Бернияз Күлеевтің ақындық әлемі



бет3/3
Дата10.06.2016
өлшемі237.5 Kb.
#126417
1   2   3

Қорытынды

Сайып келгенде дарынды талант иесі, асқақ жырлы Б.Күлеев қазақ өлеңінде өзіндік орны, өзіндік биігі бар ақын. Аз ғана ғұмырында құнары мол құнды дүниелер жазып, ұрпағына өшпес өнеге етті.

Нәзік лиризм мен сентиментализмге құрылған жыр шумақтары оқырманды сезім әлеміне жетелей жөнеледі.

Бернияз Күлеевтің ақындық мұрасын талдау барысында біз оның өлеңдерінің философиялық астарға бай екенін, ақындық шеберлігін, сондай-ақ ұлы Абай үлгісіндегі ақын екендігіне көз жеткіздік. Ең бастысы - оның қазақ поэзиясына әкелген жаңалығы, қосқан үлесі. Бұл тұрғыдан да Бернияз өзіндік қырынан көрінеді.

Ол - символист ақын. Қазақ символизмінде Мағжанмен қатар тұрған. Бернияздың поэзиясы да сын көтерерлік дәрежеде. Өкініштісі - екі талантты жас, бірі аға, бірі іні ақын; Мағжанның есімі, өлеңі әрбір қазаққа етене таныс, жүрегінде сақтаулы, көкейінде жаттаулы. Ал Бернияз... Бернияз ше? Жиырма жастағы жас буынның бойына біткен даралық қасиеті, ақындық шеберлікті әлі күнге ешкім дұрыс бағалай алмай келеді. Шығармалары әлі күнге дейін кереғар пікірлерге толы. Кейбір зерттеушілер Бернияз өлеңдерінде тарығу, зарығу, мұң басым, оны ақын ретінде тану қиын дегендей пікірлер танытуда. Бұған Бернияз айыпты ма?! Заман солай болды емес пе?! Біз Бернияз өлеңдерінің бәрі мұндай сарында деп айта алмаймыз. Өйткені, оның жалынды жырлары бұл пікірлерге кереғар келеді.

Дәл жиырмаға келмеген,

Өмір түрін көрмеген,

Алысқа қол сермеген

Жас майысқан баламын.

Жан жайнатқан жастықтың,

Қан қыздырған мастықтың

Содыр-соқпақ тастықтың

Жолыменен барамын.

Жасымаймын жаспын деп,

Таспаймын да баспын деп.

Тек тілеймін ассын деп,

Таумен талас талабым.
Міне, қандай жыр! «Мен» деп аталатын бұл өлеңі Бернияздың мықты бейнесі мен тұлғалық қасиетін, арман-мақсатын көрсетіп тұр. Осыдан кейін айтып көріңізші оны пессимист деп!

XX ғасырдың басындағы қазақ поэзиясының көгінде көрінген, көңіл-күй лирикасының үлкен шебері болған Б.Күлеевтің мұрасы бүгінде аса зерттеуді қажет етеді.

«Өзім» деймін, өзгелерді көрмеймін,

Өзімсіздік «ай, бауырымға көнбеймін.

Өзім патша, өзім төре, өзім хан,

Өз ойымды сан сабазға бермеймін,

-деп келетін үзіндіден біз нағыз ақынға тән қасиетті көреміз.

Бернияз Абайды ұстаз тұтқан. Абай енгізген «сегізаяқ» өлең өлшемін жалғастырушы ақын шәкірті. Абай жырлаған жүрек мәселесін Бернияз да өз өлеңдерінде өте шебер қолданды. Сондықтан мұндай таланты бар дарын иесінің туындыларын біз жоққа шығармай, керісінше, келешекте әдеби еңбек, оқулықтарда ақынның есімі кеңінен аталып, сырға толы жырлары өз оқырманын тапса деген ниеттеміз.

Қалай болған күнде де ақын Бернияз Күлеев аса дарында, біртуар ұлы түлға. Өкініштісі «бәйтеректей бой түзеп келе жатқанда кенет морт етіп үзіліп кетті. Өзі өмірден өткенмен:

Өмірім өтсін, үнім өшсін, мейілі,

Мәңгі солмас гүлім менің - жыр қалар,

- деп өшпес ізін, солмас гүлі - жырларын мирас етіп қалдырды. Дәл осылай өлмейтін артында сөз қалдырған жас жанды өлді деуге сыймайды. Сол «гүлін» кезінде суарып, қуратпай қарап-бағу біздің еншімізде. Ал бізге тағарсын - 1999 жылы Бернияз Күлеев 100 жасқа толды. Өкінішке орай атаусыз қалды. Сондықтан бұл жайттар келесіде ерте болар деген үміттеміз.


Сілтеме көрсетілген әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы.Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы.Астана, 2006жыл, 1 наурыз // Егемен Қазақстан, № 52.

2. Жұлдыз журналы. Алматы, 2003. 10.

3. Ахмедов Ғ..Бернияздың өлімі туралы бірер сөз.//Қазақ әдебиеті газеті 1999. №28

4. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. Алматы., 1986.

5. Жәмбеков С. Б.Күлеевтің ақындық мұрасы. Автореферат.

6. Дүйсенбаев Ы. Эпос және ақындар мұрасы. Алматы., 1987.

7. Әбдірашев Жарасқан. Парыз. Парасат. Пайым. Алматы., 2001.

8. Нұрқатов А. Жалғасқан дәстүр. Алматы., 1980

9. Қазақ әдебиетінің тарихы. 2-том. Алматы, 1965

10. Дербісәлин Ә. Дәстүр мен жаңашылдық. Алматы., 1976.

11. Майтанов Б.Сөз сыны.Алматы, 19

12. Шәріп А.Қазақ символизмі. Мағжан мен Бернияз.//Қазақ әдебтеті газеті. 2000, 7-қаңтар.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. І-ІІ том. Алматы, 1986

2. «Ақжол» газеті. 1923. 23 ақпан.

3. Әбдірашев Ж. Парыз. Парасат. Пайым. Алматы, 2001

4. Дербісалин Ә. Дәстүр мен жаңашылдық. Алматы, 1976.

5. Дүйсенбаев Ы. Эпос және ақындар мүрасы. Алматы, 1987.

6. Дүйсенбаев Ы. Қазақ әдебиеті тарихынан очерктер. Алматы, 1970.

7. Екі мыңдық дала жыры (жинақ). Алматы, 2000.

8. «Еңбекші қазақ» газеті. 1927. №15-16.

9. Жәмбеков С. Б.Күлеевтің ақындық мұрасы. Автореферат. Алматы, 1997.

10. Жұлдыз журналы. Алматы, 2003, 10.

11. Жұмабаев М. Шығармалар жинағы. Алматы, 1989.

12. Кәкішев Т. Садақ (эссе) Алматы., 1986.

13. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. Алматы, 1986.

14. Күлеев Б. Таңдамалы шығармалары. Алматы, 2000.

15. Қабдолов 3. Сөз өнері. Алматы, 2000

16. Қазақ поэзиясының антологиясы. (XX ғасырдың бас кезі). Алматы, 1993.

17. Қазақ әдебиетінің тарихы. II том. 2 кітап. Алматы, 1965.

18. Қазақ Совет әдебиеті. Алматы, 1971.

19. Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. Алматы, 1999.

20. Қазақ әдебиеті газеті. Алматы, 1999. №30

21. Қазақ әдебиеті газеті.Алматы, 1999, № 28.

22. Қазақ әдебиеті газеті.Алматы, 2000, 7 қаңтар.

23. Қазақ тілі мен әдебиеті.Алматы, 1997.

24.Қазақ ССР Ғылыми Академиясының хабарлары. Алматы, 1988. №2.

25. Майтанов Б. Сөз сыны. Алматы,.

26. Мұқанов С. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. Алматы, 1932.

27.Нұрқатов А. Жалғасқан дәстүр. Алматы, 1980.

28. «Тілші» газеті. 1928. 20 наурыз.

29. XX ғасырдың басындағы ақындар шығармаларының жинағы. Алматы, 1963.

30. XX ғасырдың басындағы әдебиет. Хрестоматия. Алматы, 2000.

31. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Астана, 2006 жыл, 1 наурыз//Егемен Қазақстан,№52.



Резюме
В работе рассматривается и делается анализ мастерства, таланта Б.Кулеева. Дипломная работа состоит из 3 разделов. Это раскрывает сложность темы. 1 раздел называется "Поэтический мир Б.Кулеева" и даётся анализ поэтического мастерства автора. 2 раздел называется "Бернияз-поэт как образец Абая". Здесь говорится, что Бернияз является продолжателем школы Абая. 3 разделе рассматривается художественная особенность, языковое мастерство, и своеобразный стиль поэта.
Symmary
In this diploma work poetical mastery of B.Kuleev is considered and analyzed. Diploma work consists of 3 chapters. It presents the difficulty of the theme . First chapter is called "Poetical world of B.Kuleev "and is given poetical mastery of the autor. Sekond chapter is called "Bernyaz is a poet as a model of Abay". Here Bernyaz is the person who continious of Abays scool. In the third cyapter literatural pecualiaarity, language mastery and special style of the poet are considered.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет