есек аяғын санап басады. Шу-шулеген қарт кӛпірден ӛтіп, арқасына қарап
тұрып; – Рахмет, саған кӛпір! – деді. – Бұрын мына жаман есекті кешуге сап,
су жалдатып қор болушы ек. Жақсы болды.
–Рахметті
маған емес,
мына елге,
анау Әбіш ұстаға айтыңыз, – деп
айқайлады кӛпір. – Мені салған солар.
Бірақ оны құлағының мүкісі бар қарт қайдан естісін. – Иә, айналайын
жастар аман болсын, мына ел -жұртым аман болсын! – деп екі бетін сипап,
бата жасады да, есегін ықы-ықылап кете барды.
Бұған марқая түскен кӛпір тағы да дір-р сілкініп, тағы да бірдеңе деп
айқайлағысы
келіп еді, бірақ оны бәрібір ешкім
естімейтінін ойлап қоя
қойды.
Сол-ақ екен, кенет оның ӛн бойын бір кӛнілсіздік басты.
–Мені неге ешкім естімейді? – деді кӛпір қатты мұңайып. – Мені неге
ешкім естігісі келмейді ә!.
Сол ақ екен: – Қапа болма!, мен сені манадан бері естіп тұрмын, – деді
анадайда тұрған кәрі терек. Сен мұңайма! Сен ӛте бақыттысың кӛпір.
Әне ӛткендердің бәрі саған риза!
– Мен бақыттымын ба? – деді кӛпір оны қайталап.
–Әрине бақыттысың! – деді кәрі терек, – түсіне білген жанға ел-жұрттың
алғысын алғаннан артық бақыт бола ма?
Достарыңызбен бөлісу: