Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата25.03.2022
өлшемі0.7 Mb.
#456478
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Грамматика

ЖҰРНАҚТАР 
Ж О С П А Р Ы : 
1. Жұрнақтардың жалпы сипаттамасы 
2. Жұрнақтың мағынасы мен қызметіне қарай түрлері 
3. Жұрнақтардың құрамы 
4. Жұрнақтардың қолданылуындағы ерекшеліктер 
Тірек сөздер: түбір сөздерден сөз тудырушы жəне түрлендіруші
морфемалар жұрнақ деп аталады, мысалы білім, ақшыл, ақылды т.б. құрамына 
қарай жалаң жəне құранды жұрнақ болып бөлінеді, омоним жұрнақтарға -ық, -
ік , -ыт, -іт, -ыр, - ір, -дық т.б. 
Мағыналары мен қызметтеріне қарай сөзден сөз тудыратын жəне сөзден 
жаңа форма тудыратын қосымшалар жұрнақтар деп аталады.
Сөз тудыратын жұрнақтар сөзге жаңа лексикалық мағына үстейтіндіктен, 
өзі жалғанған сөзді басқа бір жаңа лексикалық тұлғаға айналдырады. Мысалы: 
ек, егін, егіндік, егінші, егіншілік сөздерінің түбірі бір болғанымен, олардың 
əрқайсысы басқа-басқа ұғымдарды білдіреді. Бірақ сол басқа-басқа мағына 
лексикалық та, грамматикалық та мағыналарды қоса қамтиды. Өйткені əрбір 
сөз, мағыналық жақтан алғанда, қашан да болсын, лексикалық жəне 
грамматикалық мағыналардың бірлігінен құралады.


 10
Сөз тудыратын жұрнақ өзі жалғанған сө зден лексикалық мағынасы басқа 
жаңа сөз тудырады. Ондай əрбір жұрн ақтың өзді-өзіне тəн грамматикалық 
мағынасы, формасы жəне қызметі болуы күмəнсіз. 
Егер көк жəне көкшіл, үй жəне үйшік сөздерін салыстырып қарасақ, 
мүұндағы -шіл (көкшіл) жəне -шік (үйшік) қосымшалары да өздері жалғанған 
сөздерді басқа сөз табына айналдырмаған, бұрынғы сын есім (көк) сол сын есім 
қалпында, зат есім (үй) бұрынғы зат есім қалпында қалған да, тек біріншісінде 
көк деген сынның солғын я бəсең түрін білдіретін көкшіл формасы, үй деген 
заттың аса кішкене түрін білдіретін үйшік формасы туған. Мағынасы мен 
қызметіне қарай, жұрнақтар сөз тудыратын жəне форма тудыратын жұрнақтар 
деген екі салаға бөлінеді. 
Түбірге сөз тудыратын жұрнақ жалғанғаннан кейінгі форма туынды негіз 
туынды түбір деп аталып жүр. Жұрнақтар сол негізге де, сол негізден туған 
жаңа негізге де қажетіне қарай жалғана береді. 
Форма тудыратын жұрнақтарды мағыналары мен қызметтері жағынан сөз 
тудыратын жұрнақтар мен сөз байланыстыратын жалғаулардың екі арасындағы, 
екеуінің де ерекшеліктеріне жуықтайтын, категория деп қарауға болады. 
Дегенмен форма тудыратын жұрнақтар сөз байланыстыратын қосымшылардан 
гөрі сөз тудыратын қосымшыларға жақынырақ. Ө:йткені форма тудыратын 
қосымшалар да өзі жалғанған сөзге сəл де болса жаңа мағына үстейді. Бірақ ол 
жаңа мағына сол сөздің барлық формасына өзек болатын негізгі лексикалық 
мағынасын өзгертпейді, оған нұқсан келтірмейді. Демек, форма тудыратын 
жұрнақ сөзден, өзі жалғанғаннан кейін де, сол сөздің негізгі лексика-
семантикалық қазығынан алшақ əкетпейді. Сол себептен де, бұл форма мен сол 
сөздің басқа формаларының аралығындағы берік семантикалық байланыс 
үзілмейді де бұзылмайды да. Мысалы: кел, келме, келер, келмес, келген, 
келмеген, келетін, келмейтін, келмек, келмекші, келіп, келе, келгелі, келсе 
дегендердің бəрі де түбірдің негізгі лексикалық мағынасын бұзбай жəне сол 
мағынадан алшақтап та кетпей, оны берік сақтап, бір сөздің əр түрлі 
грамматикалық формалары ретінде қызмет етеді. 
Туынды сөздердің құрамындағы жұрнақтар белгілі бір жүйе бойынша 
рет-ретімен жалғанады. Түбірге тете сөз тудыратын жұрнақтар жалғанады да, 
олардан кейін форма тудыратын жұрнақтар орналасады. Егер тікелей түбірге 
əуелі сөз тудыратын жəне форма тудыратын жұрнақтар жалғанғандай болса, 
солардың бəрі тікелей түбірге де қосыла береді. 
Жұрнақтар дыбыстық құрамы жағынан бір дыбысты да, көп дыбысты да 
бола береді. Мысалы: тіле-к, сұра-қ, таны-с, шеге-ле, сүз-бе, шеп-кі. 
Құрылымы мен құрамы жағынан жұрнақтар жалаң жұрнақтар жəне 
құранды жұрнақтар болып екі салаға бөлінеді. 
Жалаң жұрнақ деп мағына жағынан да, форма жағынан да, 
бөлшектенбейтін бір бүтін жұрнақты айтамыз. Мысалы білім, кеспе, малшы, 
ұшқыш, үйшік, əкелік дегендердегі -ім, -пе, -шы, -қыш, -шік, -лік 
жұрнақтарының əрқайсысы мағына жағынан да, тұлға жағынан біртұтас 
жұрнақ. Мағына жағынан бір бүтін бола тұрса да, құрамы жағынан кемі екі я 
онан да көп жалаң жұрнақтардан құралып жасалған жұрнақтар құранды жұрнақ 
болады. Мысалы: жайшылық, басыңқы, тұрғылықты, құранды дегендердегі -
шылық, -ыңқы, жұрнақтарының əрқайсысы мағына жағынан бір бүтін форма 


 11
болғанымен, құрамы жағынан əуелгі екі я үш жалаң жұрнақтардан бірігіп 
жасалған күрделі жұрнақтар. 
Құранды жұрнақтарға -ымды, -імді, -ынды, -інді, -улы - улі, -малы, -мелі, 
-ыңқі, -іңкі, -қылықты, -кілікті, -нікі, -дікі, -ым, -паз, -імпаз жəне т.б. 
Құранды жұрнақтарды сөз еткенде, мынадай екі түрлі құбылысты 
ескерген мақұл: біріншіден, тіліміздің дыбыстық заңына лайың өзгерілу, 
ықшамдалу сияқты құбылыстардың да болатындығы шексіз. 
Шығу төркіні жағынан бір-бірімен байланысты кейбір жұрнақтар, 
мағыналары я бірдей, я жақын болғанымен де, бірде сөз тудыру қабылетіне 
қарай, бірде стилистикалық реңіне қарай ерекшеленіп келеді. Мысалы, -лық 
жəне -шылық жұрнақтары, өзара форма жағынан да, мағына жағынан да 
қаншалықты жақын болғандарымен, сөз тудыру қабілеті жөнінде де, 
стилистикалық ерекшелігі жөнінде де бірдей емес. 
Сөздерде болатын синонимдік қасиет жұрнақтарда да болады. Мысалы, -
қыш, -ғыш, -кіш, -гіш, -шақ, -шек, -қақ, -ғақ, -кек, -гек, -қыр, -ғыр, -кір, -гір 
жұрнақтары өзара мағыналас 
Синонимдес жұрнақтардың мағыналары қаншалықты жақын болса да, 
олар тең болмайды жəне мағыналық та, стилистикалық та ерекшеліктері де 
болады. мағыналас жұрнақтардың жалғанатын сөздерінің аясында да өзара 
үлкен айырмашылық бар. Ө:йткені олар, жоғарыда көрсетілгендей, бір түбірге 
талғамай қосылғандарымен де, көбінесе, бірі жалғанған түбірге екіншісі 
жалғанбайды. 
Негізінде бір ғана мағынаны білдіретін жұрнақтар мен қатар, олардың 
іштерінде кемі екі я онан көп мағынаны білдіретіндері де бар. Ондай 
жұрнақтарды көп мағыналы жұрнақтар деп атауға болады. Мысалы, -қақ (-ғақ, -
кек, -гек) жұрнағы етістікке жалғанып, семантикалық-грамматикалық 
қызметтері екі басқа екі топ сөздер тудырады. Мысалы, майысқақ, жабысқақ
құрысқақ сияқтылар, əрине, сын есімдер болады да, кескек, іскек, ілгек 
тəрізділер зат есім болады. 
Көйлекшең, байпақшақ, бешпетшең, мəсішең сөздеріне жалғанған -шақ,-
шең жұрнағы бір түрлі мағына үстесе,əрине тершең, кіршең деген сөздерде 
басқа мағынаны білдіреді. Демек бешпентшең, мəсішең сөздерінен бешпет 
киген, мəсі киген деген мағына түсінілсе, тершең, кіршең дегендерден тершіл, 
кіршіл деген мағына аңғарылады. 
Жұрнақтардың ішінде дыбысталуы мен таңбалануы бірдей болғанымен, 
негізгі мағыналары да бір-бірімен байланыспайтын, ұштаспайтын тіпті басқа-
басқа бір алуан жұрнақтар бар. Ондайлар омоним жұрнақтар деп аталады. 
Атшы, түйеші, балташы, етікші, малшы, егінші, тігінші, тергеуші, барлаушы, 
сайлаушы, жүргінші, қуғыншы, жазушы оқушы деген зат есімдердің бəрі де -
шы, -ші жұрнағы арқылы негізгі жəне туынды есім сөздерден жасалғаны
сияқты, жаншы, өрші, аунақшы, тықыршы, тыпыршы, қаймақшы, дөңбекші 
деген етістіктер жан, өр,аунақ, тықыр, тыпыр, қаймақ, дөңбек деген зат 
есімдерден жасалған. Байқашы, қойшы, емші, аяшы сөздеріндегі, сондай-ақ, 
келейінші,келейікші, келші, келтірші, келіңдерші, келсінші, келсемші 
формаларындағы -шы,-ші қосымшасы етістіктің түр-түрлеріне тілену, жалыну 
мағынасын жамап тұрса, бармақшы, келмекші дегендерде -шы, -ші жұрнағы 


 12
мақсаттың тиянақты түрде жүзеге асырылатындығына көзді жеткізе түсетін 
мағына үстейді. 
Сөйтіп, бұл мысалдардағы -шы, -ші қосымшасының мағыналары көп 
екенін көреміз. Бірақ бұл арадағы көп мағыналар бір-біріне жақын емес бір-
бірімен байланыспайтын, бірінен-бірі алшақ, басқа-басқа мағыналар. Осы 
себептен бұл жұрнақты айтылу, жазылу түрлері біреу болғанымен, мағыналары 
да, қызметтері де бір-бірмен ұштаспайтындықтан полисемиялық жұрнақ деп 
тани алмаймыз. Бұл жұрнақ-əрі жаңа сөз тудыратын, əрі жаңа форма тудыратын 
омоним жұрнақ. 
-қ, -ық, -ік, -ақ, -ек жұрнағы. Бұл жұрнақ-нағыз омоним жұрнақ. Бұның 
мағыналары да көп, жалғану аясы да кең,атқаратын қызметі де əр тарапты. 
Мысалы:
1. Қазық, бұйрық, бөлік, сезік, күйік, көрік, түсінік, кекірік, сұрақ, ырғақ, 
тілек, төсек, орақ, пышақ, жатақ, құшақ, жетек, қонақ, қылық, тозық, шалық 
дегендер -ық, -ік, -қ, -ақ, -ек жұрнағы арқылы етістіктен туған зат есімдер. 
2. Ортақ, мойнақ, қысырақ, атақ, жолақ, тікенек, қылтанақ, түнек, ұшық 
дегендер - есімдерден туған зат есімдер: 
3. Бөлек, сирек жасық, сасық, сұйық, тұнық, артық, ашық, жатық, сынық, 
қисық, үзік, жетік, бітік дегендер-сол жұрнақ арқылы етістіктен туған сын 
есімдер. 
4. Қалтақ, жалтақ, бұлтақ, жалпақ, балпақ, елпек, селтек, сылтық, 
тықыршы, қыжық дегендер - сол жұрнақ арқылы еліктеуіш сөздерден туған сын 
есімдер. 
Осындай омоним жұрнақтардың қатарына -ық, -ік, -қ, -ақ, -ек, -ын, -ін, -
н, -ыт, -іт, -т, -ыл, -іл, -л, -ыс, -іс, -с, -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес, -ыр, -ір, -ар, 
-ер, -дық, -дік, -лық, -лік жəне басқа жұрнақтарды қосуға болады. 
Сонымен, жұрнақтар мынадай топтарға бөлінеді: 
1. Тілдің өз төл материалынан я басқа тілден енген материалдан 
шыққандығына қарай, олар төл жұрнақтар жəне кірме жұрнақтар болып екі 
салаға бөлінеді. 
2. Олар, ерте я кеш шығып қалыптасуларына қарай, көне жұрнақтар жəне 
жаңа жұрнақтар болып екі топқа бөлінеді. 
3. Қазіргі кезде сөз тудыру қабілетт ерінің бар я жоқтығына қарай, олар 
тірі жұрнақтар жəне өлі жұрнақтар болып сараланады. 
4. Құрамдарындағы морфемалардың дара я күрделі болуына қарай, олар 
жалаң жұрнақтар жəне құранды жұрнақтар болып жіктеледі. 
5. Мағыналық жағынан бір я бірнеше мағынаны білдіретініне қарағанда, 
олар дара мағыналы жəне көп мағыналы болып бөлінеді. 
6. Формасы басқа-басқа бола тұра, мағыналары бір-біріне жақын 
ямағыналас синоним жұрнақтар да болады, сондай-ақ формасы бірдей бола 
тұра, мағыналары өзара бір-біріне алшақ омоним жұрнақтар болады. 
7. Қазіргі кезде сөз тудыру жағынан өнімді я өнімсіз болуларын а қарай, 
олар құнарлы жұрнақтар жəне құнарсыз жұрнақтар болып салаласады. 
Сөйтіп, жұрнақтардың шығу төркіндерінде де, даму жəне қалыптасу 
тарихында да, беретін мағыналары мен атқаратын қызметтерінде де 
қаншалықты ерекшеліктері мен өзгешеліктер бола тұрса да, олар бей-берекет 


 13
бытыранды қосымшалар емес,бір үлкен жүйеге сарқылатын жəне сол жүйеден 
ұя-ұя болып тарайтын жүйелі категория екенін көреміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет