Бердібек соқПАҚбаев



бет23/51
Дата09.04.2022
өлшемі280.24 Kb.
#456635
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51
Balalyk\' shak\'k\'a saiakhat - Bierdibiek Sok\'pak\'baiev

Концерт




Қазір мен екінші кластамын. Сауатым ашылып, өздігімнен оқуға, жазуға жарап қалған кезім. Әліп­педегі бүкіл өлең, әңгімелерді жатқа білем. Өйткені одан басқа ермек етіп оқитын кітап жоқ. Күндіз-түні айналдыратыным сол бір кітап.
Тышқан мен мысық жөніндегі әңгіме күні бүгінге дейін есімнен кетпейді. Кітаптағы суреті көз алдымда. Мысық тышқанды қуып береді. Тышқан қашып береді. Менің бәтеңкем секілді тұмсығы ырсиған жыртық бә­теңке кездеседі. Тышқан бәтеңкенің қонышынан кіріп, тұмсығынан шығады. Мысық та қуа кірмек болғанда, басы бәтеңкеге кептеліп шыға алмай қалды. Әңгіме мазмұны осы.
Маған бұл әңгіме өте ұнайды. Кішкентай әлсіз тыш­қанның айлакерлігіне сүйсініп, аман қалғанына қуанамын. Ақымақ болған мысыққа күлемін. Өзімді айлакер­ тышқанға, Жанбосынды дөрекі мысықка теңеймін.
Сағатбай ақындық өнерден де қара жаяу емес. Бір күні масақ теруге барған едік. Айша дейтін ересек қыз ауырдым деп, жұмыс істемей, үйге қайтып кетті. Сонда Сағатбай әлгіні былай деп өлең еткен еді:
Масақтан Айша қашты үйге таман.
Кетіпті іші ауырып өте жаман.
Орындап нормамызды топ оқушы
Есен-сау үйімізге қайттық аман.
Жазылуы олақ болғанымен бұл тәрізді әзіл өлеңдер­ ауыздан-ауызға тарап кеткіш, сыналып отырған адамға­ әсер еткіш болады.
Әліппедегі өлеңдерге және ұстазым Сағатбайға елік­теп мен-дағы өлең жазуға құмартам.
Октябрь мерекесінің құрметіне біз алдын ала да­йындалып, колхозшыларға концерт қойып бердік. Сол кеш менің есімнен еш уақытта кетпейді.
Жаман мектептің іші өзінше тап-таза болып сыпырылған. Темір пеште ерекше жомарттықпен маздап жанған от. Үй іші жылы. Екі жерден шишалы ондық шам қойылған. Шаршылау келген кластың терезе жағы шымылдықпен бөлініп, сахна жасалған.
Ұмытпасам, сары шымылдық.
Осының бәрін ұйымдастырып, әлекке түсіп жүрген адам Сағатбай.
Концертке қатысушының бірі менмін. Өнерім – тақпақ айту. Біз, «артистер», жұрт жиналмастан бұрынырақ келгенбіз. Жүрегім қуаныштан кеудеме сыймайды. Дәл мұндай салтанатты көңілді кешті өмірі көрген емес­пін. Қолтығымнан қанат біткендей өзімді-өзім ­қо­ярға жер таппаймын. Әлсін-әлсін шымылдықтың сыртына жүгіріп шығам, қанша адам жиналғанын қараймын.­
Концертке Майра да қатысады, ән айтады. О, сіз Майраның ән салғанын көрсеңіз! Майраның дауысындай әсем дауыс қыздардың біреуінде жоқ.
Менің бір байқаған нәрсем, табиғат өзінің сүйкімді етіп жаратқан пендесін өнерден еш уақытта да құр тас­тамайды. Бір өнерді оның кеудесіне қалай да құйып, бірге жаратады. Кейде тіпті сүйкімді сұлу адамға оның тән сұлулығы аздық ететіндей үйіп-төгіп, бәрін береді.
Өзі сұлу болып, өзі ақымақ болған пендені мен сірә, көрмеген тәріздімін. Сол секілді ақылды, талантты адам­дардың өңсіз, дөрекі жаралуы және сирек.
Қалай десеңіз де, нені неменеге орауды білген жара­тылыс. Майрада, менің Майрамда, бәрі бар: ақыл да, та­лант та бар. Сұлулығы өз алдына, бүгінгідей өмірде сирек кездесетін әдемі кеште Майра тіптен әдемі. Ол өзінің ең жаңа, ең қонымды киімдерім киіп келген. Бұ­рымдарының ұшына жібек лента таққан. Аяғында қардай аппақ, ақ пима. Өзі де аппақ, маржандай тісі де аппақ.
Майраның тал бойында ине жасуындай бір мін болса, ол оның мұрнында. Мұрны сәл тампыштау. Бірақ ол да мін емес. Қазақ жақсы көрген баласын тампышым демей ме? Томпаң қаққан Майраға кішкене тампыш мұрын, қайта, жарасатын тәрізді. Күлімдеген кезде әдемі танаулары делдиіп, қоса күлімдегендей болады. Міне, міне, дәл осы кезде екі бетінің ұшында әсем бір томпақшалар орнай қалады. О, Майраның кісіге көзқарасы қандай! Ол жақсы көрсін, жаман көрсін, бір ғана рет қараған көзқарасымен білдіреді. Айтарының бәрін де сонымен айтып салғандай болады. Кеще болмасаң, ұғасың, түсінесің.
Сөйтіп, мен концерттің басталуын күтіп, өзімді қо­ярға жер таба алмай жүрмін.
Жиналған адам саны қанша болғанын байқамаққа тағы да шымылдықтың сыртына жүгіріп шықтым. Дәл осы арада бетпе-бет Майра ұшырасып қалсын. Ол-дағы көбелектей ұшып-қонып, тыным таппай жүргеннің бі­реуі. Мен Майраның білегінен қалай шап беріп, ұстай алғанымды өзім де байқамай қалдым. Ол кілт тоқтады. Не айтасың дегендей күтіп тұр. Жүр бері деген кісіше жетелей жөнелдім. Майрада қарсылық жоқ, ілесіп бер­ді. Кластың бүйір қабырғасының орта тұсында бір кісі­лік бұлтық қуыс бар. Құпия бірдеңе айтатын адамша Майраны сол қуысқа ертіп келдім. Бірақ келіп алып, мел­шиіп үнсіз тұрмын, ештеңе айта алмай тұрған сөзімді естіп білгенше ынтық болады.
Кейін айтам, – дедім де, қаша жөнелдім.
Соңымнан Майра жүгіріп келеді.
Кейін не айтпақ болғанымды өзім де білмеймін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет