Берілген тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңыз.(90-100сөз)
Эссе тақырыптары.
Түркістан – тарихи қала
Менің сүйікті қалам
Алматы қаласы
Айтылым
Тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру (6-8 сөйлем).
Тірек сөздер: Өскемен, Ертіс,Үлбі өзені, Бәйтерек, табиғаты, ғимарат
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар
6-СЫНЫП ІІ НҰСҚА 8-бөлім. Болашақтың мамандықтары. А.Машановтың «Жер астына саяхат» шығармасы бойынша.
Тыңдалым.
Мәтінді мұқият тыңдап, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.
-Табиғатқа қараңдаршы! Табиғатта зор жаратылған алып көп. «Зор», - десең, кит, «күшті», - десең, піл бар. «Батыл», - десең, жолбарыс, «мықты», - десең, арыстан тұр.
Бізді қоршаған дүние – қайнап жатқан мүхит. Жел соғып, дауыл көтеріледі. Теңіз толқып, аспанға атылады. Найзағай аспанды күркіретеді. Табиғаттың тағы басқа да толып жатқан зор, өлшеусіз мықты, мейірімсіз күштері көп. Бұл керемет күштерге адам қалай қарсы келмек?
Ертедегі адамдар табиғаттың сырын үйренуді армандады. Оны тану үшін зерттеу жүргізді, керегін алу үшін еңбек етті. Еңбегін жеңілдету үшін еңбек құралдарын ойлап тапты. Міне, адамның кәсіпке, мамандыққа бейімделуі содан басталды.
Жаратылыстың әлі бізге ашпаған сыры өте көп. Біз бар мумкіндігімізді әртурлі салада дамытуымыз керек. Бул — білімді, білікті, жақсы маман болуды талап етеді.
Табиғаттың өзі ұлы, онын сырын тапқан адам одан да ұлы, - деді Табиғатқұмарлар үйірмесінін жетекшісі - Хасен мұғалім.
А. Машанов
Достарыңызбен бөлісу: |