Айтылым. Сөйлем ішіндегі сөз екпінін ескере отырып, «Уақыттың қадірі» туралы айтып бер.
Оқылым. Берілген мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың. Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы», - деп ұйықтамақ болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынығып алсыншы деп, бір сағаттан кейін оятады. Тұра сала ғалым жалма-жан сағатқа қарайды. Жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне өте ренжиді, «Жарты сағат уақытымды қайтарып беріңіз!» деген екен. Сол сияқты
«Ұрланған заттың орнын басқа затпен толтыруға болады, ал ұрланған уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың» деген екен немістің ұлы ақыны Гете.
тапсырма. Мәтінде қандай дерек айтылғанын анықта.
тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша өз ойыңды «Төрт сөйлем» әдісімен жаз. Пікір Дәлел МысалҚорытынды
Жазылым. Тапсырмаларды орында.
тапсырма. «Пікірлер картасын» толтыр (+).
Пікірлер
Толықтай келісемін
Жартылай келісемін
Мүлдем келіспеймін
Уақытты орынды пайдалану да – өнер.
Мектептегі сабақтар мен үй тапсырмасына көп
уақыт кетеді.