Бесінші аналитикалыќ топќа сілтімен т±нбаѓа т‰сетін Mg2+, Mn2+, Fe2+, FeJ+ катиондары ќ±райды


Химия зертханасындағы техника қауіпсіздігі



бет3/64
Дата01.02.2022
өлшемі2.18 Mb.
#455019
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Аналитикалық химия методичка

1.2 Химия зертханасындағы техника қауіпсіздігі
Химиялық зертханада техника қауіпсіздігі сақталу қажет.

1) Алғашқы көмек көрсету үшін зертханда дәрі-дәрмек қобдишасында мынадай дәрі-дәрмектер болуы керек:

3% иодтың спирттегі ерітіндісі;

стерилденген мақта, жалпақ және жіңішке дәкелер, резеңке бұрау (жгут);

2% бор қышқылы ерітіндісі;

1% сірке қышқылы ерітіндісі;

2% натрий гидрокарбонаты ерітіндісі;

10% темір (ΙΙΙ) хлориді ерітіндісі;

5% калий перманганатының ерітіндісі, мүсәтір спирті, вазелин, валерин тамшылары, пластырь.

2) Уланудан сақтану және күйіктен сақтану

Улы газдар бөлінетін тәжірибелерді тартпа шкафында өткізу керек, жұмыс істеп болған соң қолды мұқият жуу керек, жұмыс орнында тамақтануға тыйым салынады. Газдың иісін арнайы ережемен анықтаймыз: реактивтердің дәмін көруге рұқсат етілмейді, химиялық реактивтердің неғұрлым аз мөлшерін пайдалану керек, олармен улану мүмкіндігін аз болады.

Күйік термиялық және химиялық болады. Күйік алғанда дәкені жаңа дайындалған 5% калий перманганаты ерітіндісіне немесе 96% этил спиртіне малып, күйген жерге тартады.

Қышқыл және сілтілердің концентрлі ерітінділері оңай жазылмайтын жаралар туғызады. Концентрлі қышқыл ерітінділері қолға, бетке, киімге тиген кезде оны құбыр астындағы судың көп мөлшерімен 10-15 минут ішінде шайып, содан соң 3% сода ерітіндісімен өңдеу керек. Қышқыл төгілген кезде үстіне құм сеуіп, сыпырып, ал төгілген жерді сода ерітіндісімен жуу керек.

Сілті ерітіндісі тиген жерді 2% бор қышқылы немесе 1%-сірке қышқылы ерітіндісімен, содан кейін сумен жуу керек.

Қышқыл немесе сілті ерітінділерінің көзге тиюі өте қауіпті. Бұл жағдайда жуғыштағы сумен жуып, артынан дәрігерге қаралу қажет

Дайындалған концентрлі ерітіндіні біраз тұрғызып, суыту керек. Концентрлі сілті және қышқыл ерітінділерімен де сақтықпен жұмыс істеу керек. Сілтінің кесектерін қолмен алуға болмайды, тек қана қышқышпен алу керек. Калий, натрий гидроксидін суда еріткенде жылу бөлінетіндіктен ерітуді шыны ыдыста жүргізу керек.

3) Шынымен жұмыс істеу

Шыны ыдыстармен, шыны түтіктермен жұмыс істегенде және жабдықтар жинау барысында қолды жарақаттап алу мүмкін. Бұл жағдайда жараны жақсылап қарап (шыны үгінділерін алып), сумен жуып, 5%-иодтың спирт ерітіндісін жағып дәкемен таңу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет