– Ұлым, – дейді. – Егер қиналмасаң, маған су бер. Анау ӛзен арнасын
меннен бұрып алып кеткелі, мен су кӛрмегелі қашан. Ӛліп барам.
–Мақұл, – дейді бала. – Мен қазір-ақ қандырамын сені.
Сӛйтеді де, бақыршасын алып, ӛзенге жүгіреді. Жүгіріп отырып алмаға
су әкеп құяды. Содан күн батқанша алмаға су тасумен болады. Ақыры, күн
батып, алма әбден суға қанды-ау дегенде, жатып ұйықтайды.
Ертеңгісін тұрса, алма ағашы жайқалып, құлпырып тұр. Бала кӛңілденіп
тағы да жолға шығады. Бір күн жүреді, екі күн жүреді. Ақыры, жүре-жүре
бір биік таудың шегіне жетеді. Сӛйтсе, сол таудың баурайында ӛлесі ат жа-
тыр екен.
–Ей, азамат, бері бұрыла кет, – дейді ол. – Мен кӛптен ауырып жатырмын.
Қозғалуға шамам жоқ. Әбен шӛлдеп, қаталап біттім. Шӛпке де жете алатын
емеспін. Рақым етіп, маған су мен біраз шӛп тастап кет.
Бала «мақұл» деп, ӛзеннен бақыршамен су әкеліп береді. Құшақ-құшақ
шӛп жұлып, аттың алдына қояды. Содан тағы да алға жол тартады. Тау
сілемін кезіп ұзақ жүреді. Бірақ ешқандай ел кезікпейді. Енді не істедім деп
жүрген кезде, бір күні алдынан жарқыраған жота кӛрінеді. Жақын барса, бұл
алтын тау екен. Жер-жердің бәрі жайнап , жарқырап жатқан алтын кесектері.
Бала алтынды кӛтергенінше қапшыққа сап кері қайтады. Ұзақ жүріп, ақыры,
манағы ауру ат жатқан баурайға келеді. Келсе, ат шауып жүр.
Ауруынан
айығып, жер тарпып ойнақшиды. Баланы кӛріп:
11
–Рахмет саған, азамат! – дейді. – Сен мені ажалдан құтқардың. Менде
енді саған бір жақсылық етейін. Мін арқама.
Бала алтынды ӛңгеріп, атқа қонады. Содан кӛп жол тартып, арып-ашып
баяғы алма ағашына жетеді. Қараса, алма ағашы жайнап тұр. Бұталары
толған хош иісті қып-қызыл алмалар.
–Балам, жақсылығыңды ұмытпаймын, қалағаныңша ал, же, –
дейді
Алма.
Бала жылқы екеуі алмаға қарық болады. Жолға да алады. Сонымен
тағы да әлденеше күн жүріп, әбден сусадық дегенде, баяғы ӛзі аршыған
бұлаққа жетеді. Қараса айналаның бәрі кӛк құрақ. Бұлақ айдын суға айналған.
Мӛлдіреп, тап-таза боп ағып жатыр.
Бала рахаттана ішеді, жуынады. Кӛк
құраққа атын жаяды. Мұнда да біраз тыныққан соң, бала тағы ел қайдасың
деп атқа қонады. Ақыры, аман-есен еліне жетеді. Кӛп-кӛп алтын әкеледі.
Ат қоштасып, мекеніне қайтып кетеді. Баланы кӛріп, ата-анасы қуанады.
Алтынды кӛріп, елі қуанады. Алтынды елмен тең бӛлісіп, ырысқа кенеледі.
Ал бірақ мұны іші тар, кӛрсе қызар бір кӛршісі кӛре алмайды. Ол да
бір күні баласын азғырады. – Бар да сенде кӛп-кӛп алтын әкел! – дейді.
Бірақ оның баласы жатып ішер жалқау, тілазар еді. Күн жүреді, түн жүреді.
Шӛлді басып, әлденеше күн жүрген соң, ол да құрғауға айналған бір бұлаққа
кезігеді. Бұлақ:
– Ей, азамат. Мені арши кет, құрғап барам, – дейді.
–Құрғамақ түгілі, неге топырақ болып кетпейсің, – дейді жалқау сонда
бұлаққа. – Ӛзім әбден болдырып тұрмын. Тынығуым керек.
Сӛйтеді де ол жатып ұйықтайды.
Ол содан тағы да кӛп күн ӛткен соң, айдалада жалғыз ӛсіп тұрған алма
ағашының саясына келеді.
– Ұлым, шӛл қысып ӛліп тұрмын. Қиналмасаң анау ӛзеннен су құя кет
– дейді ағаш.
–Ӛлмесең әдірем қал. Ӛзім аяғымды зорға сүйретіп
кеп тұрмын,
тынығуым керек, – деп қисая кетеді жалқау.
Тынығып, ертесіне ол тағы да жолға шығады. Араға әлденеше күн са-
лып, жалқау ақыры тауға жетеді. Тау етегінде ӛлгелі жатқан атты кӛреді.
– Ей, қайырымды адам, мен ауырып қозғала алмай жатырмын, – дейді
ат. – Маған су мен шӛп беріп кет.
–Тапқан екенсің ақымақты, – дейді оған жалқау. – Жолсоқты боп ӛзім
де ӛлгелі тұрмын, тынығуым керек.
Ол сӛйтеді де біраз тынығып алып жолға шығады. Ақыры алтын тауды
табады. Қапшығына толтырып кӛп-кӛп алтын салады. Онысын әрең кӛтеріп,
кері қайтады. Бірнеше күн жүріп ӛліп-ӛшіп манағы ауру ат жатқан жерге
келсе, ат ӛліп қалыпты.
–Қап, әттеген-ай, мынаның да ӛле
қалуын қарашы, – деп, одан әрі
жүреді. Бірақ алтынды кӛтере алмай, жарымын тастап кетеді.
12
Одан тағы да кӛп күн ӛтіп, азып-тозып аштан ӛлуге таяп, баяғы алма
ағашына жетеді. Келсе алма ағашы қурап қалған. Қу бұталары сынып,
айдалада шашылып жатыр.
– Қап, мына ағаштың да қурай қалғанын қарашы, ең болмса жапырағын
сорып
талшық ететін, – дейді жалқау. Ақыры, қапшығын кӛтеріп жүре
алмайтын болған соң, бар алтынды сол жерге қалдырып, ӛзі
тағы да алға
ілбиді. Бірақ шӛлден ӛту мүмкін емес. Ақыры, арада ай ӛтті-ау дегенде,
еңбектеп, етпеттеп баяғы бұлаққа жетеді. Келсе, бұлақтың жұрнағы да
қалмаған, шаңы шығып жатыр.
–Қап, қап! – деген жалқау сол жерде ӛкінішпен жан тапсырыпты. Сӛйтіп,
оның кержалқаулығы мен тілазарлығы ӛзінің түбіне жетіпті.
Достарыңызбен бөлісу: