Бесінші аналитикалыќ топќа сілтімен т±нбаѓа т‰сетін Mg2+, Mn2+, Fe2+, FeJ+ катиондары ќ±райды



бет2/64
Дата01.02.2022
өлшемі2.18 Mb.
#455019
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Аналитикалық химия методичка

1 ЗЕРТХАНАДА ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Зертханада жұмыс істеу ережелері

Химиялық анализді дұрыс жүргіз үшін зертханалық жұмыстарды орындау ережесін сақтау қажет. Студенттер зертханалық жұмыстарды орындаған кезде техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай білу керек.

1) Жұмыс істейтін орынды таза ұқыпты ұстау, кездейсоқ төгілген сұйықтықты тез сүрту керек.

2) Жұмыс істейтін орында бөгде заттар жатпау керек, жұмысқа қажетті ыдыстар, аналитикалық химия оқулығы, зертханалық жұмысты рәсімдеу дәптері жату қажет. Зертханалық жұмысқа арналған құрал жабдықтар және реагенттер белгілі ретпен орналастырылады.

3) Реактивтердің ластанбауын қадағалап отыру қажет: шыны ыдыстардың тығындары үстелге жоғарғы бетімен қойылады, шыны құтыларды ұзақ уақыт ашық қалдыруға болмайды, еш уақытта басқа құтының тығынымен жаппау керек, егер шыны құтыдан құйылып алынған реагент толығымен жұмсалмаса, оны қайтадан сол құтыға құюға болмайды.

4) Зертханалық жұмыс кезінде қолданылған (сүзгіш қағаздарды, тұнбаларды, шағылған шыныны, қағаз қиындыларын, шырпыларды және т.б.су құбыры раковиналарына лақтырмай) арнайы орындарға салу керек.

5) Концентрленген қышқылдар, сілтілер және улы заттарды қолданғанда

жағымсыз иісті газдар мен түтіннің бөлінуі арқылы жүретін реакцияларды тартпа шкафының ішінде және қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы жүргізу қажет.

6) Тәжірибелік жұмысты орындамас бұрын жұмыстың мазмұнын әдістемелік нұсқаудан, жұмыстың есебін рәсімдеуге арналған дәптеріне қысқа және нақты жазылуы қажет. Анализдің мақсаты, бастапқы заттың атауы, қолданылатын реактивтің атауы, реакция теңдеуі, оның сыртқы көрінерлік эффекті-тұнба, түсі, сипаты (кристалды немесе аморфты), суда, қышқыл мен сілтілерде ерігіштігі, ерітіндінің түсінің өзгерісі, бөлінетін газдардың түсі мен иісі.

7) Реагенттік құты сыртындағы заттың формуласын дұрыс оқу қажет, реактивтердің минимальды мөлшерін алу және жартылай микроәдісте 3-5 тамшыдан артық болмау қажет, тұнбаны тәжірибеден кейін қалдырмай, оны сол мезетте-ақ ерітіп, ыдысты жуады.

8) Анализ барысында тұнбасы немесе ерітіндісі бар ыдысты аз мерзімге міндетті түрде қалдыру керек болса, оларға айқын жазылған қағазын жапсырып қою керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет