Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата25.03.2022
өлшемі0.7 Mb.
#456478
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Грамматика

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Жалғаулар дегеніміз не, оның қандай түрлері бар

2. Қазақ тілінде көптік категориясы қандай тəсілдер арқылы жасалады

3. Тəуелдік жалғаулар қандай қызмет атқарады 

4. Қазақ тілінде тəуелдеудің неше түрі бар, мысалдар келтірің. 
5. Септік категориясы туралы не білесіз 

6.Жай септеу мен тəуелді септеу дегендеріміз не, олар қалай жасалады 

7. Жіктік жалғауларының басқа жалғаулардан басты айырмашылығы неде 

8.Қазақ тілінде сөздер неше түрлі үлгі бойынша жіктеледі

Пайдаланылатын əдебиеттер: 
1. А.Ысқақов Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, Ана тілі. 1991ж. 
2. С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. 1997ж. 
3. А.Данияров. Қазіргі қазақ тілінде көптік категориясының берілу
жолдары. Тіл жəне əдебиет мəселелері, 1963 ж. 
4. Ə.Төлеуов. Қазақ тілінде зат есім мен сын есім тудыратын жұрнақтар. 
Алматы, 1979ж. 
5. Н.Оралбай Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.Алматы. 2007. 


 19
СӨЗДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ 
Ж О С П А Р Ы : 
1. Cөз формалары туралы түсінік. 
2. Қазақ тілінде сөз формаларының жасалу тəсілдері
3. Сөздің негізгі түрлері 
4. Жалаң сөздер, түрлері 
Тірек сөздер: сөз дегеніміз белгілі формалардың жүйесі, ол ұғымға сөздің 
барлық формалары енеді, түбір сөздер (бас, тас, ал, күн), туынды сөздер түбір 
сөздерге əр түрлі жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады (білім, ақылды). 
Белгілі бір ұғымның атауы ретінде қолданылатын дыбыстық комплекс 
сөз деп аталатыны белгілі. Сөздің сыр-сипаты тілдегі сөз атаулының басындағы 
ерекшеліктерді іздеу арқылы емес, олардың барлығына тəн, белгілі топ-тобына
тəн жалпы қасиеттерді анықтау арқылы ашылады. Мысалы: бар, баршы, 
барыңызшы, барыңдаршы, барсыншы, барайықшы, барды, бармасам, барар, 
баратын, барған, барылмапты, барғышта, барылмапты, барғышта, барғыш 
дегендерді алайық. Оларға қарап отырсақ осылардың əрқайсысы басқа-басқа 
сөздер ма, я болмаса олар бір сөздің əр алуан түрлері ма деген сұрақтар туады. 
Егер сыртқы тұлғаларына қарап, олар бір сөз емес десек, онда сөз бен 
сөзді жалғастыратын, сөз түрлендіретін категориялардың араларында 
айырмашылық болмас еді. Ал егер тек мағыналарына қарап, олар бір ғана сөз 
десек, онда тіліміздегі грамматикалық формалардың өзді-өзіне тəн қызметтерін 
ескермей елеусіз қалдырғандық болар еді, сонымен бірге бұл жағдайда оларды 
іштей жіктеуге де, алды-алдына саралап түсіндіруге де болмас еді. Олай болса 
осы аталған (бар) сөзден өрбіген түрлі сөз формаларының жүйесін тауып, 
өздеріне тəн сөздік жəне формалық қасиеттерін анықтау-грамматикалың басты 
міндеттерінің бірі. 
Сөз дегеніміз-белгілі формалардың жүйесі. Ол ұғымға сол сөздің барлық 
формалары енеді. Ендеше бар, баршы, барыңыз.... дегендерді бəрін де бір 
сөздің əр түрлі формалары деп таныған мақұл. Өйткені тіліміздегі сөз бен сөзді 
байланыстыратын, сөзден сөз тудыратын, демек кейбіреулері жаңа сөз 
тудыратын, кейбіреулері тек сөздің түрін ғана өзгертетін я түрлендіретін 
қосымшалардың қай-қайсысын алсақ да, олар өздері жалғанған сөзді я бір 
грамматикалық категориядан екінші бір басқа грамматикалық категорияға 
көшіретін,я болмаса жалпы грамматикалық категорияның ішіндегі жалқы 
категорияларды іштей бірінен-біріне аударатын формалар ретінде қызмет етеді. 
Жоғарыдағы формалар синтетикалық тəсіл арқылы жасалған. Синтетикалық 
тəсіл арқылы туатын сөз формаларын категориялық маңыздары мен 
қызметтеріне қарай сөз жалғастыратын, сөз түрлендіретін жəне сөз тудыратын 
формалар деп үш салаға бөлген дұрыс. 
Қазақ тілігдегі сөздердің өзара қарым-қатынасы тек қосымшалар арқылы 
ғана, демек морфологиялық тəсіл арқылы ғана емес, синтаксистік тəсіл арқылы 
да беріледі. Атап айтсақ, синтаксистік тəсіл арқылы да сөздерді бір-бірімен 
байланыстырып, əр алуан таза грамматикалық мағыналармен қатар, лексика-
грамматикалық мағыналар жасауға болады. Бірақ бұл тəсіл арқылы туатын 
мағыналар да сөздердің қалай болса солай, кездейсоқ түрде тіркесе салуынан 
пайда болмайды, тілдің ішкі даму заңдарына лайық қалыптасқан жүйе-жүйе 


 20
ережелері бойынша құралуынан туады. Мысалы: бере кел, бере кет, бере шық, 
бере ғой, бере жүр, бере баста, бере жазда деген сияқты тіркестерді алсақ, əрбір 
тіркестің лексика - грамматикалық мағыналары тіліміздегі дағдылы тіркестер 
арқылы туған. Осы сияқты көк ала, сұр ала, сары ала, шұбар ала деген 
тіркестердің жəне ақ көк, қара көк, қызыл көк, теңбіл көк, жасыл көк тəрізді 
тіркестердің мағыналары мен қызметтері де олардың құрамдарындағы 
сөздердің белгілі бір жүйе бойынша құрылуынан туады. Осы формалар тек 
грамматикалық я лексика-грамматикалық мағыналардың жəне олардың 
қызметтерінің нақтылы тілдік-жамылышы ретінде қызмет етеді. Ендеше 
осындай формаларды сөз формалары деп танимыз. Бірақ бұл соңғы формалар 
синтаксистік формалар. Солай болса қазақ тілінде сөз формалары 
морфологиялық тəсіл арқылы да, синтаксистік тəсіл арқылы да жасалады. 
Сөз формасы деп оның морфологиялық құрамындағы бөлшектерінің 
(морфемалардың), синтаксистік байланыс-жалғас тəсілдерінің өзара бір - 
бірінен ерекшеленіп бөлінерліктей жəне соған орай қосымша мағыналарды 
білдірерліктей əр алуан түрлерін айтамыз. 
Тіліміздегі сөздер морфологиялық құрамы жағынан біркелкі емес, əр түрлі. 
Сөздердің ішінде жалаң түбір сөздер де, жұрнақ арқылы жасалған туынды 
сөздер де бар. Бұл тұлғалармен қатар, екі түбірден біріккен сөздер де, екі 
түбірден қосарланып жасалған сөздер де, бірнеше түбірдің тіркесуі арқылы 
жасалған құрама сөздер де, бірнеше түбірден қысқарып құралған сөздер де бар. 
Сөздер формалық нұсқаларына қарай жалаң жəне күрделі сөздер деп екіге
бөлініп, жалаң сөздерге түбір сөз бен туынды сөздерді, күрделі сөздерге 
біріккен сөздерді, қос сөздерді, қысқарған сөздерді жатқызады. 
Жалаң сөз деп құрамында бір ғана негізгі түбірі бар сөздерді айтамыз да, 
күрделі сөз деп құрамында ең кемінде екі негізгі түбірі бар сөзді айтамыз. 
Қазіргі түбірлердің бəрі де-лексикалық, грамматикалық жəне дыбыстық 
жақтарымен тұрақты бір бүтін тұлғалар. Ол түбірлер практикалық тілде жеке-
дара сөз ретінде де, жаңадан əр алуан сөздер тудыратын негіз ретінде де, 
жаңадан əр алуан сөздер тудыратын негіз ретінде де, жаңадан əр алуан сөздер 
тудыратын негіз ретінде де жұмсала береді. Мысалы: ол, бұл, кет, ас, ат, шаш, 
сіз, үміт, оян, жан, жақ, жалын, жалқы, жалғыз, қайт, қайыр сөздерінде осы 
қасиеттердің бəрі де бар. Бірақ тарихи тұрғыдан қарағанда түбір бірте-бірте 
мағына жағынан да, дыбыстық жағынан да дамып қалыптасады. Мысалы, 
қазіргі кез тұрғысынан қарағанда жақ, жан, жалын, жалаң, жалқы сөздері түбір 
сөздер. Ал тарихи тұрғыдан алсақ осылардың бəрі де туынды сөздер, өйткені 
жан, жақ, жа сөздері -н, -қ, -л, - ын қосымшалары арқылы жа деген түбірден
туған. Демек ерте замандарда түбір есебінде қызмет еткен бұл морфемалар 
кейінгі замандарда көнеріп, туынды сөздердің құрамына еніп, ол құрамнан 
бөлшектенбейтіндей күйге жеткен де, жаңадан сөз тудырарлықтай түбірге 
айналған. Осындай көнеленген сөздер көнеленген түбірлер деп аталады. 
Сонымен түбір деп əрі қарай бөлшектенбейтін, морфемаларға 
мүшеленбейтін, нақтылы бір зат я құбылыс жайындағы немесе əрекет 
жайындағы ұғымды білдіретін белгілі бір дыбысты я дыбыстық құрамды 
айтамыз. 
Туынды сөз деп əдетте морфемаларға бөлшектенетін туынды негіздерді 
айтамыз. Туынды сөздің құрамында негізгі түбір морфемасы жəне қосымша 


 21
морфемалар болуы шарт. Мысалы: малшы, малшылық, құрама, құранды т.б. 
Сөйтіп туынды сөздер деп жұрнақтар арқылы негізгі түбірден өрбіген сөздерді 
айтамыз. Осы себептен туынды сөздер деп грамматикаларда кейде туынды 
түбір деп те аталады. Мысалы: Көкше көктен де көгілдір деген сөйлемді алсақ, 
ондағы Көкше, көктен, көгілдір дегендердің үшеуі де бірдей туынды сөздер 
емес. Бастапқы түбірі көк болғанымен ондағы туынды сөздер көкше жəне 
көгілдір дегендер ғана. Ал көктен деген туынды сөз емес, жалғаулы сөз ғана. 
Туынды сөз тек түбірден ғана жасалып қоймайды, туынды сөздердің өздерінен 
де өрби береді. Мысалы: біл, білім, білімпаз, білімпаздық деген сөздерді алсақ, 
бəрінің де түбірі-біл. Бірақ ол түбірден тікелей туған сөз-білім деген ғана. 
Қалғандары туынды сөздерден өрбіген (білімпаздық). 
Туынды сөздер жұрнақ арқылы жасалғанымен, жұрнақтар барлық сөзге 
бірдей жалғана бермейді. Кейбір жұрнақтар бір сөзге ғана емес, белгілі бір топ 
сөздің қай-қайсысына болса да, жалғана берсе, кейбір жұрнақтар бір-екі сөзге 
ғана жалғанып көнеленіп қалады да басқа сөздерге жалғанбайды. Бір алуан 
сөздерге жаппай жалғаныла беретін жұрнақтарды тірі жұрнақтар дейміз де, 
бірді-екілі сөзге ғана жалғанып орнығып, қалыптасып қалған жұрнақтарды өлі я 
көне жұрнақтар дейміз. Мысалы: ойпат, киіт, кент, жент, тоңазы, шынтуайт 
дегендердегі -пат, -іт, -азы, -нт, -туайт жұрнақтары өлі жұрнақтар. 
Тірі жұрнақтар да кез келген сөздерге жапа-тармағай жалғана бермейді. 
Көне жұрнақтар бірлі-жарымды сөздерге жалғанса, тірі жұрнақтар өздерінің 
жаңа сөз тудыру қабілетіне қарай, сөздердің семантикасына, мағынасына қарай 
белгілі бір грамматикалық категорияға жататын сөздерге жалғана береді. 
Мысалы: -шы,-лы деген тірі жұрнақтарды жалғап: сушы, малшы, кенші, сулы, 
малды, үйлі деген сияқты сөздерді жасауға болады. Бірақ осы сөздерге -қы,-кі,-
ғыш,-қыш жұрнақтарын жалғауға болмайды.Өйткені бұл жұрнақтар бір сөз 
табына жататын сөздерден екінші сөз табына жататын сөздерді тудырады. 
Жұрнақтың туынды сөзге қосатынүлесі оған тəн болып қалыптасқан 
формасына, мағынасына, қызмет атқару қабілетіне байланысты.Мысалы: -лы,-
лық, -ла, -лас, -шы, -шылық жұрнақтарын алсақ, олардың өздеріне тəн 
формалары, өз мағыналары, қабілеттері бар. Ендеше қанша жұрнақ болса
олардың əрқайсысының өз формасы, өз мағынасы, өз қабілеті болады. Сөйтіп, 
туынды сөздің мағынасы өзінің құрамындағы түбірдің мағынасымен де 
жұрнақтың мағынасымен де іштей байланысып барып, біртұтас қасиет-
қабілетке иеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет