Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата25.03.2022
өлшемі0.7 Mb.
#456478
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Грамматика

Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Сын есім дегеніміз не, оның басқа сөз таптарынан айырмашылығы неде

2.Сын есімдердің зерттелу тарихы туралы не, білесіз

3.Сын есімдер мағынасына қарай нешеге бөлінеді

4.Сапалық сындарға қандай сын есімдер жатады

5. Қатыстық сын есімдер қалай жасалады, мысалдар келтірің. 
6.Сын есімнің шырай категориясына жалпы сипаттама берің. 
Пайдаланылатын əдебиеттер: 
1. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, Ана тілі. 1992ж. 
2. Ə.Төлеуов. Сөз таптары. Алматы.1993. 
3. Ғ. Мусабаев. Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары. Алматы. 1990ж. 
4. Шəкенов Ш. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы. Алматы, 1995ж. 
САН ЕСІМ. МАҒЫНАЛЫҚ ТОПТАРЫ
Ж О С П А Р Ы : 
1. Cан есімнің жалпы сипаты 


 45
2. Сан есімнің лексика - семантикалың өзгешеліктері 
3. Сан есімнің морфологиялық құрамы 
4. Сан есімнің синтаксистік қызметі 
5. Сан есімнің мағыналық топтары 
Тірек сөздер: сан есімдер- заттың санын, мөлшерін, ретін т.б . білдіретін 
сөз табы, сан есімдер морфологиялық құрамы жағынан дара жəне күрделі 
сандар болып екіге бөлінеді, сан есімдердің сөйлемдегі негізгі қызметі 
анықтауыш болу, контексте келу ыңғайына қарай сан есімдер сөйлемнің басқа 
қызметтерін де атқара береді, мағыналарына қарай сан есімдер алты топқа 
бөлінеді. 
Есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі - сан есім. Өзінің 
мағынасы мен функциясы жағынан сан есім өзге сөз таптарына қарағанда сын 
есімге біршама жақын. Бірақ сын есім заттың сапасын, сипатын, қасиетін, түр-
түсін т.б. сыр - сипаттарын білдіретін сөз табы болса, сан есім-заттың сан 
мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін лексика - грамматикалық сөз табы. 
Мысалы: ақ орамал, жақсы көйлек, жуан ағаш деген тіркестердегі ақ, жақсы, 
жуан деген сын есімдер мен екі, бес, жиырма деген сан есімдерді бір дəрежеде 
қарауға болмайды. Өйткені мұндағы ақ, жақсы, жуан сөздері орамал, көйлек, 
ағаш сияқты заттардың бойына тəн əрқилы сындық қасиеттерді көрсетіп тұрса, 
екі, бес, жиырма сөздері сол заттардың ондай сыр сипаттарының бірін де 
көрсете алмайды, тек сандық, мөлшерлік жағын ғана демек, олардың сан 
жағынан қанша екендігін ғана анықтайды. Сан есімдер басқа сөздерге 
тіркестірілмей жеке-дара айтылғанда, тек абстракт сандық ұғымдардың 
атаулары ретінде қолданылады. Олардың нақты мағыналары өзге сөздермен 
қарым-қатынасқа түсіп айтылғанда ғана айқындалып отырады. Мысалы: Төрт 
аяғым тең жорғамын, Екі айдың алпыс күнде жүзі болар деген сөйлемдерден 
төрт, екі, алпыс деген сан есімдер аяқ, ай, күн сияқты зат есімдермен қарым-
қатынасқа түсіп соларды сан жағынан анықтау үшін қолданылған.
Қазіргі қазақ тілінде сан есімдер сияқты мөлшерлік мағынада 
қолданылатын бір алуан сөздер бар. Олар құрамына қарай жеке-дара сөздер 
түрінде де, сөз тіркестері түрінде де бола береді. Мысалы: жарым, жарты 
сөздері бөлшектік ұғымдардың жалқы, жалғыз, сыңар, дара сөздері бірлік 
ұғымдардың центнер, килограмм, тонна, қадақ сөздері салмақ өлшемдерінің, 
гектар, кубометр сөздері көлемдік өлшемдердің адым, қарыс, кез, 
метр,шақырым сөздері аралық өлшемдердің жəне ет асым, қас қаққанша, қас 
пен көздің арасында, əу дегенше сияқты уақыт, мерзім өлшемдерінің атаулары 
есебінде қолданылады. Бірақ бұндай сөздер мен сөз тіркестері қаншалықты 
мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, сан есімдер қатарына жатпайды. 
Морфологиялық сипаттары жағынан сан есімдердің өзіне тəн өзге сөз 
таптарына ұқсамайтын ерекшеліктері бар. Сан есімнің негізгі фун кциясы 
анықтау қызметі болғандықтан, ол үнемі анықтайтын сөздерінен бұрын 
қолданылады, бірақ ешқандай морфологиялық өзгеріске түспейді, демек сан 
есімдер өздерінің əрі табиғи, əрі негізгі функциясы болып есептелетін сандық, 
сан-мөлшер мағыналарында қолданылғанда тек атау формасында ғана 
айтылады да, ешбір өзгеріске түспейді. 
Сан есімдер тек субстантивтенгенде ғана түрленіп əр алуан өзгеріске 
түседі. Демек көптеліп те тəуелденіп те септеліп те жəне жіктеліп те 


 46
қолданыла береді. Сан есімдердің тек өздеріне ғана тəн кейбір формалары бар. 
Ондай формаға -ыншы, -інші, -ау, -еу, -ер аффикстері жатады. Бұл аффикстер 
өзге сөз топтарынан жаңа туынды сын есімдер жасай алмайды, тек негізгі сан 
есімдерге жалғанып олардан туынды формалар ғана жасай алады. Бірақ сан 
есімдердің өзге сөз таптарына ауысып отыру қабілеті күшті. 
Сан есімдер морфологиялық құрамына қарай негізгі сан есімдер жəне 
туынды сан есімдер болып екіге бөлінеді. Негізгі сан есімдер қатарына тек ғана 
есептік сандар жатады да, туынды сан есімдер осы негізгі есептік сан 
атауларына жоғарыда аталған -ыншы, -ау, -ер, -тай қосымшалары қосылу 
арқылы жасалады. Мысалы: бір - бірінші, бір-бірер, екі-екінші т.б. Сан есімдер 
іштей дара сан жəне күрделі сан болып бөлінеді. Дара сандардың атаулары аса 
көп емес, олардың бар болғаны - жиырма шақты ғана сөз: бір-он, жиырма, отыз, 
қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, мың. Күрделі сан есмідер осы 
аталатын дара сан атауларының əр алуан жолмен тіркестіріле қолданылуы жəне 
қосарлана айтылуы арқылы жасалады. Демек, күрделі сан есімдер іштей 1) 
Негізгі сан атауларының тіркесіп айтылуы, 2) Негізгі сан атауларының 
қосарланып айтылуы арқылы жасалған күрделі сандар болып екіге бөлінеді. 
Күрделі сан есімдердің дара сан атауларының тіркесулері арқылы жасалатын 
жүйесінде негізгі тəсіл ретінде қалыптасатын мынадай екі түрлі жолы бар: 1) 
Дара сандардан жасалатын күрделі сандардың құрамы бір санның үстіне басқа 
бір санды қосу жолымен, яғни белгілі бір санға келесі бір қажетті санды қосып 
айту жолымен жасалады. Ондай күрделі сан есімдер белгілі бір жүйе бойынша 
құрастырылған жай қосылғыш сандардың қосындысы есебінде қабылданады 
да, қосындысы есебінде танылады. Мысалы: он бір, сегіз жүз сексен бес. 
Күрделі сан есім жасаудың бұл жолын қосылмалы жол деп атауға болады. 2) 
Дара сандардан жасалатын күрделі сандардың құрамы бір санды басқа бір 
санға көбейту жолымен, яғни белгілі бір санды келесі бір санға көбейту еселеу 
жолымен жасалады. Ондай күрделі сандар белгілі бір көбейгіш сан мен 
көбейткіш сандардың көбейтіндісі есебінде қабылданады жəне солай танылуы 
тиіс. Күрделі сандар жасаудың бұл жолын көбейтілмелі жол деп атауға болады. 
Бірақ қосылмалы жəне көбейтілмелі күрделі сан есімдердің жасалу 
амалдарының да өзіндік ерекшеліктері бар: 1) күрделі қосылмалы сандар тек он 
бірден басталады да, тоқсан тоғызға дейін жетіп, одан жүз санын аттап өтіп, 
жүз бірден қайта басталады да, тоғыз жүз тоқсан тоғыз дейін қамтып одан мың 
санын аттап өтеді де əрі қарай жалғаса береді. 2) күрделі қосылмалы сандар 
үнемі жоғары дəрежелі сандардан басталып, төмен дəрежелі сандармен 
аяқталады. Мысалы: он бір, елу тоғыз т.б.
Күрделі көбейтілмелі сандар керісінше, үнемі төмен дəрежелі сандармен 
басталып, жоғары дəрежелі сандармен аяқталып отырады. Мысалы: алты жүз, 
сегіз жүз, төрт мың деген күрделі сан есімдердің құрамындағы сандар ылғыи 
төмен дəрежелі сандардан басталып жоғары дəрежелі сандармен аяқталып 
отырған. Көбейтілмелі сандар негізінде екі жүзден басталады да, тоғыз жүзге 
барып, екі мыңнан қайта басталып тоғыз мыңға дейін барады. Сонда 
көбейтілмелі күрделі сан есімдердің құрамындағы сандар ылғи төмен дəрежелі 
сандардан жоғары дəрежелі сандармен аяқталып отырған. Көбейтілмелі 
күрделі сан есімдерді іштей жүздік көбейтілмелер жəне мыңдық көбейтілмелер 
деп екіге бөліп қарауға болады.


 47
Күрделі сан есімдердің құрамында көбейтілмелі сандар мен қосылмалы 
сандар араласа қолданылатын кездер де болады. Мысалы: үш мың тоғыз жүз 
елу бес деген күрделі сан санның құрамындағы үш мың мыңдық көбейтілмелі 
санда, тоғыз жүз жүздік көбейтілмелі сан, ал он бес қосылмалы сан. Олай болса 
бір күрделі сан есімнің құрамында əрі көбейтілмелі, əрі қосылмалы сандар бірге 
тіркесе қолданыла береді. Күрделі сан есімдердің мұндай түрін аралас күрделі 
сан есмідер тіркесі деп атайды. 
Сонымен жаратылыс мен жасалу жүйесі жағынан сан есімдер дара жəне 
күрделі болып бөлінеді. Дара сан есімдер қатарына бір, екі, үш, он, жүз, мың 
сияқты сан есімнің бастапқы шыға бастаған кезінен, жаратылысынан табиғи 
сан атаулары мен кейінгі замандарда кірігіп қалыптасқан алпыс, жетпіс, сексен 
сияқты сан есімдер жатады, күрделі сан есімдер тобына төрт-бес, он-он бес 
сияқты қосарлы сөздер, əр алуан қосылмалы сандар, жүздік, мыңдық 
көбейтілмелі-қосылмалы аралас сандар жатады. 
Қазіргі қазақ тілінің нормасында бірігіп айтылатын алпыс, жетпіс. 
Ө:йткені жинақтау сандары тіліміздің қазіргі нормасында алпыс, жетпіс, 
сексен, тоқсан сан есімдері де бір кездерде алты хон, жеті хон, сегіз хон, тоғыз 
хон сияқты тіркестерден құралған сандар. 
Сан есімнің сөйлем ішінде атқаратын негізгі қызметі-анықтауыш болу. 
Ө:йткені сан есімдер сан мөлшерін, сан ретін, сан шамасын білдіру сияқты 
өздеріне тəн негізгі қызметті атқарғанда, үнемі анықтауыш болады да, 
анықтайтын сөзінің алдында қолданылады, яғни сөйлемдегі сан есімдермен 
байланысатын сөздер қабыса байланысса да, жанаса байланысса да орын 
жағынан ылғи сан есімдерден кейін қалып отырады. Сан есімдердің өзге 
сөздермен байланысудағы бұл тəртібіне тек жинақтық сандары ғана 
бағынбайды. Ө:йткені жинақтау сандары тіліміздің қазіргі нормасында 
сөйлемде үнемі субстантивтік рольде қолданылатын болып ауысқан да, 
анықтауыштық қызметтен мүлде алшақтап кеткен. Əдетте сан есімдер тек зат 
есімдерді ғана анықтайтын не заттың ғана сан мөлшерін білдіретін сөздер 
есебінде қаралады. Шынында сан есімдер тек зат есімді емес, сонымен қатар, 
зат есімнен жасалған туынды сын есімдердің де, етістік сөздердің де сан 
мөлшерін білдіре алады. Сан есімдердің осылайша, зат есімдерден, өзге сөз 
топтарынан, демек, туынды сын есімнен,, етістіктен бұрын тұрып, олар арқылы 
аталатын ұғымдардың сан мөлшерін білдіре қолданылуы олардың пысықтау 
функциясында да жұмсала алатындығын аңғартады. 
Сан есімдер туынды сын есімдердің сан мөлшерін білдіре қолданылғанда, 
сөйлемдегі белгілі бір анықтайтын атрибутивтік сөздің анықтаушысы, яғни 
анықтаушының анықтауышы ретінде де қолданылады. Мысалы Шолпан ол 
кезде төрт балалы əйел еді дегендегі төрт сөйлемдегі ой төрт əйел туралы емес, 
төрт балалы əйел туралы айтылып отыр. 
Сан есімдер контекске байланысты субстантивтеніп қолданылғанда, 
сөйлемнің барлық мүшесінің де қызметін атқара алады. Сан есімдер сөйлемдегі 
сөздердің барлығымен бірдей қарым-қатынасқа түсе бермейді. Демек, тікелей 
кез келген сөздер мен жапа-тармағай тіркесе бермейді. Олардың тікелей 
тіркесетін негізгі сөздері-зат есімдер, зат есімнен жасалған туынды сын есімдер 
жəне етістіктер ғана өзге сөз топтарынан басқа да сөздерді талғамайтын ғана, ақ 


 48
демеуліктерін атауға болады. Ал сан есімдердің өзара бір-бірімен тіркесуі 
күрделі сан есімдерде кездеседі. 
Сан есімдер семантикалық-морфологиялық жəне синтаксистік жағынан 
іштей алды-алдына жеке категориялар ретінде танырлықтай бірнеше топқа 
бөлінеді. Сан есімдердің осылайша іштей жіктелетін топтарының кейбіреуі 
заттың, зат есімнен туған сынның немесе амалдың дəл санын, я есебін 
білдіретін болса, кейбіреуі ретін білдіреді. Ал үшінші бір тобы сандық 
ұғымның бөлшегін, төртінші бір тобы заттарды топтап көрсету деген сияқты əр 
қилы жақтарын қамтиды. Осындай тұрғыдан қарағанда сан есімдер есептік сан, 
реттік сан, болжалдық сан, жинақтық сан, топтық сан, бөлшектік сан болып 
алты топқа бөлінеді.
Есептік сан есім. Есептік сан есімдер жалпы заттың, зат есімнен туған 
сындық белгінің немесе іс-əрекет, амалдың ұзын-ырға саны, сандық мөлшерін 
білдіру үшін қолданылады. Есептік сандардың қатарына сан есімдердің өзге 
топтарының жасалуына негіз болатын табиғи сандар жатады. Ол сандар 
дəрежесіне қарай, бірлік сандар, ондық сандар, жүздік сандар жəне мыңдық 
сандар болып бірнеше жікке бөлінеді. Бірлік сандар тобына бірден тоғызға 
дейінге тоғыз сөз жатады: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз. Ондық 
сандар тобына оннан жүзге дейінгі ондық атаулыры есебінде жұмсалатын тоғыз 
сөз жатады: он-тоқсан. 
Жүздік сандар тобына жүзден тоғыз жүзге дейінгі жүздік атаулары 
есебінде қолданылатын күрделі тоғыз сөз жатады: бір жүз-тоғыз жүз. Мыңдық 
сандар тобына мыңнан жүз мыңға дейінгі мыңдық атаулары есебінде 
жұмсалатын күрделі он бір сөз жатады: бір мың-тоғыз мың, он мың, жүз мың. 
Есептік сан есімдер құрам жағынан дара жəне күрделі болып екі жікке 
бөлінеді. Дара етістік сандардың қатарына бірлік атаулары мен ондық атаулары 
жəне жүз, мың сөздері жатады да, күрделі есептік сандардың тобына жүздік 
атаулары мен мыңдық атаулары жəне əр-алуан күрделі түрлерінің бəрі де 
жатады. Есептік сандар тікелей тиісті мөлшерді білдіру үшін қолданылғанда, 
ешқандай морфологиялық өзгерістерге түспейді. Олар сөз түрлендіретін 
аффикстерді субстантивтенген жағдайда ғана қабылдайды.
Есептік сандар белгілі бір затты ұғымды бойына сіңіре отырып, əрі сан, 
əрі зат ұғымын бірдей қабаттастыра білдіргенде ғана жəне белгілі бір санның 
сандық атауы есебінде жұмсалғанда ғана субстантивтенеді. Мысалы: Екіні екіге 
қосса-төрт болады дегендегі екіні, екіге деген есептік сан есімдер ешқандай 
заттың сан мөлшерін білдіріп тұрған жоқ, тек белгілі бір сандардың атауы, 
солардың аты дəрежесінде жұмсалады. Есептік сан есімдер субстантивтене 
қолданылған жағдайда сөз түрлендіретін аффикстердің бəрін де қабылдай 
береді. Есептік сан есімдерге субстантивтенетін болса, септік жалғаулары 
жалғанады. Бірақ ондай да септік жалғауы күрделі сан есімнің ең соңғы сөзіне 
қосылады. Мысалы: Он бірде биыл боламыз. 
Есептік сан есімдерден туатын жаңа сөздер екі жолмен жасалады. 1. 
Есептік сандардан жасалатын жаңа сөздердің бір алуандары өзге сөз топтарына 
ауыспай, сан есім категориясының өз құрамында қалып отырады. Мұндай жаңа 
сөздердің жасалуының екі түрлі жолы бар: морфологиялық жəне синтаксистік 
жол. 


 49
2. Есептік сан есімдерден жасалатын жаңа сөздердің бір алуандары өзге 
сөз топтарына ауысып отырады. Мұндай жаңа сөздердің жасалуының үш түрлі 
жолы бар: лексикалық, морфологиялық, синтаксистік жол. 
Есептік сан есімдерден басқа сөз топтарына ауысып отыратын жаңа 
формалардың морфологиялық тəсіл бойынша жасалуына мынадай қосымшалар 
қатынасады: 
1. -дық, -дік, -тық, -тік қосымшалары арқылы есептік сан есім-дерден əрі 
зат есім, əрі сан есім ретінде қолданылатын жаңа сөз жасалады: екілік, төрттік, 
тоқсандық, мыңдық. 
2. -ті (тек бес сөзіне қосылады), -кіл (тек үш, төрт сөзіне қосылады) 
қосымшалары арқылы есептік сан есімдерден сын есім сөздер жасалады. (бесті 
ат, төрткіл дүние). 
3. -ла, -ле қосымшасы тек жинақтық сан есімдерге жалғанады да, туынды 
етістік формаларын жасайды: екеуле, екеулеп.
Қазіргі тілімізде бесбармақ ет, елу басы, алты бақан сияқты зат есімдер: 
екі ұшты, екі ұдай, екі жүзді сияқты сын есім сөздер: үшеу ара, екі талай сияқты 
үстеу сөздер бар. Бұл күрделі сөздер де- əуелде есептік сан есімдер мен өзге сөз 
таптарының үнемі тіркесіп қолданылуы негізінде лексикаланып қалыптасқан. 
Есептік сан есімдердің ішінде бір сөзінің алатын орны ерекше.бір сөзі 
есептік сан есімдерден жаңа сөздер амал-тəсілдердің, бəріне түгел қатнасады. 
Бұл сөзден басқа қосымшалар арқылы да əр түрлі жаңа сөздер жасалады. Бір 
сөзінен лексика-семантикалық тəсіл арқылы басқа сөз табына ауысқан 
формаларда бар. бір сөзінен басқа сөз табына ауысқан жаңа сөздер жасалуға 
лексика-семантикалық жол да, морфалогиялық жол да жəне синтаксистік жол 
да жетекші болған. Мысалы: Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. 
Реттік сан есімдер. Реттік сан есімдер есептік сандарға -ыншы, -інші 
аффиксін қосу арқылы жасалады да, белгілі бір заттар мен құбылыстардың 
сандық ретін білдіру үшін қолданылады. Мыс: болат бесінші класта оқып жүр. 
Реттік сан есімдер де морфологиялық құрамы жығынан дара жəне күрделі 
болып келеді де, күрделі сан есімдерде -ыншы, -інші қосымшасы тіркестегі ең 
соңғы санға жалғанады. Мысалы: Солардың ішінде ең жақсылары он алтыншы, 
он жетінші нөмірлері екен. 
Реттік сан есімдер де дəл өз мағынасында қолданылған да, ешқандай 
өзгеріске енбейді, субстантивтенген жағдайда ғана оларға көптік, тəуелдік, 
септік жалғаулары қосылады. Мысалы: Біреулері қара қоңыр бешпенттерін 
екіншілері жамаулы сұр шекпендерін киген.
Жинақтық сан есімдер. Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі 
есептік сан есімдерге -ау, -еу аффиксінің қосылуы арқылы жасалады. Бұндай 
сөздердің негізгі мағынасы абстракт сан мөлшерін білдіретіндіктен, олар үнемі 
субстантивтеніп жеке қолданылады. Мысалы: Атадан алтау, анадан төртеу, 
жалғыздық көрер жерім жоқ. 
Жинақтық сан есімдер ешқашан да күрделі түрде қолданылмайды. 
Жинақтық сан есімдер субстантивтеніп қолданылатындықтан, оларға сөз 
түрлендіретін грамматикалық формалардың бəрі де қосыла береді. Бірақ солай 
бола тұрса да, жинақтық сан есімдерге сол грамматикалық формалар бір ізбен 
жалғанбайды. Жинақтық сан есімдерден лексикалық, морфологиялық жəне 
синткаксистік тəсілдер арқылы біраз жаңа сөздер жасалған.Ондай сөздер сан 


 50
есім категориясының өз құрамында қалып қоймай көбінесе өзге сөз топтарына 
ауысып отырады. Синтаксистік тəсіл бойынша жинақтық сан есімдерден тек 
қосарлау арқылы ғана жаңа сөздер жасауға болады. Мысалы: Ақтылы-көктілі 
көбелектер екеу-екеу жарысып ойнайды.
Топтық сан есімдер. Топтық сан есімдер есептік, жинақтық, болжалдық 
сан есімдерге қазіргі кезде шығыс септікке тəн грамматикалық мағынадан 
біржола қол үзген -дан, -ден, -тан, -тен аффиксін қосы арқылы жасалады да, 
біркелкі заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін топтап көрсетеді. Мысалы: 
Бір түн отырып ел адамдарын төрттен, бестен жиып алып барлығын бір түрлі іс 
тапсырған. Морфологиялық құрамы жағынан топтау сан есімдері дара да, 
күрделі де болады. Дара түрі екіден, оннан, жүзден, мыңнан сияқты жеке 
сөздермен айтылса, күрделі түрі он бестен, жиырма алтыдан, елу үштен деген 
сияқты сан есімдердің тіркесіп келуі арқылы немес үш-үштен, жиырма-отыздан 
сияқты қосарланып келуі арқылы айтылады. Топтық сан есімдерге сөз 
түрлендіретін формалар да, сөз тудыратын формалар да қосылмайды. 
Болжалдық сан есімдер. Болжалдық сан есімдер белгілі бір заттар мен 
құбылыстың сан мөлшерін дəл атамай, тұспалдап ғана шамамен атайтын 
сөздер. Мысалы: Базаралының қасында бес-алты кісі қалған. Болжалдық сан 
есімдер морфологиялық тəсіл арқылы да, синтаксистік тəсіл арқылы да 
жасалады. Олар бірінші, есептік сан есімдерге əр түрлі қосымшалар қосылу 
арқылы жасалса, екінші, не есептік сан есімдердің өзара қосарлануы арқылы не 
есептік сандар мен жинақтық сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. 
Болжалдық сан есімдердің морфологиялық жолмен жасалуына мынадай 
жұрнақтар қатысады: -дай, -дей, -тай, -тей, -ер жұрнақтары. Мысалы: Мектепте 
төрт жүз елудей бала оқуы керек, Бірер адам машина қасында қалып, бірер адам 
ең жақын деген ауылға жаяу кетті. 
Болжалдық сан есімдердің синтаксистік тəсіл бойынша жасалуының да 
екі түрлі жолы бар. Болжалдық сан есімдер есептік сан есімдердің я өзді-өзі 
қосарлануы арқылы, я жинақтық сан есімдермен қосарлануы арқылы жасалады. 
Мысалы: :ш-төрт жылғы əдетің, өзіңе болар жендетің. Болжалдық сан 
есімдердің синтаксистік тəсіл арқылы жасалуына шақты, шамасында, тарта, 
қаралы, жуық, астам, шамалы сияқты сөздер де қатысады. Мысалы: жиырма 
шақты сиыр, жүз қаралы жылқы.
Бөлшектік сан есімдер. Бөлшектік сан есімдер-негізінде таза 
математикалық ұғымға байланысты туған сөздер. Олар белгілі бір заттар мен 
құбылыстардың сандық бөлшегін білдіреді. Бөлшектік сан есімдер құрамы 
жағынан күрделі болып келеді де, есептік сан есімдердің синтаксистік тəсілмен 
тіркесе айтылуы арқылы жасалады. Ондай тіркестегі сөздерге тіліміздің қазіргі 
нормасында қолданылатын белгілі грамматикалық тұлғалардың бірі міндетті 
түрде қосылып айтылуы дағдылы заңға айналған. Ал ондай грамматикалық 
қосымшалар мынадай үш түрлі: 1) Бөлшектік сан есімдердің құрамындағы 
сөздердің бірінші сыңары ілік септік формасында тұрады да, екінші сыңары 
тəуелдік жалғаулы болып келеді. Яғни олар, іліктесе, матаса байланысқан 
сөздердің тіркесі болады: үштің бірі. 2) Бөлшектік сан есімдердің құрамындағы 
сөздердің бірінші сыңары шығыс септік формасында, ал екінші сыңары 
тəуелдік жалғаулы болып келеді: екіден бірі, мыңнан бірі т.б. 3) Бөлшектік сан 
есімдердің құрамындағы сөздердің бірінші сыңары шығыс септік формасында, 


 51
екінші сыңары атау түрінде қолданылады, бірақ ондайда бөлігі сөзін қосып 
айту қажет болады: екіден бір бөлігі. Бұдан басқа қазіргі қазақ тілінде жарты, 
ширек деген бөлшектік ұғымдарды білдіретін сөздер де бар.
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Сан есімдердің өзге сөз таптарынан қандай айырмашылығы бар,
оның өзіндік белгілері қандай 

2. Сан есімдер морфологиялық құрамына қарай неше топқа бөлінеді

3. Дара сан есім мен күрделі сан есімдер дегеніміз не,мысалдар келтірің. 
4. Көбейтілмелі сан, қосылмалы сан есімдерге сипаттама берің. 
5. Сан есімдердің синтаксистік қызметі қандай? 
6. Мағыналарына қарай сан есімдер неше топқа бөлінеді, олардың
əрқайсысына сипаттама берің. 
Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. Алматы 1975ж 
2. Төлеуов Ə. Қазақ тіліндегі зат есім мен сан есім категориясы.1975ж. 
3. Хасенов Ə. Қазақ тіліндегі сан есім категориясы. Алматы, 1988ж 
4. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі Морфология. Алматы, 1992ж 
5. Төлеуов Ə. Сөз таптары. Алматы, 1990ж. 
6. Н. Оразақынова, Ж.Исаева, Г.Сулеева Қазақ тілі. (Сөзжасам,
морфология. Алматы. 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет