстық сын есім дегеніміз-бір заттың, я құбылыстың екінші бір затқа
қатынасын көрсететін толық абстракцияланып кеткені, бастапқы заттық
төркінімен мағыналас, негізгі ұғыммен байланысты категория. Қатыстық сын
есімдер сөз таптарының қай қайсысынан болса да, белгілі бір қосымшалар
арқылы жасалады. Қатыстық сын есімнің ерекешелігі болу, келу еді. Көмекші
етістіктерінен басқа етістіктермен тркеспейді. Мысалы: Ол аурушаң еді. Сен
тамақсау болдың.
Көптеген сапалық сын есімдер қимылды анықтаса, қатыстық сын есімдер,
негізінен үстеу қызметінде жұмсалмайды. Осы сияқты сын есімдер де тікелей
етістік пен тірке се бермейді. Мысалы: ауру болды, арық болды дегенде зат есім
мағынасында қолданылған. Бұл сөздер негізінен сын есім болғанмен,
субстантивтеніп, заттанып кеткен.
Қатыстық сын есімдер морфологиялық тəсіл арқылы да, синтаксистік
амал арқылы шырай категориясын жасай алмайды. Мысалы: арбалы кісі деген
тіркесті өте арбалы кісі, осы арбалы кісі немесе тым арбалы кісі деп айтуға да
болмайды. Ал, сапалық сын есімдер шырай тудыруда барлық шырай
фораларын қабылдай береді.
-сыз/-сіз арқылы жасалған қатыстық сын есімдер өздері жасалып отырған
түбір білдіретін заттың болмағанын, жоқтығын яғни болымсыз мағынаны
білдіреді. Мысалы: тау-таусыз, су-сусыз.
-ғы/-қы, -гі/-кі қосымшасы арқылы жасалған қатыстық сын есімдер түбір
сөздің мағынасына қарай мезгілдік, мекендік мағынада қолданылады. Мысалы:
күз-күзгі, жаз-жазғы қыс-қысқы, көктем-көктемгі т.б. Сонымен бірге бұл
жұрнақтар кейде түбір сөзге тікелей жалғанбай, тек жатыс жалғауының үстіне
қосылып, заттың орнын мекенін көрсетеді. Мысалы: Отардағы мал дегенде
түбір отар, -да жатыс септік жалғауы, -ғы қатыстық сын есім жұрнағы, яғни бұл
қосымшалар заттың орнын, мекенін білдіріп тұр. Жəне бұл қосымша алғаш,
жаңа тəрізді де үстеу сөздерге жалғанып, сын есім тудырады.
Сөйтіп,
қатыстық сын есімдер, көбінесе, басқа сөз сөз табынан жасалған туынды сөздер
болып келеді.
Заттың белгісі я сипаты (түсі, түрі, сапасы, көлемі, аумағы, салмағы сыры
т.б.) біркелкі болмай, рең жағынан əртүрлі дəрежеде болатынын, демек,
сипатының я белгінің бір затта артық, бір затта кем болатынын білдіретін сын
есім формалары шырай формалары деп аталады. Заттың сындық белгілерінің
бəсеңдік, солғындық реңдерімен мəндерін білдіретін формаларға -ғыл, (-қыл), -
қылт, -ғылт, -ғылтым, -қылтым, -ғыш, ғана, -кене, ілдір, -қай, -қан, -ақ, -ек, -
шыл,-шіл, -шылтым, -шілтім, -ша, -ше қосымшалары жатады.
Сын есімнің шырайы деп аталатын категорияның мазмұны да, формасы
да əлденеше заттың бір түрлі я біркелкі белгілерінің өзара айырмашылықтарын,
демек, сол біркелкі белгілердің бір-бірінен я артық, я кем еккендігін анықтау
арқылы туады. Шырай категориясы я бірыңғай ақ, я бірыңғай қызыл, я
бірыңғай қара, бірыңғай сары, бірыңғай қоңыр, көк түсті əлденеше заттардың
реңдеріндегі ерекшеліктерді немесе бірыңғай үлкен я бірыңғай кіші деп делініп
танылған əлденеше заттардың көлем - аумақтарындағы артық я кемдік
дəрежелерін өзара салыстыру арқылы туады. Əрбір шырайдың өзіне тəн
44
мазмұны мен формасы болады. Сонымен тіліміздегі сын есімнің мынадай төрт
түрлі шырайы бар:жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай,
асырмалы шырай.
Жай шырай заттың белігісін, түсін сапасын, көлемін, салмағын, аумағын,
тағы басқа сондай негізгі сыр-сипаттарын білдіретін сапалық сын есім жай
шырай болып есептеледі. Мысалы: биік тау, үлкен үй, жақсы қағаз. Жай шырай
формасы шырайлардың басқа түрлерін мағына жағынан да, форма жағынан да
салыстыратын негізгі форма болып саналады.
Салыстырмалы шырай бір заттың сынын екінші заттың сынына
салыстырып, сол салыстыратын білгілердің бір-бірінен я кем, я артық екенін
білдіреді. Салыстырмалы шырай тудыратын жұрнақтар мыналар:
а) -рақ, -рек, -ырақ, -ірек. Мысалы: Көкше көктен гөрі көгірек тау екен.
ə) -лау, -леу, -дау, -деу Мысалы: Сол ауылда таныстау бір шал бар еді.
Бұл екеуі өте өнімді жұрнақтар.
б) -қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт- шыл, -шіл, аң. Бұл өнімсіз жұрнақтар.
Мысалы: Жігіттің сұрғылт тартқан жүдеу жүзі енді көкшіл тартқан сияқты.
Күшейтпелі шырай заттың бастапқы сындық қасиетін күшейте түседі.
Бұл шырай негізгі сын есімдерге күшейткіш буындарды қабаттастыру арқылы
жасалатын өте өнімді форма. Мс: :й іші жап-жарық, ауыз үй тап-таза айнадай.
Асырмалы шырай заттың сындық қасиетін я асыра көтереді, я асыра
төмендетеді. Асырмалы шырай сын есімдердің алдына аса, өте, тым, тіпті,
шымқай, нағыз, ең, ал, орасан, керемет сияқты күшейткіш үстеу сөздердің
тіркесуі арқылы жасалады. Бұл да өте құнарлы тəсіл. Мысалы: Абай -нағыз
үлкен реалист ақын.
Шырай жұрнақтары бірінен кейін бірі үстеліп те жұмсала береді. Оның
ішінде басқа жұрнақтардың үстіне көбірек жалғанатыны -лау, леу, -дау, -теу
жұрнағы. Мысалы: Ақшылдау келген жүзіндегі кішкене мең ерекше өң беріп,
безентіп тұр деген сөйлемдегі -дау жұрнағы кілең басқа шырай жұрнақтарының
үстіне қабатталып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |