түсіп.
Бүгін кешқұрым малдар ӛрістен күндегіден ертелеу қайтып келе жатқан
еді.
Ауыл іргесіне таянғанда, бір топ бала доп қуып жатыр екен. Мұны
кӛрген Құтыршақ ойнақ салып оларға жетіп барып еді, балалар у-шу боп,
тым-тырақай жан-жаққа қашты.
– Әй, мынау қайтеді? Пышаққа ілінгісі кеп жүрме-ей, мынаның! – деп,
таяғын шошайтты бір кәрі шал.
–Қайт! – деп, енесі мӛңіреді.
Кімге тиісерін білмеген Құтыршақ қасында тұрған сары бұзауды шаңқ
еткізіп бір мүйіздеді де кері қайтты.
Сол-ақ екен, жәй келе жатқан паданың алдынан едіреңдеген екі ӛгізше
шыға келді де, бір-бірімен табан тіресіп тұра қалды. Ұрынарға қара таппай
тұрған құтыршаққа да осы керек. Оларға бір тұстан барып килікті де, екеуіне
екі соққы беріп, екеуін екі жаққа тырқырата қуды.
–Қой, ақымақ болма, – деді ала Сиыр оған қатқылдау мӛңіреп. – Ӛзге
жұртта ісің не? Қане қасыма кел!
Содан Құтыршақ біраз уақыт тып-тыныш енесінің қасында келе жатқан.
Кенет бір бүйірде у-шу боп топтанып тұрған бес-алты ересек баланы кӛрді.
Бәрі бір-бірімен сартта-сұрт сүзгілесіп жатқан екі жас қошқарды тамашалап
тұр екен. Мұндайды кӛрген Құтыршақ қалай шыдап тұра алсын.
Бірер
ойқастап қастарына жетіп барды да, келе жас қошқардың бірін мүйізімен
бір қағып жалпасынан түсірді. Одан соң кейін қарай шегіне түскен екінші
қошқарды межеге ап, пысқырынып,
басын тұқырта беріп еді, жас қошқар
оқша атылып кеп басымен қақ маңдайдан оңдырмай соққы берді. Мұндай
соққыны күтпеген Құтыршақ ес-түссіз омақаса құлап түсті.
–Ӛлді...ӛлді! – деп, балалар шуласты.
Үдере жүгірген кӛппен бірге ала Сиыр да сүзеген тентегіне қарай бармақ
еді, бірақ адамдар жолатпады. Адамдар ала Сиырды қуып;
– Әй, мына сүзеген пәле шынымен-ақ ӛлген бе? – деп, Құтыршақты ары-
бері қозғата бастады. Құтыршақ біраздан соң барып басын кӛтерді. Айналаға
үрейлене
бір қарап, тұрмақ болып ұмтылып еді, тұра алмады.
Ақыры
жиналған жұрт қаумалап тұрғызды да; –
Бар сотқар неме, енеңе бар. Бұл
енді ӛзіңе де жақсы сабақ болған шығар – деп, жон арқадан жас шыбықпен
тартып-тартып жіберді. Қайқаң ете түскен Құтыршақ тәлтіректеп енесінің
қасына келді.
–Әне, тентегім кӛрдің бе? Бұл әлемде сенен де асқан мықтылар кӛп, абай
бол, – дегендей енесі мойнын созып бір мӛңіреп алды да, Құтыршағының
үсті басын емірене жалай бастады.
14