Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет3/16
Дата25.03.2022
өлшемі0.7 Mb.
#456478
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Грамматика

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Жұрнақтар дегеніміз не, жалғаулардан қандай айырмашы лығы бар

2. Жұрнақтар мағыналары мен қызметтеріне қарай неше түрге бөлінеді
олардың өзіндік ерекшеліктері қандай 

3. Жұрнақтар құрамына қарай нешеге бөлінеді 

4. Омоним жұрнақтар дегеніміз не, оларға қандай жұрнақтар жатады

Пайдаланылатын əдебиеттер: 
1. А.Ысқақов Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, Ана тілі. 1992ж. 
2. С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. 1997ж. 
3. А.Данияров. Қазіргі қазақ тілінде көптік категориясының берілу
жолдары. 1963 ж. 
4.Төлеуов.Қазақ тілінде зат есім мен сын есім тудыратын жұрнақтар. 1979ж. 
 
ЖАЛҒАУ ЖƏНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ 
Ж О С П А Р Ы : 
1. Жалғау туралы түсінік жəне оның түрлері. 
2. Көптік жалғаудың семантикалық мағынасы мен грамматикалық 
ерекшеліктері. 
3. Тəуелдеу категориясының жасалу тəсілдері, оңаша тəуелдеу мен ортақ
тəуелдеу. 
4. Септік жалғаулардың қызметі мен мағыналары. 
5. Жіктік жалғаудың жалғану жүйесі мен формалары. 
Тірек сөздер: жалғаулар сөз бен сөзді байланыстыру үшін жұмсалатын 
қосымша морфеманың түрі, олар төртке бөлінеді: көптік, септік, тəуелдік, 
жіктік. Жалғаудың əрбір түрінің өзіне тəн мағынасы жəне грамматикалық
көрсеткіштері бар, септік жүйесі жай септеу жəне тəуелді септеу болып, 
тəуелдік жүйесі оңаша тəуелдеу мен ортақ тəуелдеу болып іштей бөлінеді, 
жіктік жалуадың сөздерге жалғануының қазақ тілінде төрт түрлі жүйесі бар. 
Жалғаулар сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға 
белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар болып 
есептеледі. Жалғаулар мағыналық та, тұлғалық та дербекстік болмайды. 
Ө:йткені жалғаулар 1. жеке-дара қолданылмайды, 2. жеке-дара тұрғанда 
ешқандай мағынасы да болмайды. Ал мағыналы сөздерге қосылғанда олардың 
атқаратын қызметтері де зор жəне ол сөздерге тиісті грамматикалық мағыналар 
да жамайды. 
Жалғаулар жалғанатын сөздердегі дауысты дыбыстардың əуеніне қарай 
не жуан, не жіңішке болып сəйкесетіні сияқты дауыссыз дыбыстардың да 
орайына қарай қатаңдап, ұяңдап, сонорланып, 2-3 вариантты болып түрленгені 
болмаса, шексіз өзгере бермейді. 
Жалғаулар сөйлемдегі сөздердің араларындағы əр қилы аса жалпы 
қатынастарды білдіреді де, сол қатынастардың түр-түрінің көрсеткіші есебінде 
қызмет етеді. Сондықтан жұрнақтарға қарағанда жалғаулардың өрісі де кең 


 14
болып келеді. Мысалы: септік, тəуелдік жалғаулары субставтивтенетін 
сөздердің қай-қайсысына да жалғана береді. 
Қазіргі қазақ тілінде жалғаулардың төрт түрі бар. Олар: көптік тəуелдік, 
септік, жіктік жалғаулары. Осы 4 түрлі жалғаудың əрқайсысының өзіне тəн 
грамматикалық мағыналары, формалары, өздеріне тəн ерекше қызметтері бар. 
Тілімізде көптік категориясы да, көптік жалғау категориясы да бар. Ал, 
осы екеуі бір де емес жəне бірдей де категориялар емес. Көптік категориясы 
деген ұғым тым жалпы ұғым да, көптік жалғау категориясы онан гөрі əлдеқайда 
жалпы ұғым. 
Сөз атаулының қай-қайсысы болса да жалпыланған, жинақталған ұғымды 
білдіреді. Мысалы: ағаш, шөп, жылқы, ет, қағаз деген əрбір сөз даралауға 
болатын бір тектес көптеген заттарды жинақтай атап, жалпылама ұғымның 
атын беріп тұр. Осындай мағынасы жалпылама ұғымды білдіретін сөздердің 
өздері біркелкі емес. Олардың ішінде ешқандай қосымшаларсыз тұрып, тікелей 
көптік ұғымды білдіретін сөздер де бар. Мұндай сөздерге жеке-даралап санауға 
келмейтін заттардың аттары, ру, халық, ел, тайпа аттары, əр қилы жəндіктер,
аң, хайуанат аттары т. б. жатады. Міне көптік ұғымды осылайша сөздің тікелей 
өз лексикалық мағынасы арқылы білдіру лексикалық тəсіл деп аталады.
Сан есімдер (реттік сан мен болжалдық сандардан басқалары), сондай-ақ, 
көп, аз, əлденеше, бірнеше, бірталай тəрізді сөздер зат есімдерден бұрын 
анықтауыш болып тұрып, ешқандай қосымша формасыз көптік ұғымды білдіре 
береді. Мысалы: бес кісі, отыз қой, елу дəптер т. б. 
Көптік ұғымның осылайша сөз тіркестері арқылы берілу жолы 
синтаксистік тəсіл деп аталады. 
Сөздердің қосарлануы арқылы да жинақтау, топтау, жалпылау ұғымдары 
айтылатыны мəлім. Мысалы: бала-шаға, ата-ана, дос-жар, ыдыс-аяқ т. б. 
Қос сөздер синтаксистік тəсіл арқылы туған күрделі сөздер болғандықтан, 
олардың көптік ұғымды білдіруін лексика-синтаксистік тəсіл деп деп аталады. 
Көптік ұғымдардың сөздерге тиісті қосымшалар арқылы берілу жолы 
морфологиялық тəсіл деп аталады.
Көптік жалғаудың грамматикалық қызметіне қарай семантикалық 
мағынаса да, стилистикалық рай де күшті. Оның бұл сипаттары төмендегідей: 
1. Бұл жалғау зат есімге жалғанғанда сол сөз арқылы аталатын заттардың 
көптігін білдіреді. Мысалы: мектептер, қыздар, оқушылардеген формалар бір 
мектеп, бір қыз, бір оқушы жайында емес, олардың əрқайсысының жинақталған 
тобы жөніндегі ұғымды бағдарлатады. 
2. Бұл жалғау есімдіктерге, мысалы, сен, сіз, біз өз, кім, не, бұл, сол тағы 
басқаларынажалғанғанда, сол есімдіктер арқылы ишараланып аталатын заттың 
жəне басқа əр бір ұғымның саналмай айталмаған жинақ-тобын білдіруімен 
қатар, саралап, талдап нұсқағандықты да аңғартады. Мысалы: Сендер 
бақыттысыңдар, Майпа!
3. Бұл жалғаулар сын есімдерге, есімше формаларына қосылғанда, сол 
сын есімдерді, есімшілерді əрі субставтивтендіреді, əрі оларға көптік мағына 
жамайды. Мысалы: Жан ашырлар, жақындар іштерінен сүйсінед. 
4. Көптік жалғаулар сан есімдерге жалғанғанда ол дəл сол санның 
көптігін бермейді, мөлшер я болжал ұғымын береді. Мысалы: Бұның бірі 
жиырма бестерге келген ақ сұр жігіт екен. 


 15
5. Көптік жалғаулар даралап санауға болмайтын көптік формада 
жұмсалмайтын зат есімдердің сондай-ақ бүтіннің бөлшегі ретінде 
жұмсалмайтын кейбір ұғымдардың аттарына қосылғанда, ол сөздер тікелей өз 
мағынасында емес, ауыспалы мағынада қолданылады. Мысалы: Жанында ылғи 
түлкі ішіктілер, сұлу мұрттылар отыр. 
6. Көптік жалғау көп адамға тəн я ортақ бола латын заттардың (адамның) 
атауларына қосылғанда, сол заттың көп адамға бірдей екенін білдіреді. 
Мысалы: Осы жиынға сəлем айтқан Зередей аналары екен. 
7. Көптік жалғау жалқы есімдерге қосылғанда, сол заттардың көптігін 
білдірмейді, «сол кісі жəне басқалар» деген сияқты топтау ұғымын береді. 
Мысалы: Cүйіндік аулына Абайлар ел орынға отыра келіп еді. 
Иеленуші 3 жақтың біріне белгілі бір заттық меншікті екенін білдіретін 
грамматикалық категория тəуелдеу категориясы деп аталады. Қазақ тілінде 
тəуелдеу категориясы 3 түрлі тəсіл арқылы жасалады. 1. морфологиялық 2. 
синтаксистік 3. аралас тəсіл. 
Синтаксистік тəсіл біз, сіз есімдіктеріне ілік септік қосымшасын жалғап, 
оған анықталатын заттың атын білдіретін сөзді ешбір қосымшасыз-ақ тіркестіру 
арқылы жасалады. Мысалы: біздің ауыл, сіздің үй т.б. 
Аралас тəсіл бұрынғы компонентінің есімдіктер ғана емес, басқа 
есімдерден де бола беретіндігі жағынана жəне соңғы компонентінің үнемі 
тəуелдік жалғаулы сөз болатындығы жағынан таза синтаксистік тəсілден 
басқашалау болады. 
Морфологиялық тəсіл арқылы туатын тəуелдеу категориясы мынадай екі 
түрлі қосымша арқылы жасалады. 
1. -нікі (дікі, -тікі) жұрнағы арқылы 
2. тəуелдік жалғаулары арқылы. 
Тəуелдеу ұғымын тудыратын -нікі, -дікі, -тікі жұрнағы тарихы жағынан 
алғанда, ілік септіктің -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің жалғауына жəне -кі, -қы, 
-ғы, -гі жұрнағынан бірігіп пайда болғаны мəлім. 
Тəуелдік жалғау, əдетте бір заттың басқа бір затқа тəуелді екенін 
білдіретіндіктен, негізінен зат есімге тəн қосымша бола тұрса да, зат есім 
қызметін атқаратын субставтивтенетін сөздердің барлығына да жалғана береді. 
Мысалы: Олардың жақсысы да, жаманы да бірдей деген сөйлемдегі жақсысы, 
жаманы дегендер-субстантивтеніп тұрған сын есімдер. 
Тəуелдеудің оңаша жəне ортақ тəуелдеу түрі тəуелденетін заттың бір я 
бірнеше затқа (адамға) тəн екенін білдірумен байланысты. Оңаша тəуелдеуде 
бір я бірнеше зат бір ғана затқа (адамға) тəуелді болып келеді, яғни ие болатын 
зат (адам) біреу болады, сондықтан ол (ілік септіктегі сө) тек жекеше тұлғада 
тұрады да, иеленетін (тəуелденетін) зат біреу немесе бірнешеу болуы мүмкін
сондықтан тəуелдік жалғауындағы сөз жекеше де, көпше де тұлғада тұра 
біледі. 
Ортақ тəуелдеуде керісінше бір я бірнеше зат бірнеше затқа (адамға 
тəуелді болып келеді, яғни ие болатын зат (адам) көп болады, сондықтан ілік 
септіктегі сөз тек көптік тұлғада тұрады, тəуелденетін зат біреу не бірнешеу 
болуы мүмкін, сондықтан ол жекеше де, көпше де тұлғада тұра береді. Сөйтіп 
бірнеше затқа (адамға) ортақ болып отырады. 


 16
Сөйлемде сөздердің арасындағы алуан түрлі синтаксистік қатынастарды 
көрсетіп, өзі жалғанған сөзге түрлі грамматикалық мағына үстеп, сөз бен сөзді 
байланыстыруда үлкен орын алатын зат есімнің түрлену жүйесінің бірі-септік 
жүйесі. 
Септік 
жалғау-
лардың аты 
Жай 
септік 
сұраулары 
Тəуелді септік сұраулары 

Атау 
Кім
? не? 
кім
? кімі? кімің? кіміңіз? кімі? нең?
неңіз
? несі? 
2 Ілік
Кімнің
? ненің? кіміңіз? кіміңнің? кіміңіздің? кімінің 
немнің
? неңнің? неңіздің? несінің? 
3 Барыс 
кімге

неге
?
қайда

кіміме
? кіміңе? кіміңізді? кімін?
немді
? неңді? неңізді? 
4 Табыс 
кімді
? нені? 
кімімді
? кіміңді? кіміңізді? кімін?
немді
? неңді? неңізді?
5 Жатыс 
кімде
? неде? 
кімімде
? кіміңде? кіміңізде? кімінде?
немде
? неңде? неңізде? несінде? 
6 Шығыс 
кімнен
? неден? кімімнен? 
кіміңнен

кіміңізден
?
кіміне
? немнен? неңнен? неңізден?
несінен


Көмектес 
кіммен

немен
? қалай? 
кіміммен

кіміңнен

кіміңізбен
?
кімімен
? неммен? неңмен? неңізбен?
несімен

Септік жалғаулары негізінде зат есімдерді жəне зат есім қызметін 
атқаратын өзге сөздерді сөйлемдегі етістік мүшелермен байланыстырады. 
Септік жалғауларының ішінен етістік мүшемен тікелей байланыспай, тəуелдік 
жалғаулы есім сөзбен байланысатыны-тек ілік септік жалғауы ғана. Септік 
жалғауларының ішінде шылау сөздермен тіркесіп, əрі солар арқылы 
мағыналарын айқындап, солар арқылы өзге сөздермен баспалдақтап 
жалғасатындары да бар. 
Олардың септеулерінде əрине, қалыптасқан жүйе бар. Сол жүйеге сəйкес, 
сөздер мынадай 2 түрлі үлгі бойынша септеледі. 
1. Жай септеу. 2 Тəуелді септеу. 
Жай септеу деп септік қосымшаларының тікелей зат есімдердің жəне 
басқа есім қызметін атқаратын сөздердің тура түрлеріне жалғануын айтамыз. 
Ал, тəуелдік септеу деп септік жалғауларының зат есім немесе зат есім 
қызметін атқаратын басқа сөздердің тəуелді түрлеріне жалғануын айтамыз. Жай 
септеуде де, тəуелді септеуде де 7 түрлі форма, 6 түрлі жалғау бар. 
Жай септеу бойынша өзгеретін жекеше түрдегі сөздердің соңғы буыны 
мен соңғы дыбысына жалғанатын қосымшалар мынадай болады: 
1. Ілік септік -ның, -нің, -дың, -дің, - тың, -тің 
2. Барыс септік -ға, -ге, -қа, -ке, -ға, -ге 
3. Табыс септік -ны, -ні, -ды, -ді, - ты, -ті 
4. Жатыс септік -да, -де, -та, -те 


 17
5. Шығыс септік -дан, -ден, тан, -тен, -нан, -нен 
6. Көмектес септік -мен, -бен, -пен, -менен, -бенен-, пенен 
Тəуелдеулі сөздерге жалғанатын септіктердің қосымшалары:
ілік барыс табыс жатыс шығыс көмектес 
Iж. -ның, -нің: -а, -е: -ды, -ді: -да,-де: -нан, -нен: -мен 
IIж. -ның,-дың: - ға,-ге: -ды,-ді: -да, -де: -дан, -ден: -бен. 
IIIж. -ның-нің: -на, -не: -н, -нда: -нде: -нан,-нен: -мен 
Атау септік жай септеуде де, тəуелді септеуде де атау септіктің өзіне тəн 
арнаулы қосымшасы болмайды. Атау септік формасы, бір жағынан басқа 
септіктердің формалары мен мағыналарын салыстырып ажырату үшін 
қабылданған негізгі форма болса, екінші жағынан ол белгілі бір затты атау үшін 
ғана емес, онан əлдеқайда кең грамматикалық қызмет атқаратындықтан арнайы 
талдайтын негізгі форма ретінде қаралады. Осыған орай ол негізгі септік деп 
аталады. Атау септік формасындағы сөздер əдетте септеулік шылаулармен де 
жұмсала береді. Ондай жағдайда атау формадағы есімнің мағынасына да
қызметіне де елеулі өзгерістер енеді. Атау формалы сөзге тіркесіп 
қолданылатын шылаулар мыналар: үшін, арқылы, тураы, сияқты, секілді 
тəрізді, бойынша, жайында т.б. 
2 Ілік септік. Ілік септіктің білдіретін басты мағынасы грамматикалық 
меншілікті, иелікті меншілікті қатыстықты көрсету. Ілік септік жалғауы кейде 
түсіріліп те айтылады: ақын өлеңдері, қала жастары т.б. Онда бұл тіркестер 
меншілікиен гөрі қатыстық, жалпы атаулық, абстрактілік иелік мағына 
білдіреді. қазіргі қазақ тілінде атауыштық мəндегі тұрақты тіркестер мен 
күрделі терминдердің көбі ілік септік жалғауынсыз қолданылған үлгілер болып 
табылады: космос кеңістігі, Абай көшесі. 
3. Барыс септігінің басты грамматикалық мағынасы жанама обьекті мен 
қимыл, іс-əрекеттің кімге, неге, қайда бағытталғанын көрсету, атап айтқанда 
қимылдың, іс-əрекеттің барып тірелер жерін, аяқталар шегін, кімге, неге 
бағытталғанын, қимылдың мақсатын, не үішін істелгенін қимылдың мөлшер, 
мезгілдік шегін сынның неге қатысын т.б. сияқты мəндерді білдіру. Барыс 
септікті сөз дейін, шейін, қарай, таман, тарта сияқты септеулік шылаулармен 
тіркесіп, сандық, мезгілдік, мекендік шекті білдіреді: ауылға дейін, еріп барды. 
4. Табыс септігінің білдіретін грамматикалық мағынасы-қимыл іс-
əрекеттің тура бағытын білдіріп, тура обьектісі болу. Сондықтан да табыс 
септігіндегі сөз сабақты етістікке меңгеріліп отырады да, толықтауыштық
қатынаста ашық та, жасырын тұрып та жұмсалады. Ө:зі тіркесіп тұрған 
етістіктің алдында жалпы абстракты мағынада келгенде, табыс септік кейде 
түсіп қалады: кітап оқыдым, жеміс сатып алдым. 
5. Жатыс септігінің білдіретін басты мағынасы - істің, қимылдың болу 
орнын, мекенін, мезгілін, көлемін, тұрағын білдіру. Жатыс септігінің мағынасы 
мезгіл, мекенге байланысты болғандықтан да, соған қатысты жатыс септік 
жалғаудың үстіне кейде функциялық сипаттағы -ғы, -гі қосымшасы да үстеліп 
қолданыла береді: ауылдағы үй, кісідегінің кілті аспанда т.б. 
6. Шығыс септігінің басты мағынасы-қимыл, іс-əрекеттің неден, қайдан 
шыққанын, басталғанын білдіру, сөйтіп барыс септігінің мағынасына қарама-
қайшы болып келеді. Сондай-ақ шығыс септігі қимылдың қандай обьект 
төңірегінде болғанын (басынан сипады), себебін (айғайдан шошып кетті), істің, 


 18
заттың тегін (атадан алтау), жанама обьект (жақсыдан шарапат) сияқты да 
мағыналарды білдіреді. 
Шығыс септікті сөз сөйлемде пысықтауыш (ауылдан келді), толықтауыш 
(жақсыдан көмек күт), қызметінен басқа жіктеліп келіп баяндауыш не 
бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. 
7. Көмектес септігі -қазақ тіліндегі септік жүйесінің өзіндік бір 
ерекшелігі, өйткені басқа түркі тілдерінде бұл септік түрі жоқ. Көмектес 
септігінің қосымшасы да тұлғалық жағынанен ерекше: буын үндестігі заңына 
бағынбайды, тарихи жағынан бірлəн-білəн-мынан, -менен септеулік 
шылауынан қалыптасқан. Негізгі мағынасы істің, қимылдың немен, қандай 
құралмен істелгенін (балтамен шабу), қимылға ортақтық, қатысқан затты 
(жолдасымен хат жазысып тұрады), қимылдың амалын, қалай істелуін 
(еңбегімен күн көру) т.б. білдіру. Сондай-ақ қарсылықты мағынаны білдіріп, 
бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы да болады. 
Жіктік жалғау. Жіктік жалғау тек синтаксистік қызмет атқарады. Ө:йткені 
жіктік жалғаулы сөз сөйлемде əрдайым баяндауыш ғана болады. Солай болса 
жіктік жалғау тек баяндауышқа ғана тəн жалғау. 
Қазақ тіліндегі сөздер төмендегідей төрт топқа бөлініп, төрт түрлі үлгі 
бойынша жіктеледі. 1) топқа отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктері, есімшелер, зат 
есімдер, сын есімдер, сан есімдер, есімдіктер, үстеулер жатады. Мысалы: Мен 
тұрмын, сіз отырсыз, барғанмын, оқушымын т. б. 2) топқа -а, -е, -й формалы 
жəне -ып, -іп, -п формалы көсемшелер жатады, олар екінші үлгі бойынша 
жіктеледі. Мысалы: сөйлеймін, келесіңдер, қарайды т. б. 3) топқа етістіктің 
жедел өткен шақ формасы мен шартты рай формасы жатады: бұлар үшінші үлгі 
бойынша жіктеледі. Мысалы: Мен барсам, ол келді т. б. 4) топқа етістіктің 
бұйрық рай формасы жатады да, төртінші үлгі бойынша жіктеледі. Сен қара, 
мен барайын т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет