Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, тест сұрақтарына жауап беріңіз. Рухани мұрамыз туралы не білесің?
«Ұлы Жібек жолы» - Қазақстан жері арқылы өткен сауда-саттық жолы. Қазақстанның ортағасырлық қалаларында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде археологтер Қытай мен Византия, Иран мен Үндістан елдерінде соғылған теңгелер мен ділдаларды тапқан.Алматы қаласының маңындағы Талхир қаласының орнын қазған кезде Иранда жасалған қола табақ, қытай фарфоры мен жапонның фаянс тостағының сынығы және т.б бұйымдар табылған. «Ұлы Жібек жолының» бойымен саудагерлер Ферғананың әйгілі тұлпарларын, түйе, пілдермен қатар барқыт, жібек, мақпал, торғын маталарды, киім-кешектә және т.б. бағалы тауарларды сату үшін алып өткен. Осы жол арқылы қант, жүзім, шабдалы, қауын сияқты жеміс-жидек те саудаланған.
Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз
(1,2,3)
Мәтіндегі ақпараттар
|
Реті
|
Алматы қаласының маңында бұйымдар табылған
|
|
Осы жол арқылы жеміс-жидек те саудаланған.
|
|
«Ұлы Жібек жолы» - Қазақстан жері арқылы өткен
|
|
Қазақстанның ортағасырлық қалаларында не тапқан? А. қола бұйымдар
В. ескерткіштер
С. теңгелер, ділдалар Д. тастар
Мәтінге тақырып қойыңыздар А.Қазақстан Республикасы
В. Алматы қаласының тарихы С. Ұлы Жібек жолы
Д. Көне ескерткіштер
Достарыңызбен бөлісу: |