87
Тірек сөздер: одағайлар басқа сөз таптарының
бірде-біріне ұқсамайтын
өзіндік ерекшелігі бар сөз табы, одағайлар құрамына қарай негізгі жəне туынды
одағайлар болып екіге бөлінеді, негізгі одағайларға а, о, а8а, ей, я, т. б. туынды
одағайларғы мəссаған, астапыралла, жəракімалла, ойпырмай т.б cөздер жатады.
Одағай сөздердің мағыналық жағынан да, морфологиялық жағынан да
өздеріне тəн ерекшеліктері бар. Осымен байланысты одағайлардың жалпы сөз
таптарының ішінде алатын орны айрықша. Одағай сөздер мағына жағынан
заттың өзі туралы да, сыны, саны, қимылы туралы да, қимылдың жайы-күйі
туралы да ұғым бермейді. Олай болса одағайлар мағына жағынан
зат есім, сын
есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу сияқтанған негізгі сөз таптарына тəн
сөздердің бірде-біреуіне ұқсамайды. Осындай ерекшеліктерімен байланысты
одағай сөздер сөйлемде не тұрлаулы, не тұрлаусыз мүшелердің қызметтерін
атқармайды, сөйлемдегі басқа сөздермен тікелей қарым-қатынасқа түспейді.
Сонымен қатар, одағай сөздер түрлі шылау сөздерге де ұқсамайды,
өйткені шылау сөздердің өздеріне тəн лексикалық мағыналары болмағанымен,
сөйлемдегі
басқа
мағыналы
сөздермен
селбесіп,
оларды
өзара
байланыстыратын грамматьикалық дəнекер болып қызмет атқарса, одағайларда
бұл қасиет те жоқ. Одағайларға тəн ерекшеліктер мыналар: 1) Одағай сөздердің
мағыналары адамның əр түрлі сезімімен
байланысты шығатын дыбыстық
ишараттарлы білдіреді. Мысалы: Мұны бастап жүрген кім екен, ə? Япырмау,
жастық деген қандай қызық! дегендердегі ə, япырмау деген сөздер-одағайлар.
Алғашқы сөйлемдегі ə күдіктенгендікті білдірсе, соңғы сөйлемдегі япырмау
деген сүйсіну, шаттану жайын байқатады.
Адамның көңіл күйі құбылмалы болатындықтан, одағай сөздердің
көпшілігінің мағыналары да құбылмалы, ауыспалы демек, көп мағыналы болып
келеді. Одағай сөздің дəл мағынасы сөйлемде
айтылатын ойдың жалпы
сарынына байланысты болады. Сөйлемде айтылатын ойдың аңғарына қарай,
демек, бірде сүйсіну, бірде кею, бірде күдіктену, бірде өкіну сияқты алуан түрлі
сезім құбылыстарына қарай, одағай сөздердің айтылу ырғақтары да құбылып
отырады. Мысалы: Əй, кім, барсың? Уай, жарандар, мен бір ақыл айтайын ба?
деген сөйлемдердегі айтылған ойдың мағыналарына, қарай одағай сөздер де,
дауыс ырғағы арқылы, сөйлеуші адамның көңіл-күйін жарыстыра, қабаттастыра
білдіріп тұр.
3. Одағай сөздер сөйлемнің басқа мүшелерімен грамматикалық жағынан
байланыспайды, олай болса өзі жарыса айтылған сөйлемнің мүшесі болмайды.
Одағайлар
өздері жарыса, қабаттаса айтылатын сөйлемнен дауыс ырғағы
арқылы оқшауланып, бөлініп тұратын сөздер. Мысалы: Қап, барлық еңбектері
далаға кетеді-ау! Бəсе, соны айтыңызшы.
Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін
дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес,
жұртшылыққа əбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде
пайдаланылатын
дыбыстар.
Олар
жұртшылыққа
түсінікті
болып
қалыптасқандықтан жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып белгілі сөзге
айналған. Мысалы, Түу, қандай тымырсық түн.
Одағайлар негізгі жəне туынды болып екіге бөлінеді.
Негізгі
одағайларға: ау, па, ей, əй, я, уа, уау, уай, я, пай, ə, о, о8о, ой, əй, ие, а8а, ау, беу
88
дегендер жатады. Бұл одағайлар қайталанып та қолданылады. Туынды
одағайларға: мəссаған, бəрекелді, əттеген-ай, жəрекімалла, масқарай, о тоба,
астапыралла, япырмай, ойпырмай, о дариға сияқтанғандар жатады. Олар əуел
бастағы мағыналы сөздерден я сөз тіркестерінен бірігіп одағай сөздерге
айналған. Мысалы: мəссаған деген одағайдың бастапқы төркіні -мə, саған,
бəрекелді дегеннің төркіні дегеннен шыққан. Сөйтіп, одағайлар тек көңіл-күйін
білдіретін күрделі дыбыстардан ғана емес, бастапқы кезде ақиқаттық мағынасы
бар сөздерден де шығады. Одағайлардың дəлді мағынасы нақтылы сөйлей
жағдайларымен байланысты контексте айқындалады, өйткені бір одағай сөздің
өзі, қолданылу ерекшелігіне қарай əр сөйлемде əр түрлі мағына береді. Демек
бір
одағайдың өзі бірде таңырқау, бірде сүйсіну, бірде ызалану, бірде ұнату,
бірде ұнатпау сияқты жай-күйлерді білдіріп ауысып отырады. Мысалы: Əй сол
ма, тəйірі, Əй байғұсым-ай, басын бастаса түсіне кетесің-ау. Сөйтіп көңіл-
күйіне байланысты жоғарыдағы сияқты одағайлардың өздері əлденеше түрге
бөлінеді. Бірақ мағыналарының соншалық ауысып отырғандығынан оларды
жіктеу тіпті қиын. Бұлардан басқа тілімізде адамға арнай айтылатын: кəне,
міне, əні, мə, жə, əйда, əй, тек, тəйт сияқты одағайлар да бар.
Бұлардың
мағыналары жоғарыдағы одағайлардан гөрі басқашалау. Демек, олардың
кейбіреулері көрсету я тұсқау (кəні, міне, əні), кейбіреулері ұсыну (мə, айда),
кейбіреулері тыю (жəй, тəй, тек, тəйт) мағыналарын білдіреді: бұларды ишарат
одағайлары деген дұрыс. Одағайлар ойды көріктендіріп, ырғақпен
(интонациямен) айтылатын сөйлем емес, бірақ сөйлемге балама ретінде
қолданылатын сөздер. Бірақ сөздер іштей мүшеленбейтін,
синтаксистік
жағынан басқа грамматикалық категориялардан оқшау тұратын, əлеуметтік
қызметі мен мəні əбден түсінікті болып қалыптасқан сөздер. Осы
ерекшеліктеріне қарай, одағайлар адамның көңіл-күйлерімен байланысты алуан
түрлі сезімдерді білдіретін лепті, сұраулы сөйлемдер ретінде қолданылады.
Мысалы: қане! деген одағай келіңдер! іске кірістік я іске кірісіңдер! деген
ишаратты білдірсе, міне! деген одағай көрдіңдер ме, айтқаным осы еді не осы
сияқтанған басқа мағынада қолданыла береді. Ауызекі тілде қане! міне!
дегендердің орнына сыпайырақ қанікиіңіз,
мінікиіңіз деп, мə! Жə! деудің
орнына мəңіз! Жəңіз! деп те айтылады.
Одағайлар екі түрлі жағдайда ғана сөйлем мүшесі бола алады.
1. Одағайлар кейбір көмекші етістіктермен тіркесіп күрделі мүшенің
құрамына кіреді. Мұндай да көмекші етістік одағайды басқа сөздермен
грамматикалық байланысқа түсіретін дəнекер болып қызмет атқарады.
Мысалы: Ə-т-те-ге-не-ай! деді ол таңдайын қағып Құқұр...р.р. Əй, Əй! десті үй
ішінен екі дауыс дегендердегі одағайлар де етістігінің дəнекерленуімен, қайтті
?
не деді
? қайтіп? деген сұрауларға жауап беріп, сөйлемнің мүшесі бола алады.
2. Одағай сөздер субстантивтеніп, түрлі қосымшалар қабылдап, сөйлемнің
қалыпты мүшесі болады. Мысалы: Аллаңнан ойбайым тыныш.
Достарыңызбен бөлісу: