Ақай қарт делбені тартып есекті тоқтатты. Сӛйтіп үшеуі
жылан мен
бозторғайдың арбасуын тамшалап біраз тұрды. Аздан соң шыр-пыр болған
бозторғай бірте-бірте бұл арадан ұзай бастады.
– Ата, жыландар бозторғайды қалай арбайды? –
деп сұрады Серік
атасынан.
– Жоқ, балам. Жаңа ӛздерің кӛрдіңдер, бозторғайды жылан арбап тұрған
жоқ,
қайта бозторғай жыланды арбап, ӛз ұясынан алысқа алып кетпекші.
Осы жақын маңда бозторғайдың ұясы болуы керек, мүмкін балапандары бар
шығар. Бұл байғұс бозторғайдың озбыр жыланды алдаусыратып, ұядан әрі
алып кету амалы ғой.
– Міне қызық! – деп Ерік ойланып қалды.
– Ата, ұяны тауып бозторғай балапандарын кӛрейікші, – деді Серік.
–Кӛрсеңдер кӛріңдер, –
деді Ақай қарт, – бірақ кӛп тұрмаймыз. Күн
қатты қызып кетпей, үйге қайтуымыз керек.
Екі бала арбадан секіріп түсіп, ұяны іздей бастады. Кӛп ӛтпей-ақ ұя
табылды. Бозторғай ұяны бір шоқ қурай мен жантақ аралас қалыңға салған
екен.
– Таптық, Ата! Ұяда бес жұмыртқа жатыр, – деді Серік дауыстап.
– Жұмыртқаға тимеңдер! – деді атасы. – Балапандар жұмыртқаны әлі
жарып шықпаған екен ғой. Қане кӛріп болсаңдар кеттік.
–Әне, кӛрдіңдер ме? – деді Ақай қарт арбада келе жатып. – Құс екеш
құс та балапандарын қалай қорғайды. Сӛйтіп жүріп кейде бұл байғұстардың
жыланға ӛздері опат болып қалатын кездері де аз болмайды.
Ана байғұс
18
әрқашанда осы. Сендер де бала деп жанын отқа да, суға да салып жүрген ана
қадірін
ешқашан ұмытпауларың керек, қарақтарым.
Ойланып қалған екі бала бастарын үнсіз изесіп, бір-біріне қарасты.
Достарыңызбен бөлісу: